3-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы мәліметтерді ауызекі сөйлеу стилінде әңгімелеңдер.
ТМД елдері ішіндегі алғашқы мұхитбақ Астана қаласын- да ашылды. Бұл – мұхиттан 3 мың шақырымнан аса қашық- тықта жатқан әлемдегі жалғыз океанариум. Мұхитбақтың сыйымдылығы – 3 миллион литр. Мұхит суын әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы пайдаланылған. Әлемнің әр түкпірінен теңіз жануарларының жүзден аса түрінің 2 мыңнан аса дана- сы әкелінген. Мұнда арнайы жасалған 11 шақырымдық құ- бырлар, 34 күшті сорғы, 6 құм сүзгісі, судың химиялық құ- рамы мен мөлдірлігін қамтамасыз етіп тұратын су тазарт- қыш мұхитбақ мекендеушілерінің тіршілік етуін қамтама- сыз етіп тұрады. Мұхитбақ үлкен аквариумнан және әртүрлі көлемдегі он бір аквариумы бар екі көрме бөлімінен тұрады. Мұхитбақтың ең қызықты бөлігі – үлкен аквариум. Оның тү- бінде жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік әйнек өткел бар. Әйнегінің қалыңдығы – 7 см. Осы суасты өткелі ар- қылы теңіз түбімен жыртқыш акулалардан қолсозым қашық- тықта серуендеп жүре аласыз. Мұнда мұхитбақтың ең үлкен мекендеушілері – акулалар, алып теңіз алабұғасы және басқа да балықтарды көріп тамашалауға болады.
(«Сен білесің бе?» энциклопедиясынан)
4-тапсырма. Берілген ақпараттарды негізге алып, Абылай ханға мінездеме жазыңдар.
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Әз Жәнібек, одан соң Есім хан, Салқам Жәң- гір хан. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, інісі Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жау шақ келтірмейтін батыр болып, «Қанішер Абылай» атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли, одан Әбілмансұр туады.
Әбілмансұр «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Жаман тымақ, жал- быр шапанына, өсіп кеткен шашына қарап, Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет сұлтанның жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
Бұқар, Үмбетей жыраулардың мәліметтеріне қарағанда, қазақтың ұлы ханы 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. 1730–1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың батыры Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақы- рып, жауға «Абылайлап» ат қойған Әбілмансұр ұрыстан соң «Орта жүздің сұлтаны» деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды. Әбілмансұр есімі ұмы- тылып, Абылай атанды.
Әбілмәмбет хан өлген соң, Абылай таққа отырып, қазақ- тың ханы атанады.
(«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясынан)
5-тапсырма. Құжаттармен танысып, ресми стильде жазылғанын дәлелдеңдер. Алғашқы мәтінмен (тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін) салыстырыңдар.
(6-сынып, 175-бет,Арман-пв)
Достарыңызбен бөлісу: |