Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен


ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ



бет31/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Методичка ДЫХ каз

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ

БРОНХИТ (ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ).


ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІК АУРУЛАРЫ.


Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту; оқушыларды ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен, емдеу және алдын-алу принциптерімен таныстыру; алған мағлұматтарды талдай білу.


Оқушы білуі тиіс:

- тыныс алу мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;


- тексеру әдістерін;
- ауру анықтамасын;
- тыныс алу жолдары обструкциясының себептерін;
- созылмалы обструктивті бронхиттің дамуына бейімдейтін
факторларды;
- жедел және созылмалы бронхиттің негізгі клиникалық бегілерін;
- ауру диагностикасын;
- бронхиттің емдеу принциптерін: антибактериалды, бронхты
кеңейтетін ем және оксигенотерапия;
- бронхиттердің профилактикасын;
- созылмалы бронхит кезіндегі диспансерлік бақылауды.


Оқушы істей білуі тиіс:

- пациенттің шағымын жинауды және обьективтік тексеру жүргізуді;


- осы ауруға тән симптомдарды анықтауды;
- болжамалы диагнозды негіздеуді;
- қосымша тексеру әдістерінен алынған мағлұматтарға
интерпретация жасауды;
- жургізілген тексеру нәтижесін қарап, осы науқастың жағдайына
баға беруді;
- науқастың тексеру және емдеу жоспарын құруды.


Оқушы білімін бекітуі тиіс:

- науқасты қосымша тексеру әдістеріне дайындауға;


- дене қызуын өлшеп, оны температура парағына тіркеуге;
- бұлшықетке, көктамырға иньекция жасауға;
- тыныс жиілігін, қан қысымын, пульсті есептеуге;
- медициналық құжаттамаларды толтыруға.


Бақылау сұрақтары

1. Бронхитке анықтама беріңіз. Қабыну кезіндегі бронхтарда дамитын


морфологиялық өзгерістерге сипаттама беріңіз. 1-ші суреттегі
қалыпты бронх пен қабыну кезіндегі бронхты анықтаңыз.



2. Бронхиттердің жіктелуі қандай?


3. Бронхиттің дамуына бейімдейтін қандай факторларды білесіз?
4. Бронхиті бар науқастардың алғашқы кундерінде болатын
шағымдарды атаңыз?
5. Аурудың қай этапында қақырық бөлінеді?
6. Жедел бронхит кезінде аускультативтік көрініс қандай?
7. Жедел бронхит диагнозын рентгенологиялық тексеру көмегімен
қоюға болады ма?
8. Жедел бронхиттің созылмалы бронхитке өтуіне не бейімдейді?
9. Созылмалы бронхиттің жіктелуі қандай?
10. Обструктивті бронхиттің клиникалық белгілерін атаңыз?
11. Бронхиттердің емдеу принциптерін атаңыз?
12. «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» (ӨСОА) түсінігіне не
жатады?
13. ӨСОА дамуындағы қауіп - қатер факторларын атаңыз?
14. ӨСОА-ң қандай клиникалық турлерін білесіз?
15. ӨСОА-ң емдеу принциптерін атаңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет