Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен


Өкпелік жүрек (өкпе жүрек шамасыздығы)



бет30/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Өкпелік жүрек (өкпе жүрек шамасыздығы) –тыныс алу жолдарының, өкпе тамырларының, кеуде сарайының және т.б. зақымдануынан кіші қан айналым шеңберінде қан қысымының көтерілуінің салдарынан оң жақ қарыншаның гипертрофиясымен сипатталатын патологиялық жағдай.
Жедел өкпе жүрек шамасыздығы - жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерінің ауруларының асқынуы ретіндегі және өкпе артериясының тромбоэмболиясында дамитын патологиялық жағдай.
Себептері :



Клиникасы : аурудың дамуы бірнеше сағаттан тәулікке дейін. Науқаста ентікпе, цианоз, кеуде сарайының ауырсынуы, қозу, шок жағдайы болады немесе өлімен аяқталуы мүмкін.
Жеделдеу өкпелік жүрек бірнеше сағаттан бірнеше кунге дейін дамиды және ентікпемен, цианозбен, сосын шок жағдайымен, өкпе ісуімен сипатталады. Пальпацияда мойын веналары ісінеді, бауыр ұлғаяды. Аускультацияда көп құрғақ және ылғалды сырыл естіледі.
Созылмалы өкпелік жүрек бірнеше жылда дамиды, алғашқы уақытта жүрек шамасыздықсыз өтеді, сосын оң жақты жүрек шамасыздығы қосылады. Оның себептері созылмалы обструктивті бронхит, бронхоэктатикалық ауруы, өкпе туберкулезі, бронхиалдық астма, алғашқы өкпе гипертензиясы.
Клиникасында созылмалы өкпелік жүректін екі кезеңі бар: компенсация және декомпенсация. Декомпенсацияда ентікпе, кеуде сарайының ауырсынуы, жөтелгенде цианоз, мойын веналарының ісінуі, тахикардия, бауыр ұлғаюы, перифериялық ісіктер болады.
Емі :

  • Негізгі ауруды емдеу

  • Кіші қан айналымының қысымын төмендету үшін эуфиллин, ганглиоблокаторлар

  • оксигенотерапия

  • жүрек гликозидтер + диуретиктер

  • антикоагулянттар (гепарин 20 000- 25 000 ЕД көк тамырға)

  • жедел реанимациялық іс-шаралары

  • операция – өкпе артериясынан тромбты алып тастау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет