ҚОРЫТЫНДЫ
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші жартысында Орталық Азияның өзбек, түркмен, тәжік, қарақалпақ халықтарында отбасының негізгі түрі үлкен патриархалдық семья болды. Үлкен патриархалдық отбасы қырғыздардың, әсіресе оның отырықшы бөлігінде басым болды. Осы кездегі қазақ отбасының көпшілік бөлігі нуклеарлы семья болуымен қатар үлкен патриархалдық отбасының үлес салмағы айтарлықтай болды және патрирархалдық үлкен отбасы дәстүрлерінің сарқыншағы тұрмыста жиі кездесті.
Қарастырып отырған регион халықтарының отбасылық әдет-ғұрыптарындағы құда түсу, қалыңмал, қыз ұзату, келін түсіру тойлары, ондағы рәсімдер өзінің структуралық жағынан өте ұқсас, мәндік-семантикалық тұрғысынан да жакын. Бұл реттегі ғұрыптардың айырмашылығы көбіне-көп халықтардың шаруашылық-мәдени типіне қарай айырылады. Отырықшы-егіншілік басым өзбек, тәжіктерде қалыңмал құрамы, мөлшері, тойдың дастархан мәзірі, малшы-көшпелі, немесе малшы-жартылай көшпелі қырғыз, қарақалпақ, түркмен, қазақ сияқты халықтардан біраз өзгешелеу. Оларла қалыңмал жартылай, кейде толық ақшамен өлшенеді, шаруашылық-мәдени типіне қарай шашудағы, силықтардағы, ритуалдық (ғұрыптық) тағамдардағы, той мәзіріндегі атрибуттарда егіншілік-жер өнімдері басым.
Экзогамиялық некелік қатынас қазақтарда жеті атаға дейін таза сақталса, қырғыздардың жартысында бар болса, ал өзбектер мен тәжіктерде эндогамиялық неке басым болды. Некелесушілердің арасындағы экзагамиялық, немесе эндогамиялық салттар, ата-ене, күйеудің тыстары мен келіннің, күйеу мен қайын жұрттың, нағашы-жиен қарым-қатынасы мәселесінде де регион халықтарында ұқсастықтар басым. Дегенмен де бұл салада да көшпелі, жартылай көшпелі халықтар келіннің күйеуінің жасы үлкен еркек кіндікті туыстарынан «ұялып қашу» (бет көрмеу (избегание) әдеті отырықшы халықтарға қарағанда әлсіз болды, кей жағдайда бұл салт тіпті сақталынбады.
Баланың дүниеге келіп, тәрбиеленіп өсуіне байланысты әдет-салттар, жоралар негізінен халықтардың баланың аз-көптігіне деген ұстанымы, ұл-қызға деген қатынасы, бойға бала біткеннен босануға дейінгі жоралар, әйелді босандыру ырымдары, шілде ғұрып-ырымдары, қырқынан шығару, баланың әрі қарай өсуіне байланысты ырым-жоралғылар қазақ, өзбек, қырғыз, түркмен, қарақалпақ, тәжіктерде негізгі құрамдас бөлігі жағынан біркелкі. Сонымен қатар, әдет-ғұрыптардың орындалуында, ырым-жоралғыларда пайдаланылатын заттары, тағамдары, мал-жер өнімдері жағынан айырмашылықтар бар. Мұсылман дінінен келген ғұрыптардың әсіресе өзбек, тәжіктерде мәні зор. Атап айтқанда, өзбектер мен тәжіктер, сүндет тойға ерекше мән береді. Олардағы тойдың үлкені сүндет той.
Ғұрыптардың ең қомақты бөлігіне қайтыс болған адамды жерлеу және артын күту ғұрыптары жатады. Бұл саладағы ғұрыптар бір жағынан, өзінің консервативтігімен ерекшеленсе, екінші жағынан, олардың көпшілік тұстары, регион халықтарына ортақ ислам дінінің қағидаттарымен анықталады. Сондықтан да, бұл ғұрыптар жүйесінде қарастырып отырған халықтар ғұрпында ортақтастықтар, ұқсастықтар өте көп. Сонымен қатар, өлім ғұрыптарына қатысты архаикалық «тұл» салты, өлікке ат арнау жоралғысы тек қазақта ғана жақсы сақталған, бұлардың жұрнақ түрлерін қырғыздардың бір тобынан, өзбектер арасындағы қыпшақ, қоңыраттардан да табуға болады. Өзбектердің, қарақалпақтардың жерлеу салтында зороастрийлік жұрнақтар көптеп кездеседі.
Орталық Азия халықтары және қазақтардың әдет-ғұрыптарында этностадиалдық жүйелер, жекелеген элементтер көп кездеседі. Оларды үнді-ирандық, дейтүркілік, түркілік, исламға енгеннен кейінгі, халықтардың қалыптасқанынан кейінгі деп бөлуге болады. Кезеңдік (стадиалдық) ғұрыптарды анықтау, оларды заман-заманымен жіктеу өте қиын жұмыс.Бұл ретте, әсіресе,тәжіктер мен өзбектерде аналық рудың, зороастризмнің Мүмкін болған жағдайда біз бұл мәселеге де мән беруге тырыстық.
ХІХ ғ. Орталық Азия халықтары және қазақтар таза дәстүрлі қоғамда өмір сүрмесе де, өз ғұрыптарын біршама сақтауға жағдай болған еді. Ал ХХ ғ. бірінші жартысында Қазан төңкерісі, Кеңестік саяси-идеология әсерінен олардың отбасылық ғұрпында біршама өзгерістер болды. Бұл өзгерістердің деңгейі Орталық Азия – Қазақстанның барлық халықтарында бірдей болмады. Өзбек, тәжіктердің, түркімендердің, жартылай қарақалпақтардың өмір-тұрмысының, әсіресе отбасылық өмірінің бұйығы, томаға-тұйық болуына байланысты, оларда көптеген діни салт-ғұрыптар, ырым-жоралғылар жақсы сақталды. Кеңес заманында әсіресе қазақтар мен қырғыздардың отбасылық әдет-ғұрыптары көбірек өзгеріске ұшырады.
Орта Азияның қарастырып отырған халықтарының отбасылық әдет-ғұрыптары мен салт-саналарын өзінің мәдениет құраушы, анқтаушы негізгі белгілері жағынан мынадай төрт топқа бөлуге болады деп есептейміз: қыпшақтық , шағатайлық, оғыздық, ирандық топтар. Кейбір әдет-ғұрыптар аралас топтық сипатта, мысалы, қыпшақ-шағатайлық, қыпшақ-оғыздық, оғыз-шағатайлық, түркі-ирандық.
Сонымен қатар аймақ халықтарының әдет-ғұрыптары өзінің шығу негіздері, пайдаланылатын атрибуттары, ғұрыптардың мән-мағнасы, ішкі идеологиясы бойынша, бір жағынан, көшпелі, жартылай көшпелі малшы халықтар ғұрыптары болып, екінші жағынан, отырықшы-егіші халықтар дәстүрі болып бөлінеді. Регион халықтарын бұндай мәдени-шаруашылық жіктерге бөлу бұрыннан бар. Біздің жаңалығымыз, осы пікірді отбасылық әдет-ғұрыптар негізінде бекіте түсуімізде.
Орталық Азия халықтары мен қазақтардың отбасылық әдет-ғұрыптарынан олардың негізгі мәдени-шаруашылық типіне қарай малшылық-көшпелілік салттар, отырықшы-егіншілік ғұрыптар топтары болып бөлінеді.
Аймақ халықтарының отбасылық ғұрыптарында тәңірлік дін, ислам діні, зороастр, т.б. діндердің, идеологиялардың әсері жалпы ұқсас болғанымен, олардың тұрмысқа ену нәтижесі тұп-тура бірдей болған жоқ. Бұл жағынан, регион халықтарын мөлшермен үш типологиялық топқа бөлдік, оның ішінде: қазақ пен қырғыздар бір топ, қарақалпақтар мен түркімендер екінше топ, ал өзбек пен тәжік – үшінші топты құрайды.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы Орталық Азия халықтары мен қазақтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын салыстыра отырып, біз дәстүрлердің мазмұны Орталық Азия халықтары мен қазақтардың жалпы дәстүрлеріне ортақ, бірдей екендігін кейбір салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін де байқадық.
Мәселен, үйлену дәстүрлерінің бірінші кезеңі болып саналатын құда түсу, қалыңмал төлеу, үйлену тойы, ұрын бару, некелесу сияқты әдет-ғұрыптар қырғыздар мен қазақтарда ұқсастығы жағынан бірдей. Үйлену тойын қыздың әкесінің үйінде немесе жігіттің әкесінің үйінде өткізу мәселесінде, бата беру дәстүрлерінде қырғыздар, қазақтар және жартылай көшпелі өзбектер салттары ұқсас болып келеді. Осы жағынан алып қарағанда қырғыздар мен қазақтарда қолданылатын отбасылық, некелік қарым-қатынас атаулар ұқсастығымен ерекшеленеді. Қазақтар мен қырғыздардың, өзбектер мен түрікмендердің үйлену тойы салт-дәстүрлерінде кездесетін тартыс, қалыңдық пен жігітті байлау, арқан тарту, жар-жар, беташар, неке қию, той ойындары дәстүрлерінің ұқсастығы бірдей.
Жалпы өліктің артын күту салтындағы «қонақ асы», жетісі, қырқы, жылы өзінің ғұрыптық рәсімдерінің байлығы, күрделілігі, түрлілігі жағынан түркі халықтарының, оның ішінде көшпелі-малшы халықтардың дәстүрінде кең орын алады. Оның өткізілуінің әлеуметтік-қоғамдық мәні жағынан да осы түркі халықтардың ортасында ерекше салтанатты. Бұл ғұрыптардың генезисінің түркілік екендігінде дау жоқ. Сонымен қатар, аймақтың түркі халықтарының ішінде бұл ғұрыптың ең шыңы болып есептелетін ас түрі негізінен тек қыпшақтық текті – қазақтар мен қырғыздарда орындалады. Сондықтан бұл мәдени құбылыстың төркінін түркілік–қыпшақтық десе де болады.
Қазақтар мен Орталық Азия халықтарының отбасының түрлерін, отбасылық әдет-ғұрыптарын үлкен екі топқа жіктедік: 1. Түркілік топ, оған регионның түркі тілдес халықтарының отбасы мен отбасылық ғұрыптары жатады. 2. Ирандық топ, оны негізінен тәжіктердің отбасылық ғұрып-салттары құрайды. Өз кезегінде мәдениеттің мазмұнын анықтаушы негізгі, басты салттарының мәденигенетикалық, этногенетикалық тегі, түп-тамыры бойынша түркілік ғұрыптарды өз ішінде үш түрлі типологиялық топқа бөлдік: 1. Қыпшақтық топ. Оған қазақ, қарақалпақ, қырғыз және руға бөлінетін өзбектердің жекелеген бөліктері жатады. 2. Шағатайлық топ. Бұл топтағы салттардың негізін отырықшы, руға бөлінбейтін өзбектердің, оңтүстік қырғыздардың, өзбектермен аралас отырған қарақалпақтардың кейбір бөліктерінің ғұрыптары құрайды. 3. Оғыздық топ. Оны түркмендердің отбасы мен отбасылық ғұрыптары құрайды. Әдет-ғұрыптарының көп тұсының ұқсастығы жағынан тәжіктер және солармен қатар, аралас орналасқан отырықшы, руға бөлінбейтін өзбектердің отбасылық әдет-салттарында ортақтастықтар арнайы мән берерліктей көп. Жалпы Орталық Азияның түркі тілдес және ирантілдес халықтары осы мәдени-тарихи аумақта кемінде 2, ұзағында 3-4 мың жыл көршілес, шаруашылық-мәдени, діни аралас-құраластықта өмір сүргендіктен олардың отбасылық әдет-ғұрыптарында ортақ жүйе құрушы салттар, олардың ортақ дүниетанымдық-идеологиялық мән-негіздері, атрибутикалық-заттық нышандары қалыптасты.
Біз Орталық Азия халықтары мен қазақтардың отбасын, отбасылық әдет-ғұрыптарын зерттеу барысында олардың әз заманға жататын стадиалдық түрлерін, белгілі бір діни сенімдермен байланыстылығын, шаруашылық-мәдени типтермен астасып жатқандығын анықтаумен қатар, олардың мәденигенетикалық түп тамырын барлап, оның сан ғасырлық этногенетикалық, тарихи үдерістермен байланыстылығына көзімізді жеткіздік. Жалпы әдет-ғұрыптардың генезисі арқылы біздің жасаған қорытындыларымыз бұғанға дейінгі тарих ғылымында жасалып келген этногенетикалық тұжырымдарға қайшы келмейді, қайта оларды жаңа, тың материалдармен байытып, толықтыра түседі.
Толеубаева Кульжазира Мейрамовна
Семья, семейные обычаи, обряды казахов и народов Средней Азии (сравнительно-этнографическое исследование)
РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание ученой степени
доктора исторических наук по специальности
07.00.07 – Этнография, этнология и антропология
Актуальность темы исследования. Семья, семейные обычаи и обряды казахов и народов Средней Азии в отдельности были предметом исследования многих историков и этнологов до Октябрьской революции и в советское время. Следует отметить, что все эти исследователи занимались только изучением семьи, семейных обычаев и обрядов отдельно взятых народов. Теме брака и семьи народов Средней Азии и Казахстана в целом была посвящена только работа Н.А.Кислякова, отдельные аспекты научной проблемы нашей диссертации были затронуты в работах Н.П.Лобачевой, Г.П.Васильевой и О.А.Сухаревой. Таким образом, семья, семейные обычаи и обряды народов Средней Азии и казахов в сравнительно-историческом плане, в плане выявления общего и особенного, стадиального, этнокультурного и этногенетического, в таком общерегиональном масштабе, изучается впервые.
Цель и задачи исследования. Целью исследования является через сравнительное изучение семьи, семейных отношении, семейных обычаев и обрядов казахов и народов Средней Азии, выявление общего и особенного в историко-стадиальном, этнокультурном, этногенетическом и хозяйственно-культурном отношениях. В связи с этим решаются следующие конкретные задачи:
-
Изучение форм семьи, внутрисемейных отношении у казахов и народов Средней Азии, определение общего и особенного у народов в этой области традиционной формы человеческого общежития.
-
Через описание основных циклов свадебной обрядности народов изучаемого региона – выявление общих обычаев и обрядов, характерных для для отдельных этносов, групп народов, для всего региона и объяснение их историко-культурных причин;
-
Описание и сравнительно-исторический анализ детской обрядности казахов и народов Средней Азии, выявление их связей с историко-культурными, этногенетическими процессами на территории историко-этнографической области от древности до позднего средневековья;
-
Описание и сранительный анализ похоронно-поминальных обычаев и обрядов народов региона, с целью выявления историко-стадиальных, религиозных, этнических и этнокультурных корней этих культурных традиций;
-
Изучение семантики отдельных семейных обычаев и обрядов народов этой историко-этнографической области и их связей с аналогичными обычаями этносов соседних историко-этнографических районов;
- Выявление связей происхождения отдельных семейно-брачных обычаев и обрядов со стадиальными историко-этнографическим традициями и хозяйственно-культурными типами.
Научная новизна исследовательской работы. При общей характеристике новизна нашей работы заключается в исследовании и анализе семейно-брачных обычаев и обрядов народов данной историко-этнографической области в сравнительно-этнографическом плане. Новизна работы в оценке решения конкретных задач заключается в следующем:
- У народов Средней Азии традиционно существовали две формы семьи, это неразделенная большая патриархальная и малая нуклеарная семья. В частности для народов с устойчивыми традициями родоплеменного деления и преимущественным занятием скотоводством (казахи, киргизы и каракалпаки) больше характерно малая, разделенная семья. Малая семья у них сосуществовала с многочисленными пережитками большой патриархальной семьи. У таджиков, узбеков, и части туркмен продолжала главенствовать традиция большой патриархальной семьи. Сохранение большой патриархальной семьи у бывших земледельческих народов, наряду с другими второстепенными причинами, во многом связано с нежеланием раздела земли.
-
У народов с сильными традициями родоплеменного деления семейно-брачные отношения преимущественно строились по принципу экзогамии (казахи, киргизы, часть каракалпаков, узбеков с родоплеменным делением), исключение составляют только туркмены. Причем экзогамию до седьмого поколения соблюдали только казахи. Народы, не практиковавшие родоплеменное деление браки заключали, в основном, по обычаю эндогамии. К ним относятся таджики, узбеки без родоплеменного деления и большинство туркмен.
-
Такие обычаи и обряды как сватовство, калым за невесту, урын бару, кайтарма, свадьба в ауле невесты, обрядовая борьба за невесту, мусульманское бракосочетание, свадебный поезд невесты, свадьба на жениховой стороне, беташар, жар-жар, проверка невинности невесты, приобщение невесты к семейному очагу жениха, избегание имеют место почти у всех народов изучаемого региона, много общего в их содержании, но и немало национально-специфического в исполнении этих обычаев и обрядов, в составе предметов, участвующих в различных ритуалах. По этнокультурному и этногенетическому происхожднению эти обычаи и обряды были классифицированы нашими предшественниками и нами на следущие группы: тюрские и иранские, тюркские в свою очередь были подразделены на кипчакские и огузские.
-
Обычаи и обряды так называемого детского цикла были также описаны и проанализированы в следующем порядке: беременность, различные запреты при беременности, обряды сопровождающие роды, культ богини Умай, чилля и связанные с ней обряды, имянаречение, ритуалы укладывания в колыбель и обряд «тусау кесу» и т.п. В результате сравнительно-исторического анализа нами выявлены их древние индо-иранские, тюрские корни, исконно скотоводческие или земледельческие предметы фетишизма, магии и различных культов. Почти все основные циклы детских обычаев и обрядов нами впервые были классифицированы по стадиальности их происхождения, по этнокультурной принадлежности, по хозяйственно-культурному типу народов- исполнителей этих обычаев.
- В похоронно-поминальной части смейных обычаев и обрядов нами описаны и проанализированы: претставления народов о душе, обычаи сопровождающие наступление смерти и допохоронный период, похороны, траур, причитания по умершему – жоқтау традиция «заместителя умершего» – тұл, поминки по умершему. Так как похоронные обычаи и обряды в большинстве случаев имеют религиозное и суеверное происхождение, нами в этой области традиции выявлены зороастрийские, тенгрианские и исламские пласты мировоззрения, идеологии и ритуалов. Традиционные обычаи и обряды и в этой области обрядовой жизни прослеживают определенные различия, что также связано с этногенетическими и хозяйственно-культурными особенностями их исторического развития и взаимоотношения с другими культурами.
Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, пяти глав, заключения, списка использованных источников, списка информаторов и приложений.
Достарыңызбен бөлісу: |