Тоқмансай селолық округінің әкімі Н. Жалашевтің 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі91.59 Kb.
#13957
Тоқмансай селолық округінің әкімі Н.Жалашевтің 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Тоқмансай селолық округінде төрт елді – мекен орналасқан Қайнар,Тоқмансай, Өлетті және Тоқмансай станциясы.

Тоқмансай селолық округі бойынша халық саны 1558 адам , атап айтар болсақ Қайнар ауылында 880 адам, Тоқмансай ауылында 467 адам, Тоқмансай станциясында 191 адам, Өлетті ауылында – 20 адам. Тоқмансай селолық округінде 2 мектеп, 1 бала бақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фелдьшерлік пункт, 1 клуб, орталық кітапхана жұмыс жасайды.

2012 жылдың 14 қаңтарындағы Елбасымыздың «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын халыққа жеткізу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Елбасы жолдауда белгілеген басты бағыттар бойынша жан-жақты жұмыстар жасалуда.

Есептен шыққандар саны 30 адам, есепке тұрғандар саны 10. Көші-қон сальдосы – 2-ге тең.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы » туралы Заңына сәйкес селолық округ бойынша туылған балалар саны 23, некеге тұрғандар саны 7, қайтыс болғандар саны 6. Зейнеткерлер саны-225, мүгедектер саны- 38.

Селолық округ бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына тұрғындардың жеке меншік малының саны: ірі қара мал 1365, қой мен ешкі 2928 бас, жылқы 457 бас, 1200- ге жуық құс бар. шаруашылық құрылымда бойынша мал саны: «Тоқмансай» ЖШС-нда ірі қара мал 160 бас, қой мен ешкі 4200 бас, жылқы 326 бас; «Қарабура»ш/қ ірі қара мал 130 бас, жылқы 112 бас; «Жер-Ана-М» ш/қ ірі қара мал 48 бас, қой мен ешкі 750 бас, жылқы 8 бас; «Мурат» ш/қ ірі қара мал 49 бас, қой мен ешкі 610 бас, жылқы 11 бас; «Арай» ш/қ ірі қара мал 38 бас, қой мен ешкі 40 бас, жылқы 2 бас. «Ақжар-1» ш/қ ірі қара мал:38 бас,қой мен ешкі 95 бас,жылқы 32 бас.

2014 жылдың 1 қаңтарына Тоқмансай селолық округі бойынша 3670 бас ұсақ мал бірдейлендірілді. 612 бас бұзау бірдейлендірілді. Бруцеллезге қарсы тексеру бойынша 10336 бас қой мен ешкі малы егіліп, қаны алынды. Нәтижесінде 2 бас бруцеллезге шықты, жойылды. Селолық округ бойынша бруцеллезге қарсы 2744 бас ірі қара малынан қан алып, нәтижесінде 8 бас бруцеллезге шықты. Барлығыда сойылып жойылды. Құтыруға қарсы 248 бас ірі қара мал және 184 бас ит егілді. Оқушылар мен халық арасында құтыруға қарсы лекциялар оқылып, түсіндірілді. 2013 жылдың 9 айына 54 дана ветеринарлық анықтама берілді, оның ішінде 21 дана анықтама мал сою алаңы арқылы берілді. 1057 дана ветеринарлық паспорт берілді.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР 2005 ж. 28 маусымдағы № 63 заңына сәйкес 18 жасқа дейінгі балалары бар 14 отбасы жәрдемақы алады.

«Жеңілдіктер беру туралы » Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 717 шешімі селолық округте 19 адам жеңілдік алу үстінде олар 10 тыл ардагерлері , 3 адам Ұлы Отан соғысына қатынасқан жауынгерлердің жесірлері және бейбіт уақытында әскери қызметте атқару кезінде қаза тапқандардың 1 отбасына элект энергиясын, газ , көмір пайдалануда жеңілдік көрсетіледі.

Селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2318 қаулысымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы» 2013 жылға 106 анықтама берілді .

Жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы Заңына сәйкес жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі – халық арыздарын қарау.Есеп беру кезеңінде жеке тұлғалардан – 113 арыз түсті, олар уакытында қаралып, дер кезінде жазбаша жауап қайтарылып қанағаттандырылды, 1 арыз құрылымдық органның қарауына жіберілді.

2013 жылда іс – қағаздар айналымы - 150 кіріс іс қағаздары, 245 шығыс іс қағаздары тіркеліп тиісті орындарға уақытылы жауаптар қайтарылды.Есепті кезең ішінде шаруашылық кітаптарға тиісті өзгертулер енгізіліп тұрды,тұрғындардың сұранысы бойынша 477 анықтама берілді.

Шығарылған шешім -18, Өкім- 74.

Екі айлық санитарлық тазалау және абаттандыру кезінде селолық округ

бойынша 6 стихиялық қоқыс орындары жойылып, 262 тонна қоқыс шығарылды.

Селолық округ аумағындағы 10 сенбілік өткізіліп, көшелер мен аулалардағы тазалық жұмыстары кезінде 219 тонна қоқыс тиісті жерлерге шығарылды. 12 шаруашылық құрылым санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты, 6 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Тоқмансай селолық округі бойынша 01.01.2014 жылға штат кестесі бойынша әкімшілік қызметкерлері 6 бірлік, 1-әкім ,4 бас маман,1 жетекші маман.Штаттан тыс жұмысшылар – 2. 1еден жуушы, 1 – көлік жүргізуші.

2013 жылға бюджеттік қаржыландыру жоспарына 10000,7 мың теңге қаржы бөлінген. Кассалық және нақтылы шығындары 10000,7 мың теңгені құрады.

Соның ішінде

123-001-000 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село) аудандық (селолық) округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасын қаржыландыруға барлығы 6996,5 мың теңге бекітіліп, кассалық және нақтылы шығындары 6996,5 мың теңгені құрады.

111 «Жалақы» ерекшілігі бойынша 3242,5 мың теңге қаралып кассалық және

нақтылы шығындары 3242,5 мың теңгені құрады;

123-009-000 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы

бойынша 150,0 мың теңге қаралып,кассалық және нақтылы шығындары 150,0 мың

теңгені құрады;

123-013-015 «Аудандық маңызы бар қалаларда,кенттерде (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 910,0 мың теңге қаралып,кассалық және нақтылы шығындары 910,0 мың теңгені

құрады.

123-022-011 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы



бойынша – 362,0 мың теңге қаралып, кассалық және нақтылы шығындары 362,0

мың теңгені құрады.



  • 123-008-000«Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру » бағдарламасы бойынша – 70,0 мың теңге қаралып, кассалық және нақтылы шығындары 70,0 мың теңгені құрады.

  • 123-040-011«Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша – 1512,2 мың теңге қаралып, кассалық және нақтылы шығындары 1512,2 мың теңгені құрады.

  • Салық базасының қамтамасыз етілуі мен салық жиналымы,селолық округ бойынша 191 жеке меншік үй бар. Мүлік салығы 36162 теңге,жер салығы 89700 теңге,көлік салығы 142132 теңге жиналып,банкіге тапсырылды.Селолық округ бойынша 68 автокөлік бар,соның ішінде 48 жеңіл, 5 ауыр, 3 автобус, 12 доңғалақты трактор.

Селолық округ бойынша 250 бала жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін құжаттандырылды.

Бүгінгі таңда Қайнар ауылы бойынша 185үй, Тоқмансай ауылы бойынша 75үй, ст.Тоқмансай ауылы бойынша 42 үй көгілдір отынды игіліктеріне пайдаланып отыр.



Жеке кәсіпкерлікті дамыту: Селолық округ аумағында 7 жеке кәсіпкер тіркелген.Оның төртеуі азық – түлік дүкені,үш автобус жолаушылар тасымалдауымен айналысады .

Ауыз-су –Тоқмансай ауылындағы екі құдық хлорланып тазаланды, Қайнар ауылында 9 қоғамдық су колонкасы қойылды.

Ауыл шаруашылығы: 2013-2014 жылғы мал қыстату науқанына дайындық барысында ауыл тұрғындары мен шаруашылық құрылым басшыларының қатысуымен жиналыстар өткізіліп, арнайы штаб құрылды. 2013 жылға Тоқмансай селолық округі бойынша шаруашылық құрылымдармен барлығы 3875 мың гектар жерге бидай, 3050 мың гектар жерге арпа жиналды. Оның ішінде: «Тоқмансай» ЖШС-і 3580 мың гектар бидай, 2750 мың гектар арпа; «Жер-Ана-М» ш/қ 200 гектар бидай, «Мурат» ш/қ 60 гектар арпа, «Қарабура» ш/қ 100 гектар арпа, «Нурболат» ш/қ 35 гектар бидай, «Балдырған» ш/қ 60 гектар бидай, 10 гектар арпа; «Ляззат» ш/қ 60 гектар арпа, «Арай»ш/қ 80 гектар арпа екті.

Білім беру. Мектеп – қай кезде де ұлтты, ұлысты тәрбиелеу мен сақтаудың

кепілі, адамдарды үлгіге, өнегелі істерге бастайтын киелі орын.

Ұзтаз – ұлт ойының діңгегі.Діңгегі берік елдің ертеңі де ерен, болашағы зор.

Ең бірінші отаншылдық рухы кемел жеке тұлға тәрбиелеу арқылы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Сапалы білім алуға қол жеткізу, оларды еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына тарту. Бүгінде қазақ мектебі тек білім ошағы емес, рухани даму ошағы болып отыр. Тоқмансай орта мектебіы.Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша мектептің жалпы балы – 68% Жаңа оқу жылына 198 оқушы қабылданды. 26 ұстаз қызмет жасайды. Оның ішінде 2 жоғары, 13 бірінші, 6 екінші санаттыжәне 5 санатсыз мұғалімдер. . Тоқмансай орта мектебінде туризм және спорт, дзю-до секциясы және «Жас қанат» ән үйірмесі жұмыс жасайды.

Тоқмансай ауылында барлығы 0-18 жасқа дейін 130 бала бар. Мектеп жасындағы балалар түгел оқуға қамтылған. Биыл Тоқмансай негізгі мектебінде 67 оқушы, дайындық тобында – 7, шағын орталықта -18 бала екі ауысымда білім алып, тәрбиеленуде. Бастауыш сыныптардың 30 оқушысы мен қамқорлықтағы 2 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Мұғалімдер саны -15, орташа жасы -33, 1-2 категориядағылар 60%-ды құрайды. 3 мұғалім – ІІ категория, 4 мұғалім – І категорияға және 3 мұғалім біліктілігін арттыру курсынан өтті. 1 мұғалім Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды. Оқушылар мен мұғалімдердің жетістігі динамикасының мониторингі жүргізіліп отырды. Соның нәтижесінде оқушылардың білім сапасы 53,7% , мұғалімдердің сапалық құрамы 40% құрады. 1 оқушы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға қабылданды.

Биыл Өлетті бастауыш мектебі жабылды.

Автономды газ қазандығының құрылысы жүріп жатыр. Осыған байланысты биыл жөндеу жұмыстары жылдағыдан күрделі де сапалы жүргізілді. Құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бір жағынан, медкабинетке, кітапханаға, коридордан бөлек бөлме дайындау, асхананы кеңейту, класс бөлмелерін бөлу, есіктерін өзгерту, пластик терезелер салу, пандус орнату т.с.с. жұмыстар екінші жағынан ұйымшылдықпен жүзеге асырылды. Осы жұмыстардың бәрі өскелең ұрпақ денсаулығын ойлайтын мектептің педагогика ұжымы мен ата аналар жұртшылығының арқасында жүргізілді. Мектепке осындай демеушілік көрсетіп отырған ата-аналарға рахметтен басқа айтарым жоқ.

Денсаулық сақтау. Тоқмансай селолық округі бойынша Қайнар дәрігерлік амбулаториясы заманауи техникамен жабдықталған, Тоқмансай ауылында медициналық пункт жұмыс жасайды. 1 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 фельдшер, 3 медбике, 1 акушер, 1 күзетші жұмыс жасайды. Жедел жәрдем автокөлігі бар. Жылу жүйесі газбен жылытылады. Селолық округ аумағында нақты тұратын тұрғындар саны – 1446, отбасы саны – 354, диспансерлік есепте тұрған ересектер саны – 310. Диспансерлік бақылауда тұрған науқастар ай сайын уақытылы медициналық тексеруден өткізіліп, ақысыз түрде дәрілермен қамтамасыз етіліп отыр. 9 айда республикалық бюджеттен 105 мың теңге көлемінде ақша аударылып, диспансерлік бақылауда тұрған науқастарға тегін түрде дәрі – дәрмек беріліп отыр. Сондай – ақ бір жаспен бес жас аралығындағы балаларға да тегін түрде дәрі – дәрмектер беріліп отыр. Туберкулез ауруымен 1 науқас тіркеуге алынды. Барлығы 3 адам туберкулез ауруымен есепте тұрады және амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. Алдын ала екпе жұмыстары ай сайын жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.

«Көркейе бер, Туған жер!» акциясы аясында Тоқмансай негізгі мектебіне ауыл азаматтары 290500 теңге мектепке қажетті құрал – жабдықтар алып берсе, жөндеу жұмыстарына бюджеттен 31382 теңге, демеушілерден 171700 теңге қаражат, медкабинетке 24218 теңге құрал – жабдықтар алынды.

Балабақша ұжымының және ата- аналардың демеушілігімен балабақшаның жүргінші

жолдарына 100000 тенге тұратын брусчатка төселді. 45000 теңге көлеміндегі қаражат

балабақшаның шеру алаңына су бұрқақ жасауға жұмсалды. 160 000 теңге қаражатқа

жөндеу жұмыстары жүргізілді және 180 000 теңге көлеміндегі қаражатқа топ

бөлмелерінің ағаш есіктері, еденнің линолеумы және түсқағаздары ауыстырылды.



Байланыс. Дербес почта қызметкері аптасына екі рет халыққа газет- журнал басылымдары келіп тұрады, уақытында таратып, зейнетақы, жәрдемақыны беру,газ төлемдерін алу жұмыстарын жүзеге асырады. Ауыл тұрғындарын, мекеме қызметкерлерін баспасөзге жаздыру жұмыстарын жүргізеді. 2013 жылдың ІІ жарты жылдығына ауданның берген жоспарын баспасөзге жазылу кезеңін ойдағыдай аяқтады. «Отау - ТВ» отандық спутниктік телеарна желісіне Қайнар ауылы бойынша 35 абонент, Тоқмансай ауылы бойынша 15 абонент және ст.Тоқмансай ауылына 2 абонент қосылған.

Мәдениет мекемесі. Селолық Мәдениет үйінде мерекелік іс-шаралар, сайыстар, музыкалық кештер жоспарлы түрде өткізіліп отырады.Соның бірі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне «Ар-намысым,қасіретім,мақтанышым-Желтоқсан» мерекелік мәдени шара ұйымдастырылды.Мәдениет үйі газбен жылытылады, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта музыкалық жетекші қарастыралады. Мәдениет Үйі жанында кітапхана жұмыс жасайды. Кітапханада барлық кітаптар саны – 11040.Есептен шыққан кітаптар саны – 1500. Биылғы жылы 3680 жаңа кітаптар келді. Оқырмандар саны 437. Өлкетану тақырыбында жерлес ақындарымыз С.Баймолдин мен М.Құрманалиннің шығармашылығына арналған «Жыр әлемінің жампоздары» атты поэзия сағаты өткізілді.

Өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілген «Мақсұтым тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты облыстық Абай оқулары байқауына Тоқмансай негізгі мектебінің оқушысы Кремер Диана қатысып І орынды иеленді. 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлт мақтанышы – Елбасы» атты тәрбие сағаты 4 сынып оқушыларымен өткізілді.Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік» атты тақырыптық көрме жасалып,әдеби кеш өткізілді.


- Алға аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторымен құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау, болған қылмыстардың ізін суытпай ашу және ашылмай қалған қылмыстарды ашуға көзделген бірнеше шұғыл-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Учаскелік инспектордың «Мен Сіздің учаскелік инспекторыңызбын» акциясының барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысына сәйкес осы әкімшілік аймақта орналасқан әр үй, мекеме, жеке қожалықтар және тікелей ішкі істер органдарымен құқықтық байланыста болатын басқа да субъектілермен, азаматтармен жұмыстар жүргізілді. Сұрастыру арқылы тұжырымға сәйкес округте 145 дана көлік құралдары анықталған, оның ішінде 50 ауыл шаруашылық техникасы, және 8 мотоцикл. Олардың өз қаруларын заңға сәйкес сақтап, пайдаланып отырғандары анықталды. Мектеп оқушыларымен құқық бұзушылық профилактикасы, оқушылардың түнгі мезгілде өздігінен көшеде жүрмеуі туралы жиналыстар өткізілді. Түнгі мезгілде ДНД жұмысын қайта жаңғырту жөнінде шешім қабылданды.

2014 жылға алға қойылған мақсатты міндеттемелер

  1. Тоқмансай селолық округі әкімінің аппаратына ғимарат салуға қаражат сұрау.

  2. Есет батыр Көкіұлы ауылынан Қайнар ауылына дейінгі грейдер жолын күрделі жөндеу үшін

  3. Тоқмансай станциясы елді мекеніндегі ауыз су құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

  4. Тоқмансай ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

  5. Тоқмансай орта мектебінің жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу.



Н.Жалашев

Тоқмансай селолық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет