«Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару»



жүктеу 123.39 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі123.39 Kb.


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

27-қосымша


«Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

1) халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініш (бұдан әрі – салықтық өтініш) бойынша төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім шығару – көрсетілетін қызметті алушы (резидент емес) оны берген күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

Бұл ретте салықтық өтінішті қарау мерзімі:

бюджеттен немесе шартты банк салымынан төленген табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізу;

мемлекеттік кірістер органы:

басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша резидент емеске;

резидент еместі оның 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 46-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өтуі кезеңінде салық міндеттемелерін орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуы не болмауы мәніне жоспардан тыс кешенді салықтық тексеру жүргізуге өкілдіктің немесе филиалдың орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына (егер резидент еместің Қазақстан Республикасында өкілдігі немесе филиалы болған жағдайда);

өтініші қаралып жатқан резидент еместің резиденттік елінің құзыретті органына салық агенті мен резидент еместiң өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру (салық агенті таратылған, банкрот болған жағдайда) туралы сұрау салу жіберген күннен бастап осындай сұрау салуға жауап алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады;

көрсетілетін қызметті алушы табыс еткен құжаттарды қараудан бас тарту туралы шешім шығару – салық органы оларды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;



бюджетке табыс салығы төленген және салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық агентінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша – шешім қабылданған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Салық кодексінде көзделген тәртіппен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бюджеттен табыс салығының сомасын қайтару;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім (бұдан әрі – қайтару туралы шешім);

2) салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына төленген төлем көзінен ұсталған табыс салығының сомаларын ұлттық валютада қайтару;

3) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі – қайтарудан бас тарту туралы шешім);

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша салық органының салықтық өтінішті қараудан уәжделген бас тартуы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Шартты банк салымынан табыс салығын қайтару үшін резидент емеске қайтару туралы шешімді шартты банк салымы салынған банкке табыс ету қажет. Банк осы қайтару туралы шешімнің негізінде резидент еместің банк шотына қайтару туралы шешімде көрсетілген табыс салығының сомасын және есептелген банктік сыйақы сомаларын қайтаруды жүргізеді.

Салық органының шешімі резидент еместің өтінішінің бір данасымен қоса резидент емеске қол қойғызып табыс етіледі немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына резидент еместің белгі қойған күні салық органының шешімін резидент еместің алған күні болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасы табыс пен капиталға (мүлікке) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы тиісті халықаралық шарттар (конвенциялар) жасасқан мемлекеттердің резиденттері) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салықтық өтініш.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, өтінішті резидент емес салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына екі данада табыс етеді.

Егер салық агенті тігінен тікелей уәкілетті органға бағынатын салық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген жағдайда, өтініш осы салық органына табыс етіледі;

2) жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері не сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге осыған ұқсас құжаттан) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) мен мажоритарлық акционерлері көрсетілген үзінді көшірме;

4) алынған табыс пен ұсталған (төленген) салық сомаларын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелері;

5) резиденттік мемлекетінің құзыретті органы берген резиденттігін растайтын құжат немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы жалдаған қызметкер немесе басқа персонал болып табылатын резидент емес жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Егер резидент емес депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған табыстардан төленген табыс салығын халықаралық шарт негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініш берген жағдайда, мынадай құжаттар қоса беріледі:

7) мыналарды:

резидент еместің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);

депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;

резидент еместің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), резидент еместің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» акционерлік қоғамынан алынған шоттан үзінді көшірме;

8) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінде дивиденд мөлшері және дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімінің жасалған күні көрсетіле отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі;

9) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюталық шоттан үзінді көшірме;

10) мынадай:

табыс алушы резидент емес Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын;

резидент емес резидент еместің резиденттігін растамада көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылатын;

егер резидент еместің резиденттігі уақыт кезеңі көрсетілмесе, резидент емес осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылатын;

резидент еместің резиденттігін растамаға табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті орган куәландырған болса;

Салық кодексінде немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қойылған қолы мен мөрі осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жататын;

егер халықаралық шарт шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы резиденттікті растайтын құжатты заңдастырудың өзгеше тәртібін көздейтін өзара келісімге келген болса, онда көрсетілген тәртіп қолданылатын талаптарға сәйкес келетін көрсетілетін қызметті алушының резиденттігін растайтын құжат;

11) құжаттар шет тілде жасалған кезде – осы тармақта көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушылар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.алады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушімен почта хабарламасына белгі қойылады.

10. Өтінішті қараудан бас тарту үшін негіздер:

1) егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, көрсетілетін қызметті алушының (резидент еместің) өтінішті талап ету мерзімі өткен соң табыс етуі. Бұл ретте резидент емес салық органына өтінішті қайта беруге құқылы емес;

2) резиденттігін растайтын құжаттың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 10 тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының (резидент еместің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушының (резидент еместің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасының ережелерін сақтамауы.

Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қараудан салық органы бас тартқан жағдайда, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, егер резидент емес жіберген бұзушылықтарды жойса, оның талап ету мерзімі ішінде қайта өтініш табыс етуге құқығы бар.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымда:


  1. жеке тұлғаның - оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері;

  2. заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінуге қол қоюы қажет.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www. kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.

«Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына



қосымша



































©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет