Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет33/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Есеп № 2

Науқас әлсіздікке, тершеңдікке, құрғақ жөтелге, кешке қарай мазалайтын аздаған қалтырауға шағымданады.


Обьективтк тексерудеі: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,50С, терісі қалыпты тусті, аздап ылғалды, цианоз жоқ.
Перкуссияда кеуде клеткасында өкпелік дыбыс.
Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, жайылмалы түрде интенсивтілігі мен тоналдылығы әр түрлі құрғақ сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 18 рет.
Жалпы қан анализінде: патология жоқ.
Рентгенологиялық тексеруде өкпе патологиясы анықталмады.

1. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?


2. Науқастың күтімі мен емін жоспарлаңыз.


Есеп № 3

28 жастағы ер адам соңғы 1 айда аз көлемде бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37,20С - 37,50С аралығында жоғарылауына, жалпы әлсіздікке, мазасыздыққа шағымданады.


1. Диагнозды қоюға науқастың қандай тексеру әдістері нәтижелі?


2. Емдеу ерекшеліктері?
Есеп № 4

Науқас 18 жаста, шылым шегеді, 4 күн бұрын суықтанғаннан кейін жедел түрде ауырған. Кілегейлі қақырыққа, дене қызуының 380С дейін жоғарылауына, кеудесінің қысылуына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады.


Обьективті: терісі бозғылт, көмейі қызарған, өкпе перкуссиясында анық өкпелік дыбыс, өкпе аускультациясында қатаң тыныс, жайылмалы түрде құрғақ сырылдар естіледі, жүрек тондары ырғақты, тахикардия минутына 100 рет, АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ.бойынша.

1. Қандай ауру жөнінде ойлауға болады?


2. Науқас қандай күтім мен емді қажет етеді?
3. Науқасқа беретін сіздің кеңесіңіз?
Есеп № 5

Сіз фельдшерлік-акушерлік пункте жұмыс істейсіз. 60 жастағы науқас сары түсті қақырықпен жөтелге, физикалық күште мазалайтын ентігуге шағымданып келді. Жөтел пациентті соңғы 20 жыл көлемінде мазалайды. Жылдың суық мезгілдерінде жағдайының ауырлайтындығын және соңғы 3-4 жыл көлемінде ентігу пайда болатынын айтады. Дәл қазіргі жағдайының ауырлауы 1 апта көлемінде болған. Науқас темекіні шамадан тыс көп шегеді.


Обьективтік тексеруде: еріндері цианозды. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді, қабырға аралықтары алшақталған. Тыныс алу қозғалысының амплитудасы төмен.
Аускультацияда қатаң, әлсіз тыныс фонында жайылмалы құрғақ сырылдар естіледі.

1. Науқас жағдайы немен негізделген?


2. Анамнезінде аурудың дамуына бейімдейтін қауіп-қатер
факторларын атаңыз (сурет 4)?
3. Бұл науқаста аурудың қандай асқынулары дамуы мүмкін?
4. Өршудің алдын алу мақсатында науқасқа не кеңес бересіз?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет