Есеп № 4
Науқас, 35 жаста, аптасына 1 рет немесе оданда сирек ұстайтын, бірақ қысқа әсерлі β2 - адреномиметиктерден басылатын экспираторлы ентігуге шағымданады. Ұстама кезінде өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ұстамалар аралығында қалыптыдан ПСВ > 80% .
Дұрыс жауапты таңдаңыз ( санмен көрсетіңіз).
1. Бұл науқаста:
А) интермиттеуші астма – 1.
Б) жеңіл персисттеуші астма – 2.
В) орташа ауырлықтағы персисттеуші астма – 3.
Г) ауыр ағымды персисттеуші астма – 4.
Д) бронхиалды демікпенің ауырлық дәрежесін анықтау үшін бұл
ақпарат жеткіліксіз – 5.
2. Науқасқа міндетті түрде тағайындалады:
А) қысқа әсерлі ингаляциялық β2 - адреномиметиктерді тұрақты
қолдану – 6.
Б) орташа дозада ингаляциялық кортикостероидтарды тұрақты
қолдану – 7.
В) кромоглицидті қышқылды ( интал) тұрақты қолдану – 8.
Г) теофиллинді тұрақты түрде ішу – 9.
Д) қысқа әсерлі ингаляциялық β2 - адреномиметиктерді қажеттілігіне
қарай қолдану, тұрақты медикаментозды емнің қажеттілігі жоқ – 10
Есеп № 5
Науқас, 36 жаста, ұстама тәрізді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданып келді. Жөтел ұстамасы көбінесе түнде және таң ата, күндіз суық, ылғалды ауаға шыққанда мазалайды. Пневмониямен ауруына байланысты антибиотиктерді тұрақсыз қабылдағаннан кейін қиын бөлінетін қақырықты жөтелдің сақталуына сәйкес науқас өзін 1,5 ай көлемінде ауру санайды. Жөтелге қарсы, қақырық түсіретін препараттардың қолдануы нәтижесіз. Шылым шекпейді, бірақ бала кезінен атопиялық дерматитпен ауырады.
Объективтік тексеруде: өкпеде қатаң тыныс, екі жағында да құрғақ ысқырықты
сырылдар естіледі. Өкпенің рентгенологиялық тексеруі ерекшеліксіз.
Жалпы қан анализінде – эозинофилия, жалпы қақырық анализінде – көп көлемде эозинофилдер, аз көлемде бактериалды флора анықталды.
Дұрыс жауапты санмен белгілеңіз.
1. Сәйкес келетін диагноз:
А) пневмонияның созылмалы түрі – 1.
Б) созылмалы обструктивті бронхит – 2.
В) бронхиалды демікпе – 3.
Г) өкпе туберкулезі – 4.
2. Диагнозды нақтылау үшін жүргізілетін қосымша тексеру әдістері:
А) ФВД тексеру – 5.
Б) терде натрий мен хлор концентрацияларын анықтау – 6.
В) ингаляциялық β2 – адреномиметиктермен сынама жүргізу – 7.
Г) микрофлораның антибиотиктерге сезімталдылығын анықтайтын
қақырықтың бактериологиялық тексеруі – 8.
3. Науқасқа тағайындау керек:
А) микрофлора сезімталдылығына сәйкес антибиотиктерді – 9.
Б) ингаляциялық кортикостероидтарды – 10.
В) қақырық түсіретін препараттарды – 11.
Г) бронхолитиктерді – 12.
4. Ем оң нәтиже беріп, ауру симптомдары жойылса жүргізілуі керек:
А) медикаментозды емді тоқтату – 13.
Б) ингаляциялық кортикостероидтардың дозасын біртіндеп төмендетіп
сүйемелдеуші дозада қалдыру – 14.
В) емдік тестпен таңдап алынған бронхолитиктерді қолдануды
жалғастыру – 15.
Г) микрофлора сезімталдылығына сәйкес таңдап алынған
антибактериальды емді жалғастыру – 16.
Достарыңызбен бөлісу: |