Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет37/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Динамикалық есептер
Есеп № 1
Созылмалы синуситі бар 40 жастағы әйелде артриттің жедел түрі дамыды. Дәрігер ацетилсалицил қышқылын тағайындаған, кенеттен науқаста тұншығу ұстамасы пайда болды.


Дұрыс жауапты таңдаңыз.

1. Болуы мүмкін себеп:


А) астманың дамуы;
Б) дәнекер тінінің аралас бұзылу синдромы;
В) ацетилсалицил қышқылына аллергиялық реакция;
Г) бөгде денеден аспирация.

2. Объективтік тексеруде қай жүйеге көңіл бөлу керек:


А) ЛОР – мүшелер;
Б) жүрек қантамыр жүйесі;
В) асқорыту жүйесі;
Г) аяқ қолдар.


Есеп №2
32 жастағы науқасқа сізді шақыртты. Бронхиалды демікпемен 10 жыл көлемінде ауырады. Дәл қазір жағдайда ентігу айқын, қабырға аралықтары алшақтаған. Тері астына еккен адреналиннен нәтиже төмен.


Дұрыс жауапты таңдаңыз:

1. Науқастың артериалды қанының газдық құрамы ро2 = 60% . Осыған


байланысты төмендегі шаралар жасалуы тиіс:
А) өкпені жасанды желдендіру және интубация;
Б) оттегі ингаляциясы;
В) антибиотиктерді енгізу;
Г) атропин енгізу.

2. Төмендегі шаралардың шұғыл жағдайда біреуінен басқасы барлығы қолданылады:


А) кортикостероидтарды енгізу;
Б) сұйықтықтарды көк тамырға егу;
В) муколитикалық препараттар;
Г) эуфиллинді енгізу.

3. Науқас интенсивті емнен кейін жақсарып стационардан шықты, бірақ


4 күннен кейін қабылдауға қайта келді. Бұл кезде ФВД көрсеткіштері:
А) өршудің алдыңдағы кезеңмен салыстырғанда нашар;
Б) өршудің алдыңдағы кезеңмен салыстырғанда жақсы;
В) қалыпты көрсеткіштермен салыстырғанда өзгеріссіз.
Есеп № 3

Науқас К., 50 жаста, мед пунктке бронхиалды демікпенің ұстамасына ұқсайтын симптомдармен келді.




Дұрыс жауапты таңдаңыз ( санмен көрсетіңіз).

1. Бронхиалды демікпенің ұстамасына тән:


А) жүрек тұсындағы ұстама тәрізді ауырсыну – 1.
Б) эпигастрий аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну, лоқсу, құсу – 2.
В) экспираторлы ентігу, жөтел, тұншығу – 3.
Г) бастың қатты ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу – 4.

Осы тәрізді ұстамалар науқасты 3 жыл көлемінде кезеңді түрде


парфюмериялық иісі бар кейбір заттарды қолданғаннан кейін мазалайды.

2. Шұғыл көмек ретінде фельдшер қолданады:


А) ингаляциялық сальбутамол – 5.
Б) тері астына кордиамин – 6.
В) тіл астына нитроглицерин – 7.
Г) бұлшық етке аналгин – 8.

Көрсетілген көмекке қарамастан, әйел ентігу мен әлсіздіктің күшейгендігін айтады.


3. Бұл жағдайда міндетті түрде енгізу керек:


А) жүрек гликозидтері, диуретиктер – 9.
Б) бронхолитиктер, кортикостероидтар – 10.
В) наркотикалық аналгетиктер – 11.
Г) гипотензивті препараттар – 12.

Науқас жағдайы салыстырмалы түрде жақсарды, яғни жөтелгенде қақырық бөлінеді, ентігу азайды.


4. Науқас жағдайына байланысты фельдшердің келесі тактикасы:


А) жұмыстан босатып, үйіне қайтару – 13.
Б) госпитализациялау мақсатында жедел жәрдем шақырту – 14.
В) жергілікті дәрігерге қаралуға кеңес беру – 15.
Г) жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу үшін жолдама беру – 16.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет