ТӨлем карточкасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шарты осы Қосылу шарты (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі»



жүктеу 278.34 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі278.34 Kb.



ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ ҚОСЫЛУ ШАРТЫ
Осы Қосылу шарты (бұдан әрі – Шарт) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) мен Клиент (жеке кәсіпкер болып табылмайтын, Шартқа қосылу туралы өтініш берген жеке тұлға) арасында бекітілді.

Банк пен Клиент бұдан әрі бірлесіп – «Тараптар» деп, ал әрқайсысы жекелей «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталуы мүмкін.




  1. Терминдер сөздігі

Шартта қолданылатын терминдер Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын Карточканы пайдалану ережесінде (бұдан әрі – Ереже) қолданылатын терминдерге сәйкес келеді. Клиент олармен танысады және Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын өтінішке қол қою арқылы келіседі.




  1. Шарттың мәні




  1. Шарттың талаптары мен тәртібіне сәйкес Банк Клиентке карточкалар базасындағы ағымдағы шот ашады (бұдан әрі – Шот) және Клиентке карточка шығарады және береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Шартқа және Банктің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже мен Банктің ішкі ережелеріне сәйкес Шот пен карточка бойынша банктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

  2. Клиент карточканы Ережеге және Шартқа сәйкес қабылдап алуға және пайдалануға, Шотқа, карточкаларға қызмет көрсету бойынша Банктің қызметтерін төлем жүргізілетін күнгі қолданыстағы Тарифтерге сәйкес уақытында ақы төлеуге міндеттенеді.

  3. Клиент төлем карточкасын шығару туралы өтінішке өзінің қолын қою арқылы Шартқа қосылады. Клиенттің төлем карточкасын шығару туралы өтінішін Банктің қабылдауы Клиенттің Шартқа қосылғандығын білдіреді.

  4. Егер Клиентке Банк пен Клиент арасында бұрынырақ бекітілген, осы Шарт болып табылмайтын шарттың негізінде карточка ауыстырылатын болса, онда Клиент карточканы ауыстыруға өтінішке қол қою кезінде бұрынырақта бекітілген шарттың Шартқа сәйкес жаңа редакцияда берілгендігімен және Шарт талаптарының карточканы бастапқы шығарған күні туындаған Тараптардың қарым-қатынастарына қолданылатындығымен келіседі.

  5. Клиенттің қалауы бойынша оның өтініші негізінде Банк Клиенттің өтінішінде көрсетілген тұлғаның /тұлғалардың атына қосымша карточка (-лар) шығаруы мүмкін. Мұндай тұлға немесе тұлғалар қосымша карточканы ұстаушы (-лар) болып табылады. Клиент пен қосымша карточка ұстаушы Шарт талаптарының орындалуы үшін Банк алдында бірлескен жауапкершілік арқалайды.

  6. Карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шотты жүргізу:

2.6.1. Карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шот бойынша Банк мынадай операцияларды іске асырады және оған қызмет көрсетумен байланысты банктік қызметтерді көрсетеді:

- Клиентке карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шоттан қолма-қол ақша береді немесе карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шоттан ақшаны Клиенттің төлем тапсырмалары бойынша Банкте ашылған оның ағымдағы шотына /карточкалар базасындағы ағымдағы шотына аударады;

- карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шотқа тек мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақы сомасы және /немесе әлеуметтік сақтандыру бойынша Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді ғана есепке алады. Клиенттің Банкте ашылған және басқа банктерде ашылған шоттарынан аударатын ақшасын, сондай-ақ Клиенттің пайдасына басқа тұлғалар аударатын, мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақы сомасы және (немесе) әлеуметтік сақтандыру бойынша Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлем сомасы болып табылмайтын ақшаны Банк карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шотқа есепке алмайды (қабылдамайды) және ақшадан бас тартып, жөнелтушіге кері қайтарады.

Карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шоттан шығыс операцияларын үшінші тұлғалар тек Клиенттің атынан берілген, нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде ғана жүргізе алады, сондай-ақ бұл операцияны қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіппен, Клиенттің заңды өкілдері, қамқоршылары және асырап алушылары да жүзеге асыра алады.



2.6.2. Осы тармақтың 2.6.1. тармақшасында айтылмаған басқа операциялардың барлығына тыйым салынған.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  1. Клиенттің құқықтары:

  1. карточканы Ереже мен Шарт талаптарына сәйкес пайдалану;

  2. Шот бойынша үзінділер алып отыру;

  3. Ереже мен Шартта қарастырылған тәртіпке сәйкес карточканы оқшаулау /карточкадан оқшаулауды алып тастау туралы Банкке ауызша және/немесе жазбаша өтінішпен бару;

  4. сыйақы негізінде (Тарифтерге сәйкес) Шот бойынша түрлі Төлем карточкалары жүйелерінің карточкаларын ресімдеу;

  5. карточканың қолданылу мерзімі аяқталғанда Банкке оны ауыстыруға өтініш жасау;

  6. Шот бойынша орындалмаған талаптар болмаған жағдайда қозғалыссыз Шоттар қатарына жатқызылған Шоттағы ақша қалдығының сомасын талап ету;

  7. Ереже мен Шартта қарастырылған талаптар негізінде «Телебанкинг» жүйесінің қызметін пайдалану;

  8. «Телебанкинг» жүйесінде парольді ауыстыруды шектеусіз жүргізу;

  9. Виртуалды карточка бойынша – Шот бойынша операция жүргізілген күннен бастап 40 (қырық) күнтізбелік күннен кешіктірмей Интернет жүйесінде жасалған және үзіндіде көрсетілген операциялардың 5-і (бесеуі) бойынша дауласу (үзіндіде көрсетілген операциялар бойынша аталған мерзім ішінде Банкке жазбаша кінәрат қойылмаған жағдайда бұлар расталған болып есептеледі және одан әрі шағымдануға жатпайды). Көрсетілген нормадан тыс операциялар бойынша кінәрат талаптарын Банк Виртуалды карточканы жоғалту /ұрлану себебіне байланысты ауыстырылған жағдайда ғана қарастыруға қабылдайды.

  10. Банкті жазбаша хабардар ете отырып, белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі карточкалық операциялардың жекелеген түрлеріне және карточка бойынша қол жетімді ең жоғары сомаға шектеулер қою;

  11. Банкке Клиенттің карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шотынан ақшаны тек Банкте ашылған ағымдағы шотына / карточкалар базасындағы ағымдағы шотына ғана аударуға ұзақ мерзімді тапсырма беру;

  12. «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтерін Ережеде және Шартта қарастырылған талаптарға сәйкес пайдалану;

  13. «Интернет-Банкинг» жүйесінің қызметтерін пайдаланудан бас тарту.




  1. Клиенттің міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасының, Шарттың және Ереженің талаптарын орындау;

  2. карточка көмегімен жүргізілген, карточка ұстаушының қолымен немесе ДСН-кодын теру арқылы куәландырылған операциялар бойынша және /немесе Интернет желісінде тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу кезінде 3D Secure/SecureCode паролін дұрыс теру және/немесе CVV2-кодын немесе CVC2-кодын көрсету арқылы толық көлемде есеп айырысу;

  3. Банк қызметтері үшін төлем жүргізілетін күнгі қолданыстағы Тарифтерге сәйкес ақы төлеу;

  4. карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда Ережеде қарастырылған тәртіпке сәйкес карточканы оқшаулау туралы ауызша немесе жазбаша өтініш жасап, Банкпен дереу хабарласу;

  5. карточканың сақталуын қамтамасыз ету;

  6. өз деректемелерінің (Т.А.Ә., тұратын жерінің мекен-жайы және т.б.) өзгергені туралы Банкке 5 (бес) банктік күн ішінде жазбаша хабардар ету. Егер Клиент Шарттың 3.3. тармағының 3.3.19. тармақшасына сәйкес сұратуды байланыстың ашық арналары бойынша жасаған болса, Шот бойынша ақпарат алу үшін пайдаланылатын деректемелердің өзгертілгені туралы Банкті дереу хабардар етуге міндетті;

  7. Банктен тиісті жазбаша хабарламаны немесе SMS-хабарламасын алғаннан кейін карточкалар бойынша алаяқтық операциялардың алдын алу мақсатында карточканы пайдалануды тоқтату;

  8. Шотқа қате есептелген ақшаны, сондай-ақ Шотты дұрыс жүргізбеген кезде Шотқа есептелген ақшаны Банкке дереу және толық көлемде қайтару;

  9. салық органдарымен есеп айырысудың барлығын өздігімен дербес жүргізу;

  10. карточканы кәсіпкерлік мақсатта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған басқа да заңсыз мақсаттарда, оның ішінде тауарларға, жұмыстарға және/немесе қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланбау;

  11. Шартты бекіткен кезде клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға жататындығы туралы ақпарат беру;

  12. Шот бойынша соңғы операцияны жүргізген күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік айдан астам уақыт бойы Шотта ақша болмаған жағдайда және Карточкамен қызмет көрсетудің екінші және кейінгі жылдары үшін сыйақы төлемеген жағдайда Банкке осыған байланысты туындаған берешекті толық көлемде төлеу;

  13. Қазақстан Республикасынан тыс елдерге баратын кезде Банктің www.halykbank.kz электронды мекен-жайында орналастырылған фродо-қауіпті елдер (карточкалар бойынша алаяқтық операциялар тәуекелі жоғары елдер) тізімімен танысып алу және Банкке қажетті мәліметтерді (сырт жерде тұратын кезеңі, баратын елі) және Клиентпен байланыс жасап тұру үшін байланыс телефонын беру;

  14. Клиенттің кінәсінен және/немесе Карточканы оқшаулауға байланысты Банк шеккен ақылға қонымды шығыстарды және сот шығындарын сөзсіз өтеу;

  15. Клиент осы арқылы Шарт бойынша берешегінің барлық сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыбының, шығыстар мен шығындардың сомасын, сондай-ақ Шотқа қате есептелген ақша сомасын клиенттің Банкте ашылған барлық банктік шоттарынан оларды тікелей дебеттеу арқылы алып алуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен және/немесе Банк пен Клиент арасында бекітілген тиісті шарттармен белгіленген тәртіп пен мерзімде Банктің заңды иелігіндегі /пайдалануындағы клиенттің мүлкін ұстап қалуына өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін білдіреді. Клиент осы арқылы Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шотқа есептелген ақшаны Шотты тікелей дебеттеу арқылы алып алуына өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;

  16. Шоттағы өз ақшасынан артық және кредит лимитінен артық соманың жұмсалуына (бұдан әрі – Овердрафт) жол бермеу. Овердрафтқа жол берілген жағдайда Клиент жол берілген Овердрафт сомасын дереу өтеуге (жабуға) міндетті және Овердрафт орын алған сәттен бастап Овердрафт толығымен өтелген күнге дейін есептелген жол берілген Овердрафт сомасынан жылдығы 36 % (отыз алты пайыз) мөлшерінде Банкке тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс.

  17. «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін пайдалануды ұсынумен байланысты Банк тарапынан қойылатын талаптарды орындау;

  18. «Телебанкинг» жүйесіндегі өздерінің сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) туралы ақпаратты жария етпеу / басқаларға бермеу. Бұл ретте осы жағдайға байланысты туындауы мүмкін шығыстар мен шығындардың барлығын Клиент өзі өтейді және оның Банктен шығынды өтеуді талап етуге құқығы жоқ;

  19. «Телебанкинг» жүйесінде бөтен адамның парольді рұқсатсыз пайдалануын болдырмау мақсатында, пароль жария болған жағдайда, «Банктің Байланыс орталығының операторына шығу» деген менюді таңдау арқылы, парольді ауыстыру үшін дереу «Телебанкинг» жүйесінің телефоны бойынша Банкке жолығу. Өйтпеген жағдайда Банк Клиенттің пароліне рұқсатсыз қол жеткізу құқығына ие болған тұлғаларға ақпараттың берілгені үшін жауапкершілік арқаламайды.

  20. Виртуалды карточка бойынша:

3.2.20.1. Виртуалды карточканы Интернет желісіндегі тауарлар мен қызметтерге (одан әрі Виртуалды карточканы ұсыну талап етілмейтін) ақы төлеу үшін ғана пайдалану (театр билеттеріне, қонақ үйлеріндегі нөмірлерге, автокөліктерге т.б. бронь жасау);

3.2.20.2. Интернет желісінде тапсырыс берілген және Виртуалды карточка арқылы ақысы төленген тауардан /қызметтен бас тартылғанда, кәсіпкерден сатылым құнын қолма-қол ақшасыз тәртіппен, ақшаны Шотқа есепке салу арқылы қайтаруды талап ету (өтеу сомасы қолма-қол ақшамен берілмейді);

3.2.20.3. Виртуалды карточканың сақталуын, сондай-ақ оның деректемелерінің және СVV2-кодының конфиденциалдығын қамтамасыз ету;

3.2.20.4. Виртуалды карточканы заңсыз пайдаланудың алдын алу үшін Банктің нақты шеккен, құжатпен расталған шығыны мөлшеріндегі Банк шығыстарын өтеу;

3.2.20.5. Шотқа бөтен адамдардың рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері болғандығы анықталған жағдайда және Шартта және Ережеде қарастырылған жағдайларда Виртуалды карточканы пайдалануды тоқтату және Банк нұсқауларына сүйене отырып әрекет жасау (оның ішінде тиісті хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) банк күні ішінде Виртуалды карточканы Банкке қайтару).

3.2.21. ISIC Ко-брендинг карточкасы бойынша:

3.2.21.1. карточканы шығару /ауыстыру үшін Клиент Банкке өзінің жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқитындығын растайтын ЖОО-нан берілген құжатты және түрлі-түсті фотосуретін (5 х 6 см) тапсырады, сыртқы бетінде Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты және туған күні атап көрсетіледі;

3.2.21.2. карточканы шығару үшін ISIC қауымдастығына тиесілі сыйақыны төлеу;

3.2.22. карточкалар базасындағы жәрдемақы алу үшін арнаулы шоты бойынша өзінің жеке кәсіпкерлігімен байланысты операцияларды жүргізбеу. Аталған міндеттеменің орындалмағаны үшін Клиент заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу, салықтық есепке қою мәселелерін реттеу туралы заңнама талаптарының бұзылғаны үшін жауапкершілік сияқты қолданыстағы заңнамада қарастырылғандай жауапкершілік арқалайды;

3.2.23. «Интернет-банкинг» жүйесінде операциялар жүргізу үшін қол жеткізу құқығын берумен байланысты Банктің қоятын талаптарын орындау;

3.2.24. «Интернет-Банкинг» жүйесінде жүргізілетін операциялар үшін Банктің әрекет етуші тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақы төлеу;

3.2.25. авторизациялаудың көрсеткіштері (пайдаланушының аты, пароль) туралы ақпаратты басқа тұлғаларға жария етпеу /бермеу. Бұл ретте осы жағдайға байланысты туындауы мүмкін шығыстар мен шығындардың барлығын Клиент өзі өтейді және оның Банктен шығынды өтеуді талап етуге құқығы жоқ;

3.2.26. егер Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесі қызметтерін пайдалану ниеті болса, дербес компьютерді Интернет жүйесіне қосуды қамтамасыз ету;

3.2.27. Клиенттің банк шоттарына рұқсат етілмеген қол жеткізу фактілері немесе рұқсат етілмеген қол жеткізудің күдікті әрекеттері анықталған жағдайда, «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы операциялар жүргізуге қол жеткізуді оқшаулау мақсатында Банкті дереу «Интернет-банкинг» жүйесі арқылы хабардар ету;

3.2.28. «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалануды «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану туралы нұсқаулыққа толық сәйкестікпен іске асыру;

3.2.29. қауіпсіздік ережелерін орындау және «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану ережелеріне сүйену, әрбір жұмыс сеансынан кейін «Интернет-банкинг» жүйесімен жұмыс істеу үшін ашылған Интернет желісімен қосылу сессияларының барлығының жабылуын қамтамасыз ету;

3.2.30. Клиент осы арқылы сақтандыру сертификатын Банк арқылы ресімдеген жағдайда өзінің жеке мәліметтерін сақтандыру компаниясына беруге сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;

3.2.31. Шотарына карточка шығарылған карточка ұстаушылардың тізімін жүргізу;

3.2.32. Клиент осы арқылы Банкке төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсетуді өтінген жағдайда Банктің автоматты түрде синхронизациялау үрдісін жүргізуіне сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Синхронизациялау Банктің ақпараттық жүйелерінде ол туралы бар мәліметтерді оның жаңа ұсынған мәліметтерімен жаңартуды білдіреді.

3.2.33. Клиент осы арқылы Клиентке Банк бөлімшесінде және де сатылымның аралық арналары («Интернет-банкинг», «Мобильдік банкинг» жүйелері немесе өзіне өзі қызмет көрсететін электрондық құрылғылар (банкоматтар, киоскілер)) арқылы қызмет көрсету кезінде Клиент туралы, оның жеке мәліметтері туралы кез келген ақпаратты Банктің ішкі ережесіне және рәсімдеріне сәйкес кез келген тәсіл бойынша жалпыға қолжетімді дереккөздерді қосқанда, кез келген дереккөздерден, оның ішінде Интернеттен жинастыруды және өңдеуді (оның ішінде жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату және жою) жүзеге асыруға Банкке сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді.




    1. Банктің құқықтары:

  1. мыналарды бір жақты тәртіппен өзгерту (өз филиалдарында /бөлімшелерінде / Банктің веб-сайтында www.halykbank.kz электрондық мекен-жайы бойынша хабарландыру жариялау арқылы Клиентке кейіннен хабарлай отырып);

  • Ережелер мен Тарифтерді;

  • Ережелерде анықталмаған банктік қызмет көрсетудің өзге талаптарын.

  1. Клиенттің қосымша келісімінсіз Шоттан және/немесе Клиенттің Банкте ашылған кез келген банктік шоттарынан, тікелей дебеттеу жүргізу арқылы мыналарды алып алу:

  • карточкалық операцияның сомасын (тек Шоттан алынады);

  • Шотқа қате есептелген ақша (тек Шоттан алынады);

  • Клиенттің Шотына қызмет көрсетілгені үшін сыйақыны төлеу бойынша берешегі;

  • Клиенттің Банк алдындағы өзге де берешек түрлері;

  • Шот дұрыс жүргізілмеген кезде (тек Шоттан алынады) Шотқа түскен ақша, Шоттағы ақша сомасын оқшаулау мерзімі ішінде. Осындай ақша сомасының алынғаны туралы Банк Клиентті Шоттан ақша алынған күні электрондық пошта/мобильді байланыс/факс/хабарламаны жеке табыстау/курьерлік қызмет/тапсырысты хат арқылы хабардар етеді (Клиенттің қандай қызметтерге қол жеткізе алатынына және Банктің пікірі бойынша Клиентке ең қысқа мерзімде жеткізілетін жеткізу тәсіліне байланысты).

  1. Шот валютасынан өзге валютамен Банкке түскен ақша сомасын Банкте белгіленген ағымдағы бағам бойынша Клиенттің қосымша келісімінсіз айырбастау;

  2. карточкалық операция жүргізілген күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күн өткен соң Клиенттің /қосымша карточка ұстаушының карточкалық операция бойынша ұсынған кінәрат-талабын қарастыруға қабылдамау, сондай-ақ егер карточканы пайдаланумен жүргізілген төлем рұқсат етілмеген болып табылса;

  3. Клиент карточканың әрекет ету мерзімі аяқталған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң Банкке Шартты бұзу /Шарттан бас тарту туралы жазбаша өтініш ұсынған жағдайда төлем карточкасына қызмет көрсетілгені үшін төленген сыйақыны Клиентке қайтармау;

  4. карточканы мынадай жағдайларда оқшаулау (оның ішінде оны кейіннен алып қою және Шарттан біржақты тәртіппен бас тарту құқығымен):

  • Клиент /қосымша карточка ұстаушы Шарт талаптарын және /немесе Ережені бұзған жағдайда;

  • Клиенттен карточканың жоғалғаны /ұрланғаны туралы хабарлама алған кезде, сондай-ақ Шотқа рұқсат етілмеген қол жеткізу орын алғанда;

  • Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдер /қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцептсіз ақша алып алу құқығына ие үшінші тұлғалардың нұсқаулары түскен жағдайда;

  • Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге жағдайларда;

  • алаяқтық операциялар жүргізу әрекеттері орын алған жағдайда;

  • Клиенттің жалақылық жоба шеңберінде жұмыстан шығарылғаны туралы ұйымның (Клиентке жұмыс берушінің) хаты негізінде;

  1. өз талаптарын қанағаттандыру мақсатында Шотты тікелей дебеттеу арқылы Шоттағы ақшадан құн өндіріп алу құқығымен Шотты мынадай жағдайларда оқшаулау (оның ішінде Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату арқылы):

  • Клиент /қосымша карточканы ұстаушы Шарт талаптарын және / немесе Ережені бұзған жағдайда;

  • Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және /немесе лауазымды тұлғалардың Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, Шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдер/қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцептсіз ақша алып алу құқығына ие үшінші тұлғалардың нұсқаулары түскен жағдайда;

  • Клиенттің Банк алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша берешегі болған жағдайда;

  • Клиенттің Шотына ақша қате есептелген жағдайда;

  • Шартта және /немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге жағдайларда;

  1. карточка /қосымша карточка шығарылған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік айдан астам уақыт бойы Клиент/қосымша карточканы ұстаушы карточканы /қосымша карточканы алуға Банкке келмеген жағдайда карточканы /қосымша карточканы жою және Шотқа көрсетілген қызмет үшін төленген сыйақыны Клиентке қайтармау;

  2. Шартты бекіткен кезде Клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға жататындығы туралы ақпаратты талап ету;

  3. Шот бойынша шығыс операциялары Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оларды жүргізуге тыйым салу;

  4. өзінің қарастыруы бойынша Клиентке карточка шығарудан бас тарту;

  5. сыйақы негізінде (Тарифтерге сәйкес) Шот бойынша өнім талаптарымен анықталған түрлі Төлем карточкалары жүйелерінің карточкаларын ресімдеу, сондай-ақ Банкте белгіленген нысанмен үшінші тұлғаларға Шот бойынша қосымша карточкалар ресімдеу;

  6. алаяқтық операцияларды болдырмау және Клиентті Шотқа рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау мақсатында Карточкалық операция түрлеріне және берілетін қолма-қол ақшаның ең жоғарғы сомасына шектеулер белгілеу;

  7. Шот бойынша соңғы операцияны жүргізген күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік айдан астам уақыт бойы Шотта ақша болмаған жағдайда/ Шотқа қызмет көрсетудің екінші және кейінгі жылдары үшін сыйақы төлемеген жағдайда/ карточканың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты және Шот бойынша орындалмаған талаптар болмаған кезде, Банктің талаптарын қоспағанда, карточканы ауыстыруға өтінішті Банкке 2 күнтізбелік ай ішінде бермеген жағдайда Шарттан бас тарту;

  8. Клиенттің Шотты жабуға өтінішінсіз, Шотқа қатысты орындалмаған талаптар бар болғанына қарамастан мынадай жағдайларда Шотты жабу:

Шот бойынша соңғы операция жүргізілген күннен бастап 12 (он екі) ай бойы Шотта ақша қозғалысы (кіріс және/немесе шығыс төлемдері және ақша аударымдары) болмағанда, Клиентке Шотта ақша қозғалысының жоқ екендігі туралы тиісті хабарлама жіберу арқылы және хабарлама жіберілгеннен кейін үш күнтізбелік ай өткен соң шот жабылатын жағдайда - егер Клиент хабарлама жіберілген күннен бастап үш айдың ішінде Шот бойынша операция жүргізуді жалғастырмайтын болса;

Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда.



      1. Клиент немесе Шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк 12 ай бойы шығыс операцияларын жүргізбеген болса, шоттағы қалдық сомасына қарамастан, Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесін беру; 

3.3.16-1. Шотқа қозғалыссыз шот мәртебесі берілгеннен кейін және осы шотқа ашылған барлық карточкалар жабылған жағдайда, келесі айдан бастап және Шотта ақша қалдығы бар болған жағдайда, Банк қозғалыссыз шотқа қызмет көрсеткені үшін Банкке тиесілі комиссиялық сыйақы сомасын Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Шоттан тікелей дебеттеу жолымен ұстап қалу, бұған Клиент өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;

3.3.16-2. Шотқа ақша түскен жағдайда, қозғалыссыз шотты жүргізгені үшін Банктің комиссиялық сыйақысының есептен шығарылуын берілген қозғалыссыз шот мәртебесін алып тастамай 12 ай мерзімге тоқтату. Бұл ретте, қозғалыссыз шот мәртебесі бар шотқа ақша түскеннен кейін 12 ай бойы Клиент немесе Шот бойынша оның заңды өкілдері немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша Банк жүргізген кіріс/шығыс операциялары жүзеге асырылмаған жағдайда, Банк қозғалыссыз шотты жүргізгені үшін комиссиялық сыйақыны есептен шығаруды қайта бастайды.

3.3.16-3. Шотқа берілген қозғалыссыз шот мәртебесін Клиент ДСН-кодын қолдана отырып операциялар жүргізген кезде немесе Банк Клиентке аутентификациялау жүргізгеннен кейін болдырмау.

3.3.17. егер Клиент жалақысын Шот арқылы алатын болса, Клиенттің жұмыс берушісіне Шарт талаптары туралы, Клиенттің СТН-і /ЖСН-і туралы ақпаратты, сондай-ақ банктік құпия болып табылатын, ашылған Шот нөмірі туралы, жалақыны есепке алу үшін қажетті мәліметтерді беру, ал Клиент бұған осы арқылы өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;

Бұл ретте Клиент банктік құпия болып табылатын мәліметтерді ашу үшін Банкке беретін жазбаша келісімі Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын Шартқа қосылу туралы өтінішке Банкке өзі келген сәтте қол қою арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен берілгендігін растайды;

3.3.18. Клиент карточканы жабуға / Шартты бұзуға өтініш берген күннен кейін 30 (отыз) күннің ішінде түскен ақша сомасын өтеуді талап ету және аталған соманы Клиенттің Банкте ашылған кез келген шотынан (Шотты қоса алғанда) осындай шоттарды тікелей дебеттеу арқылы алып алу, ал Клиент бұған осы арқылы өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді;

3.3.19 егер Клиент Банкке сұратуды ашық байланыс арналары бойынша жіберген немесе Шот бойынша мәліметтер жіберу жөнінде нұсқауды осындай байланыс арналары арқылы жөнелткен болса, Шот туралы мәліметтерді байланыстың ашық арналары (оның ішінде SMS-хабарламасы, е- mail, факс, телефон арқылы) бойынша жіберу. Осы арқылы Клиент осы тармақшаға сәйкес Банктен ашық байланыс арналары бойынша жіберілетін ақпаратқа үшінші біреулердің рұқсатсыз қол жеткізу тәуекелі бар екендігін түсінетіндігін растайды және мұндай тәуекел қаупі үшін жауапкершілікті қабылдайды;

3.3.20. Клиентке «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін ұсынуды мына жағдайларда кідірту немесе тоқтату:

- сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) туралы ақпараттың үшінші тұлғаларға берілгені анықталғанда. Бұл ретте Банк Клиенттің өз паролін уақытында ауыстырмағаны үшін жауапкершілік арқаламайды;

- парольді енгізу әрекеті 3 (үш) рет қатарынан дұрыс болмағанда және клиент парольді өзгерткенге дейін немесе парольді дұрыс термеген есептеуіш нөлге айналдырылғанға дейін мұны қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы ретінде қарастыру;

- «Телебанкинг» жүйесінің жұмысы бағдарламалық жасақтаманы ауыстыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін тоқтатылғанда;

3.3.21. Клиент шоттары туралы үшінші тұлғаларға ақпарат берілгені және Клиенттің «Телебанкинг» жүйесіндегі сәйкестендіру көрсеткіштері (логин, пароль) бөтен адамға жария етілгені үшін кінәрат талаптарын қабылдамау;

3.3.22. ISIC Ко-брендинг карточкасы бойынша: Клиент Банкке өзінің жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқитындығын растайтын жоғары оқу орнынан берілген құжатты және сыртқы бетінде Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты және туған күні атап көрсетілген түрлі-түсті фотосуретін (5х6 см) тапсырмаған жағдайда Клиентке Карточканы шығарудан/ауыстырудан бас тарту;

3.3.23. қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын тексеру мақсатында, сондай-ақ Банктен жүргізілетін операцияға қатысты Банкте жоқ мәліметтерді, түсініктерді немесе құжаттарды беру жөнінде сұраныс түскен жағдайда Клиенттен қосымша ақпарат пен құжаттарды талап ету;

3.3.24. мына жағдайларда Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінің қызметтеріне қол жеткізуіне уақытша оқшаулау қою немесе операцияны орындауды тоқтата тұру:

- егер, Банктің пікірінше, мұндай шара «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болса;

- меншікті авторизациялау көрсеткіштері (пайдаланушының аты, пароль) туралы ақпараттың басқа тұлғаларға берілгені анықталған болса. Бұл жағдайда Банк мұндай ақпараттың басқа тұлғаларға берілгені анықталғанға дейін Клиент жүргізген операциялар үшін жауапкершілік арқаламайды, өйткені бұлар Клиенттің өзі жүргізген операциялары болып есептеледі;

- тиісті шоттағы жүргізілетін операция үшін Банкке сыйақы төлеуге қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болғанда;

- Клиент жүргізілетін операция деректемелерін толығымен (дұрыс) көрсетпеген, операция жасалатын кезеңді сақтамаған жағдайда және жүргізілетін операция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін болса;

- парольді енгізу әрекеті 3 (үш) рет дұрыс болмағанда және бұл қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы ретінде қарастырылатын болса;

- егер үш айлық биллинг кезеңінің комиссиялық ақысы төленбеген болса;

3.3.25. егер, Банктің пікірінше, «Интернет-банкинг» жүйесінің қауіпсіздік рәсімін бұзу немесе қауіпсіздікті бұзуға әрекет жасау орын алатын болса, ақша аударуды жүргізуді тоқтата тұру;

3.3.26. бағдарламалық жасақтаманы ауыстыруды және профилактикалық жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету үшін «Интернет-банкинг» жүйесінің жұмысын уақытша тоқтата тұру.

3.3.27. Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шотқа ақша түскен жағдайда Шоттағы ақшаны түскен ақша сомасы мөлшерінде оқшаулау. Шоттың дұрыс жүргізілмеуі – бұл Банктің Шотқа қызмет көрсеткен кезде туындайтын және Шотқа бір соманы екі рет есепке салуды, операция кодын дұрыс термеуді, валюталар бағамын дұрыс ауыстырмауды, операцияны соңына дейін аяқтамауды, бухгалтерлік қателіктерді (баланстық жазбалардың дұрыс көрсетілмеуі, рұқсат етілмеген баланстық жазбалар) білдіретін жағдайлар. Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шоттағы ақша сомасы оқшауланған жағдайда Банк Шоттан ақша сомасын алып қояды, Шот бойынша түзетулер, түзету жазбалары жүргізеді. Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Шоттағы ақша сомасының оқшауланғаны туралы Банк Клиентті Шот оқшауланған күні электрондық пошта/мобильді байланыс/факс/хабарламаны жеке табыстау/курьерлік қызмет/тапсырысты хат арқылы хабардар етеді (Клиенттің қандай қызметтерге қол жеткізе алатынына және Банктің пікірі бойынша Клиентке ең қысқа мерзімде жеткізілетін жеткізу тәсіліне байланысты). Клиент осы арқылы Шот дұрыс жүргізілмеген кезде Банктің Шотқа түскен Шоттағы ақша сомасын оқшаулауына сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін білдіреді. Шоттағы ақша сомасын оқшаулау мерзімі Шоттың дұрыс жүргізілмеуі анықталған сәттен бастап бір операциялық күннен аспауға тиіс;



3.3.28. Банктің пікірі бойынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мұндай шара қажет болса, Интернет желісіндегі сайттарда төлем карточкаларының көмегімен төлем жүргізуге шектеулер қою.
3.4. Банктің міндеттері:

  1. өтініш алынған күннен бастап 15 (он бес) банк күні ішінде және клиент Тарифтерге сәйкес карточканы шығару және Шотқа қызмет көрсету сыйақысын төлегеннен кейін Клиентке Шот ашу, карточканы және оның ДСН-конвертін Клиентке немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім жүктелген тұлғасына беру;

  2. Шотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына, Шартқа және Банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережесі мен Банктің ішкі ережелеріне сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету;

  3. Банкке ақша түскен және тиісті түрде ресімделген төлем құжаттарының көшірмелерін алған күннен кейінгі банк күнінен кешіктірмей Клиенттің пайдасына түскен ақшаны Шотқа салып отыру;

  4. жазбаша сұрату алынған күннен бастап 10 (он) банк күні ішінде Клиентке қосымша үзінділер беру;

  5. Шартта, Ережелерде, фродо-қауіпті елдер тізімінде, Тарифтерде болған барлық өзгерістер туралы Клиентті Банк филиалдарында /бөлімшелерінде ілінетін / Банктің веб-сайтындағы www.halykbank.kz электрондық мекен-жайда орналастырылатын хабарландыру арқылы хабардар ету;

  6. карточка Банк бастамасымен оқшауланған жағдайда оқшаулау қойылған немесе өзгерту жасалған күннен бастап 10 (он) банк күні ішінде Клиентке жазбаша хабарлама немесе SMS-хабарлама арқылы хабарлау;

  7. «Телебанкинг» жүйесінің қызметтерін ұсыну кезінде, оның ішінде телефондық сұрату негізінде Шоттың жай-күйі туралы мәлімет берілетін кезде, Клиент тиісті сәйкестендіру параметрлерін енгізгеннен кейін, тиісінше қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

  8. Клиент «Интернет-Банкинг» жүйесінде тіркелгеннен кейін Банктің web-сайтының (осы сайт арқылы қызмет көрсетіледі) тиісті түрде функционалдық қызмет істеуін қамтамасыз ету;

  9. Клиенттің «Интернет-Банкинг» жүйесіне қол жеткізуін тоқтатуы мүмкін және жүйеде операциялар жүргізуіне кедергі келтіретін техникалық жұмыстар туралы Клиентті Банктің web-сайтында тиісті ақпарат орналастыру арқылы хабардар ету;

  10. Клиент осы Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарын орындаған жағдайда Клиенттің электронды құжаттарын орындап отыру;

  11. Клиенттің «Интернет-банкинг» жүйесінде жасалған ақша аударымдары туралы электрондық құжаттарын Банкке келіп түскеннен кейін келесі банк күнінен кешіктірмей орындау. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабы 7) тармақшасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын аудару үшін Банк салықтар мен міндетті бюджеттік төлемдерді салық төлеуші-Клиенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару операциясы жүргізілген күні аударады;

  12. алынған, жүргізілген және бас тартылған электрондық төлем құжаттарын электронды тіркеу журналында тіркеп отыру;

  13. қажетті анықтамалық материалды Банктің web-сайтында орналастыру арқылы Клиентті «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану нұсқаулығымен таныстыру;

  14. Клиенттің ықыласы бойынша (бастамасымен) қызмет көрсетуді тоқтату.




  1. Есеп айырысуды жүргізу талаптары

  1. Шот теңгемен /АҚШ долларымен /евромен /Ресей рублімен /юаньмен жүргізіледі.

  2. Шот бойынша көрсетілетін қызметтер үшін Банк Тарифтерге сәйкес белгіленген мөлшерде сыйақы ұстап отырады.

  3. Банктің карточкалары үшін Төлем карточкалары жүйесімен есеп айырысу валютасы АҚШ доллары /евро болып табылады. Төлем карточкаларының жүйесі арқылы жүргізілген Карточкалық операцияның сомасы осы карточкалық операция бойынша Банкпен есеп айырысатын күні Төлем карточкаларының жүйесінде белгіленген бағаммен АҚШ долларына /евроға айырбасталады.

  4. Ай сайынғы үзінді Клиентке немесе Клиенттің берген сенімхаты негізінде әрекет етуші оның сенім жүктелген тұлғасына Клиентке қызмет көрсетілетін Банк филиалында тапсырылады, «Мобильдік банкинг» жүйесі бойынша немесе өзіне өзі қызмет көрсетуші электронды құрылғылар (банкоматтар, киоскілер) арқылы жіберіледі. Арнайы құрылымдық бөлімшелердің клиенттері үшін ғана ай сайынғы үзінді электрондық почтамен немесе қолма-қол түрде жөнелтілуі мүмкін.

  5. Клиент ай сайынғы үзіндіні алған күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде Банк одан кінәрат-талабын алмаған болса, бұл Клиенттің ондағы көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растағаны болып есептеледі.

  6. Авторизация сомасы Клиенттің Шоттағы қол жетімді ақшасынан және осы Шартта қарастырылған негіздеме бойынша Шоттан осы соманы алып қойғанға дейін немесе Банк Авторизация сомасына төлем жүргізілмегені туралы растама алғанға дейін шығарылады.

  7. Клиент осы арқылы Шарт бойынша берешегінің барлық сомасын, оның ішінде тұрақсыздық айыбын, шығыстар мен шығындар сомасын, сондай-ақ Шотқа қате есептелген ақша сомасын Клиенттің Банкте ашылған барлық банктік шоттарынан, оның ішінде Шоттан, Банктің бұларды тікелей дебеттеу арқылы акцептсіз алып отыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және/немесе Банк пен Клиент арасында бекітілген тиісті шарттарға сәйкес Банктің заңды иелігіндегі /пайдалануындағы Клиент мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде ұстап отыруына өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін білдіреді.

  8. Карточкалық операция валютасын Шотты жүргізу валютасына айырбастау тәртібі:

4.8.1. егер Шотқа түсетін ақша валютасы Шот валютасынан өзгеше болса, Банк Шотқа түсетін ақшаны Банкте белгіленген ағымдағы күнгі ақша айырбастау бағамы бойынша айырбастайды;

4.8.2. Шот бойынша карточкалық шығыс операциясы Шотты жүргізу валютасынан өзгеше валютамен жүргізілетін жағдайда Банк алынатын ақша сомасын карточкалық операция жүргізілетін валютаға айырбастауды Банкте белгіленген ағымдағы күнгі ақша айырбастау бағамы бойынша жүзеге асырады.




  1. Тараптардың жауапкершілігі

    1. Банк мына жағдайларда жауапкершілік арқалайды:

  • Банк құпиясын жария еткені үшін - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес;

  • Клиент пайдасына Банкке келіп түскен ақшаны Шотқа есепке алуды кешіктіргені үшін – әрбір кешіктірілген күн үшін уақытында есептелмеген соманың 0,02 %-ы мөлшерінде;

  • Шот бойынша қате жүргізілген операция үшін. Бұл жағдайда Банктің жауапкершілігі қателесіп жүргізілген операцияны болдырмаумен шектеледі;

  • Клиенттің карточканы жоғалту, ұрлану немесе карточканы рұқсатсыз пайдалану туралы хабарламасы күшіне енген соң, оның кінәсінен жасалған рұқсат етілмеген төлемді жүргізгені үшін. Рұқсат етілмеген төлемді жүргізумен байланысты шығынды Банктің Шотқа рұқсат етілмеген төлемді және рұқсат етілмеген төлем жасалғаны үшін комиссия сомасын қайтаруы арқылы өтеледі.

    1. Банк мына жағдайларда жауапкершілік арқаламайды:

  • үшінші тараптың карточкаға қызмет көрсетуден бас тартқаны үшін;

  • карточка бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің сапасы үшін;

  • карточка бойынша үшінші тарап белгілеген, Клиенттің /қосымша карточка ұстаушының мүддесіне ықпалы болуы мүмкін лимиттер, шектеулер мен қосымша сыйақылар үшін;

  • Клиенттің /қосымша карточка ұстаушының жоғалған /ұрланған карточканы /қосымша карточканы оқшаулау туралы Банкке уақытында өтініш бермеуінің салдары үшін;

  • Клиент банк қызметкерлеріне белгісіз болып табылатын және «Телебанкинг» жүйесін пайдаланатын уақыттың ішінде құпияда сақталуға тиіс парольді жария еткені үшін;

  • Клиент Банкті өзінің «Телебанкинг» жүйесіне қол жеткізу үшін өзінің сәйкестендіру параметрлерінің жоғалғаны (жария етілгені) туралы уақытында хабарламаудың салдары үшін;

  • Интернет-банкинг жүйесінде операциялар жасау үшін банкоматтардан алынған бір жолғы парольдер тізімін карточка ұстаушының үшінші тұлғаларға беру салдарынан Банктің/Клиенттің шеккен залалы Банктің/Клиенттің шеккен толық көлемдегі залалы үшін.


5.3. Клиент мына жағдайларда жауапкершілік арқалайды:

- жоғалған /ұрланған карточканы оқшаулау туралы Банкке уақытында өтініш бермеуінің салдары үшін – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

- Шотқа қате есептелген ақшаны Банкке қайтармағаны үшін – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес;

- Шот бойынша ақшаның жұмсалуын жеткіліксіз бақылағаны, Ережені және Шарт ережелерін орындамағаны үшін – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

- Клиент 3D Secure/SecureCode паролін қоймаған карточкалар бойынша Интернет желісінде карточкалық операциялар жүргізілгені үшін, Verified by Visa/MasterCard SecureCode бағдарламаларына қатыспайтын кәсіпкерде жүргізілген карточкалық операцияларды қоспағанда;

- карточка ұстаушының кінәсінен Банк шеккен шығыстар мен сот шығындары үшін – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

- Клиент карточкасының, карточканың ДСН-кодының, Клиенттің «Телебанкинг» жүйесіндегі сәйкестендіру параметрлерінің (логин, пароль), 3D Secure/SecureCode паролінің, CVV2-кодының немесе CVC2-кодының үшінші тұлғаларға берілуіне байланысты Банкке /Карточка ұстаушыға келтірілген шығын үшін – Банкке келтірілген залалдың толық көлемінде;

- Клиенттің, сондай-ақ қосымша карточка ұстаушылардың фродо-қауіпті елдерге барып келгеннен кейін карточканы қайта шығару /ауыстыру жөнінде Банкке уақытында өтініш жасамау салдары үшін, сондай-ақ Банк фрод-қауіпті елге барып келген Клиентті / қосымша карточка ұстаушыны карточканы қайта шығару /ауыстыру қажеттігі туралы хабардар еткен кезде Клиенттің (кез келген негіздеме бойынша) мұндай карточканы қайта шығарудан /ауыстырудан бас тартуының салдары үшін. Бұл ретте Банк жоғарыда айтылған жағдайларда Шоттан рұқсат етілмеген ақша сомасының алынып қойғаны үшін жауапкершілік арқаламайды және соманы өтемейді;

- Банктің сұратуы бойынша даулы жағдайды қарастыруға өтінішті және/немесе даулы жағдайға қатысты құжаттарды (мысалы, тауар/қызмет ақысын қолма-қол ақшамен төлегені туралы чек, Клиенттің даулы жағдайды дербес реттеу әрекеттерін дәлелдейтін Интернет-кәсіпкермен хат жазысулары туралы материалдар және т.б.) бермегені немесе уақытында бермегені үшін;

- Шартты бекіткен кезде Клиенттің Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға жататындығы туралы ақпараттың берілмегені немесе сенімсіз ақпарат берілгені үшін;



  • Интернет-банкинг жүйесінде операциялар жасау үшін банкоматтан алынған бір жолғы парольдер тізімін үшінші тұлғаларға беру салдарынан Банктің/Клиенттің шеккен залалы, Банктің/Клиенттің шеккен толық көлемдегі залалы үшін.

5.4. Тараптар міндеттемелерінің ішінара немесе толық орындалмауы еңсерілмейтін дүлей күш жағдайларының салдарынан: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, электр энергиясы көздеріндегі ақаулар және Тараптардың бақылауынан тыс болатын басқа да жағдайлар салдарынан болса, Тараптар мұндай жағдайлар әрекет ететін кезең ішінде жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте Тараптар өз міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындау үшін жағдайды неғұрлым тез арада қалпына келтіруге барынша күш салуға және қолдан келетін шараларды қолдануға міндеттенеді.


  1. Дауларды шешу тәртібі

6.1. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

    1. Келісім арқылы қол жеткізілмеген даулардың барлығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында шешілуі тиіс.

    2. Тараптар машиналық ақпарат тасымалдаушылардағы операциялар туралы мәліметтерді даулы мәселелерді шешу кезінде дәлел ретінде тану жөнінде келіседі.

    3. Жазбаша хабарламалар екінші Тарапқа оған қол қойғызып тапсырылған немесе карточканы алуға өтініште көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырыс хатпен жіберілген жағдайда (пошта түбіртегі болса) екінші Тарап алды деп есептеледі.

6.5. Клиенттің шығындарын Банк негізді деп мойындаған жағдайда, Банк оларды Банк пен Клиент арасындағы келісіммен анықталған нысанда және мерзімде төлейді. Клиент шығындары соттың шешімі арқылы мойындалған жағдайда, Банк оларды соттың шешіміне сәйкес орындайды.


  1. Шарттың қолданылу мерзімі, оны бұзу, тоқтату және өзгерту талаптары

    1. Шарт клиент Банкке төлем карточкасын шығару туралы өтінішті берген (осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес нысанмен) және Шарт талаптарымен танысқан күннен бастап күшіне енеді. Шартты бұзу және тоқтату Шарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.

    2. Осы Шарттың кез келген өзгерістері мен толықтырулары Банк филиалдарында /бөлімшелерінде /Банктің веб-сайтындағы www.halykbank.kz электрондық мекен-жайда орналастырылған немесе бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 (он) күннің ішінде күшіне енеді.

    3. Егер Шарт бойынша орындалмаған міндеттемелері жоқ болса, Клиент Банкке тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып және Шарт шеңберінде шығарылған карточкалардың барлығын Шартты бұзу болжанған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын өткізу арқылы Шарттан бас тартуға құқылы.

    4. Шартты бұзу болжанған күннен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Банк филиалдарында /бөлімшелерінде /Банктің веб-сайтындағы www.halykbank.kz электрондық мекен-жайда тиісті хабарлама орналастыру арқылы немесе Клиентке тиісті жазбаша хабарлама немесе SMS-хабарлама жіберу арқылы Банк Шарттан бас тартуға құқылы.

    5. Осы Шарт бұзылғанда:

  • Шотқа қызмет көрсетілгені үшін Клиенттің төлеген сыйақысы қайтарылмайды;

  • Клиент Банк алдындағы берешегін өтегеннен кейін Шоттағы ақша қалдығы егер Шартта және /немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша қарастырылмаса, Клиентке қолма-қол ақшамен беріледі немесе Клиенттен түскен жазбаша нұсқауға сәйкес оның банк шотына аударылады.

7.6. Шарттың қолданылуы Тараптар арасындағы өзара есеп айырысу толығымен аяқталғаннан кейін тоқтатылады. Шарттың бұзу және қолданылу әрекетін тоқтату Клиенттің Шотын жабу үшін негіздеме болып табылады.

7.7. Шот бойынша соңғы операция жүргізілген күннен бастап 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы Клиенттің Шотында ақша болмаған жағдайда Шарт өз әрекетін тоқтатқан болып есептеледі.



7.8. Шартта қарастырылмаған басқа мәселелердің барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Ережені басшылыққа алады.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет