Алдын алу шаралары :
науқастары «Д» есепке алу (онкологиялық диспансері);
ауаны тазарту жұмыстарын жүргізу;
кәсіби зиянды факторларымен күресу;
флюорографиялық зерттеу жүргізу (40-тан асқан адамдар арасында);
темекі шегумен күресу;
пневмониямен жиі ауыратын науқастарды дер кезеңде емдеу, «Д» есеп.
П л е в р и т – плевра беттерінің қабынуы. Бұл кезде плевра қуысында сұйықтық (экссудат) жиналады. 5-7% барлық сұйықтықтардан плевраның алғашқы зақымдалуы өз еркімен болады.
Этиологиясы: туберкулез (70-90%), крупозды пневмония (10-30%), өкпе рагі, плевраның және өкпенің зақымдануы, бауыр циррозы, ревматизм, миокард инфарктысы.
Плевриттің жіктемесі (Е.В.Гембицкий, П.Г.Брюсов, 1991ж).
1. Этиологиясы бойынша плевриттер екі топқа бөлінеді:
инфекциялық (пневмококты, стрептококты, стафилококты, туберкулезді);
асептикалық немесе инфекциялық емес (ісікті, аллергиялық, аутоиммунды уремиялық, жарақаттан кейінгі, инфаркттан кейінгі, дәнекер тіндердің жүйелі ауруларында болатын плевриттер;)
2. Клинико-морфологиялық белгілеріне байланысты түрлері:
құрғақ (фибринозды) – сол немесе оң жақты, қос жақты, локальды жоғарғы, диафрагмалық, қабырғалық (пристеночный);
экссудатты-сұйықтықтың түріне байланысты түрлері: серозды, серозды-фибринозды, іріңді, шірікті, геморрагиялық, аралас;
экссудаттың орналасуына байланысты түрлері: сол немесе оң жақты, қос жақты, жайылма (диффузды), сөмкелі;
3. Даму түрі бойынша: жедел, жеделдеу, созылмалы (өршу және ремиссия фазалары);
4. Асқынулары: жедел өкпе-жүрек жетіспеушілігі, коллапс, шок, өкпе ісінуі, өкпе абсцессі, бауыр абсцессі, ми абсцессі, септикопиемия, плеврааралық жабысқақтар (сращения), омыртқаның майысуы (искривление).
Достарыңызбен бөлісу: |