Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет39/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Клиникалық есептер


Есеп № 1

Созылмалы бронхиті бар 49 жастағы науқаста кенеттен тұншығу


ұстамасы дамыды.
Объективтік тексеруде: науқас боз, қорқыныш сезімі бар, кеудесімен дем алады, дем жетпеуге байланысты төсектегі қалпы тынышсыз. Кеуде клеткасы ұлғайған, өкпесін тыңдағанда жайылмалы түрде құрғақ сырылдар естіледі.



  1. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

  2. Ауруханаға дейінгі шұғыл көмектің негізгі принциптерін атаңыз?

  1. Кейін жүргізілетін ауру емі қандай?

Ем мақсатында қолданылатын препараттардың әсер ету
механизмін сипаттаңыз (сурет 9).


Есеп № 2

Науқас, 39 жаста. Тыныс шығарудың қиындауымен жүретін тұншығу ұстамасы науқасты 30 жастан бері мазалайды және ол бензин иісінен, салқын ауадан пайда болған. Ұстама кезінде ысқырықты құрғақ сырылдар арақашықтықта естіледі және пароксизмдер аз көлемде жабысқақ қақырықтың бөлінуімен аяқталады. Пневмониямен 3 рет ауырған. Соңғы ұстама күнделіктіден ұзаққа созылғандықтан жедел жәрдем шақыртқан. Соңғы 2 жыл көлемінде әйелдің АҚҚ 180/100 мм.сын.бағ. дейін кезеңді түрде жоғарылайды. Есепші қызметін атқарады. Жылы, құрғақ пәтерде тұрады. Науқастың анасы мен апасында есекжем жиі болады.


Ұстамадан кейін науқастың келесі күнгі объективтік тексеруде жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты, өкпе перкуссиясында қорапты дыбыс, өкпе шекаралары төмен қарай ығысқан.
Аускультацияда тыныс әлсіреген, өкпенің барлық алаңында жайылмалы түрде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсең, өкпе сабауында II тон акценті, пульс минутына 84 рет. АҚҚ 140/80 мм.сын.бағ.. Науқас ұстаманың жиілеуіне және күшеюіне байланысты пульмонология бөліміне госпитализацияланды.



  1. Жалпы қан және қақырық анализдерінде қандай өзгерістер анықталуы мүмкін?

  2. Диагностикалық әдістердің біреуін атаңыз және оның маңызы? Тексеруді қандай аспаппен жүргізеді ( сурет 10 )?





  1. Науқастың ұстамасын басу үшін қай препарат қолданылады?

А) эуфиллин;
Б) сальбутамол;
В) ипратропия бромиді;
Г) адреналин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет