Тапсырма № 1
Дұрыс жауапты таңдаңыз.
1. Бронхиттің негізгі себептері:
А) иммунды жуйе бұзылысы;
Б) инфекция;
В) стресстер;
Г) физикалық күштеме.
2. Бронхиттің дамуына бейімдейді:
А) суықтану;
Б) диетаны бұзу;
В) қыздырыну;
Г) ауру науқаспен қатынаста болу.
3. Жедел бронхиттің ұзақтығы:
А) 1-2 апта;
Б) 2-3 апта;
В) 3-4апта;
Г) 4-5апта.
4. Бронхиттің симптомдары:
А) бас ауру, әлсіздік;
Б) кеудедегі ауырсыну, ентігу;
В) жөтел, ентігу;
Г) қан қақыру, тұншығу.
5. Созылмалы бронхиттің жиі асқынуы:
А) өкпеден қан кету;
Б) бронхиалды демікпе;
В) жүрек ақаулары;
Г) гипертониялық криз.
6. Бронхиттің емінде қолданылады:
А) қабынуға қарсы стероидты емес препараттар;
Б) миотропты спазмолитиктер;
В) диуретиктер;
Г) муколитиктер.
7. Созылмалы бронхитте бронхообструктивті синдромның көрінісіне
біреуінен басқа барлығы жатады:
А) мазаны алатын жөтел;
Б) тыныс шығарғанда естілетін құрғақ ысқырықты сырылдар;
В) ентігу;
Г) қиын бөлінетін қақырық;
Д) қақырықта Куршман спиральдары;
8. Созылмалы бронхитті антибиотиктермен емдеу керек:
А) күзгі-қысқы мезгілдерде;
Б) ұзақ уақыт бойына;
В) антибиотиктерді мулдем қолдануға болмайды;
Г) іріңді қақырық бөлінгенде;
Д) қан қақыру пайда болғанда.
Тапсырма № 2
ӨСОА түрін анықтаңыз (сурет 2, а мен б) және оны сипаттаңыз
Ситуациялық есептер
Есеп № 1
Кешке күн бата көршіңіз сізге құрғақ, мазаны алатын жөтелге, төс артының қызу сезіміне, бас ауруға шағымданып келді.
Обьективтік тексеру: дене температурасы 37,60С. Өкпенің екі жағында да қатаң тыныс және құрғақ сырылдар естіледі (сурет 3).
1. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
2. Қазіргі аурудың негізгі себептері?
3. Науқасқа беретін сіздің кеңесіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |