Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет45/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Динамикалық есептер


Есеп № 1

  1. Науқас М., 25 жаста, ауруханаға әсіресе таңертеңгі уақытта көп

бөлінетін (200,0 мл-ге дейін), сасық иісті, кілегейлі-іріңді
қақырыққа, қан қақыруға, ентігуге шағымданып түсті. Бала кезде
жиі жөтелетіндігін және соңғы 5 жыл көлемінде жыл сайын аурудың өршу
болатындығын айтады.
Дұрыс жауапты таңдаңыз:

1. Дұрыс диагноз:


А) бронхоэктаз ауруы;
Б) өкпе рагі;
В) өкпенің созылмалы абсцесі;
Г) созылмалы бронхит.

2. Осы науқасты қарағанда объективтік қандай белгілер анықтауға болады


(сурет 19) :
А) асцит;
Б) сарғаю;
В) ісіну;
Г) «барабан таяқшасы» тәрізді саусақтар, «сағат әйнегі» тәрізді
тырнақтар.



3. Осы патологияда міндетті түрде жүргізілетін тексеру әдісі:



А) ФЭГДС;


Б) қанның биохимиялық анализі;
В) бронхография;
Г) пикфлоуметрия.



  1. Осы аурудың өршуінде жүргізілетін емдеу схемасына жатады:

А) аналгетиктер;
Б) антибиотиктер;
В) анестетиктер;
Г) диуретиктер.

Есеп № 2

Науқас М., 68 жаста, ауруханаға дене қызуының 38,6 0С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, көп көлемде бөлінетін, сасық иісті кілегейлі-іріңді, қан аралас қақырықты ұстама тәрізді жөтелге, ентігуге шағымданып түсті. 1 апта бұрын жедел ауырып, сол жақты пневмония диагнозы қойылған. Амбулаторлы емделген, жергілікті дәрігер ампициллин тағайындаған. Емдеу барысында оң мәнді нәтиже болған, бірақ аурудың 7-ші күні жағдайы күрт нашарлаған: дене қызуы 39,2 0С-қа дейін жоғарылап, қалтырау пайда болған, ентігу күшейген, қақырықтың көлемі көбейіп, қан араласқан.




Дұрыс жауапты таңдаңыз:
1. Дамыған жағдайдың себебі:
А) оң жақ өкпеде қабыну инфильтраты дамыған;
Б) өкпе абсцесінің түзілуі;
В) жедел өкпелік жүрек дамыған;
Г) пневмоторакс;
Д) өкпе артериясы майда тарамдарының тромбоэмболиясы.

2. Осы науқастың өкпе рентгенограммасына сипаттама беріңіз.


Бұл ауруға қандай өзгерістер тән (сурет 21)?



А) «ниша» симптомы;
Б) сұйықтықтың горизонтальды деңгейі бар ауалы қуыс;
В) өкпенің бөліктік қараюы;
Г) өкпе суретінің күшеюі.

3. Науқасқа тағайындалған антибактериальды емнің тактикасын анықтаңыз:


А) ампициллин дозасын көтеру;
Б) аминогликозидтермен қосып цефалоспориндердің ІІ-ші қатарын
көктамырға егу;
В) аминогликозидтерді бұлшықетке егу;
Г) пенициллиндерді жоғары дозада көктамырға егу;
Д) фторхинолондар тобының препараттарын ішке қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет