Ситуациялық есептер
Есеп № 1
Науқас И., 45 жаста. Ер адам 13 жыл көлемінде тас бұзушы болып жұмыс істейді. Осы жұмысқа орналасқанға дейін өзін сау санаған, бірақ 3 жыл бұрын шаң-тозаңдық бронхит диагнозы қойылған. Бүгін ұстама тәрізді жөтелге және аз көлемде қиын бөлінетін кілегейлі қақырыққа, горизонтальды жағдайда күшейетін айқын экспираторлық ентігуге, жалпы әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып келді.
Объективтік тексеруде: кеуде клеткасы «бөшке» тәрізді, диффузды цианоз. Перкуссияда өкпеде қорапты дыбыс, аускультацияда қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында, әсіресе тыныс шығарғанда құрғақ сырыл естіледі.
1. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
2. Кеуде клеткасының рентгенограммасынан не анықтауға болады
(сурет 30)?
3. ФВД тексергенде не анықталуы мүмкін?
Есеп № 2
Науқас В., 47 жаста. Ер адам асқазанның жара ауруына байланысты операцияға жасатуға хирургия бөлімде жатыр. Операциядан кейінгі кезеңде сол аяғы тромбофлебитпен асқынды. Операциядан 7 күннен кейін жағдайы күрт ауырлады, яғни ентігу, кеудеде ауырсыну, қан қақыру пайда болды.
Жалпы қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауыр, сол балтыры ісінген. Дене қызуы 37,1 0С. ТАЖ минутына 28 рет, ентігу жатып тұрғанда күшейеді.
Перкуссияда өкпелік дыбыс, аускультацияда везикулярлы тыныс естіледі. Пульс минутына 120 рет, ырғақты. Жүрек тондары анық, таза, өкпе сабауында ІІ тон акценті анықталады. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ.бойынша.
Іші жұмсақ , ауырсыну жоқ, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.
Кіші және үлкен дәреті қалыпты.
Зәр анализі ерекшеліксіз.
ПТИ (протромбин индексі) 98 %, қанның ұю уақыты 2 мин. 10 сек..
1. Диагноз қойып оны негіздеңіз (сурет 31).
2. Дифференциалды диагноз жүргізіңіз.
3. Диагнозды растауға қандай тексеру жүргізу керек?
4. Емдеу тактикасын анықтаңыз.
5. Алдын алу шараларының терапиялық, хирургиялық әдістерін
атаңыз?
Есеп № 3
Науқас Б., 24 жаста. Ер адам клиникаға оң жақ қолтық астына, жауырын үстіне, іштің жоғарғы бөлігіне берілетін кеуденің оң жақ жартысының қатты шаншып ауырсынуына, ентігуге шағымданып түсті. Ауырсыну кенеттен футбол ойнап жүргенде пайда болған.
Объективтік тексеруде: жағдайы ауыр, диффузды цианоз, дем алуы қиындаған. ТАЖ минутына 30 рет, терісін салқын тер басқан. Пульс минутына 110 рет, «жіп» тәрізді. Мойын веналары ісінген, кеуде клеткасы оң жақта кеңейген, қабырға аралықтар жазылған.
Перкуссияда өкпеде қорапты дыбыс. Пальпацияда оң жақта тыныс әлсіреген, дауыс дірілі анықталмайды.
Аускультацияда везикулярлы тыныс. Бауыр оң қабырға астынан 4 см-ге шығып тұр.
1. Диагноз қойып, оны негіздеңіз.
2. Ауруды дамытқан себептерді атаңыз?
3. Диагнозды растайтын қандай тексеру әдістерін білесіз?
32 суретте қандай тексеру әдісінің нәтижесі көрсетілген?
Достарыңызбен бөлісу: |