Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет34/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Есеп № 6

Науқас А, 48 жаста, аздаған физикалық күштен күшейетін тұрақты ентігуге шағымданып келді. 25 жыл көлемінде күніне 1,5-2 қорап темекі шегетінін айтады. Алғашқыда аз көлемде, қиын бөлінетін кілегейлі ақшыл-сұр түсті, кейіннен жасыл түсті қақырықпен жөтел мазалаған. Соңғы 5 жылда ентігу қосылған, ал соңғы 1 ай көлемінде жедел респираторлы инфекциядан кейін ентігу күшейіп, көп көлемде сары-жасыл түсті қақырық бөлінген.


Обьективтік тексеруде: кеуде клеткасы көлденең кеңейген, өкпе перкуссиясында қорапты дыбыс, аускультацияда қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында жайылмалы түрде төмен тембрлі құрғақ сырылдар естіледі.
Жалпы қақырық анализінде: лейкоциттер - 150 к/а, жалпақ эпителий - көп көлемде к/а.

1. Сіздің болжамалы диагнозыңыз


және оны негіздеңіз.
2. Диагнозды растау және аурудың
ауырлық дәрежесін анықтау
мақсатында қандай тексерулер
жургізу керек?
3. Жалпы қақырық анализін жинау
ережесі (сурет 5)?
4. Сыртқы тыныс алу бұзылысының
обструктивтік типіне не тән?
5. Осы науқасқа емдеу жоспарын құрыңыз.
6. Жеке қалталы ингаляторды қолдану
ережесін науқасқа үйретіңіз?
Оқушылардың өзіндік жұмысының түрлері:

- Тақырыпқа сай ситуациалық есептерді құру.


- Аурудың графологиялық құрылымын құру.
- «Мейірбикелік іс негіздері» курсынан бұлшықет, көктамыр иньекциясын және
қалталы ингаляторды қолдану ережесін, әр түрлі тексерулерге қақырық
анализдерін жинау ережелерін қайталау.
- Науқастарға «Бронх кезіндегі фитотерапия» тақырыбына ескертпелерді құру.
БРОНХИАЛДЫҚ ДЕМІКПЕ


Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту; оқушыларды ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен емдеу және алдын-алу принциптерімен таныстыру; алған мағұлматты талдай білу.
Оқушы білуі тиіс:

- Бронхиалды демікпенің анықтамасын;


- Этиологиясын, аллергендердің түрлерін;
- Бронхиалды демікпе жіктелуін;
- Бронхиалды демікпенің клиникалық белгілерін;
- Асматикалық жағдайдың клиникасын;
- Бронхиалды демікпенің қазіргі заманға сай диагностикалық
ерекшеліктерін;
- Тұншығу ұстамасы кезіндегі көмек көрсету алгоритімін;
- Бронхиалды демікпенің қазіргі заманға сай сатылы емін;
- Бронхиалды демікпе кезінде қолданылатын емдік препараттардың
негізгі топтарын;
- Бронхиалды демікпенің профилактикасын;
- Бронхиалды демікпе ұстамасы мен асматикалық статус кезінде ауруханаға дейінгі
шұғыл көмектегі фельдшер тактикасын;
- Бронхиалды демікпесі бар науқастарды диспансерлік бақылауды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет