Топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері Ceкцияcы: Биoлoгия Бағыты: «Салауатты табиғи орта- «Қазақстан – 2030»


Топырақтың құнарын «Калифорния шұбалшаңы» арқылы арттыру



бет9/9
Дата02.09.2023
өлшемі2.48 Mb.
#476422
1   2   3   4   5   6   7   8   9
топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері

4.1. Топырақтың құнарын «Калифорния шұбалшаңы» арқылы арттыру
Калифорниялық қызыл шұбалшаң қандай жәндік?
Калифорниялық қызыл шұбалшаң – үй жануары сынды зияны жоқ жәндік. Оны өсірудің еш қиындығы жоқ, оларды арнайы жәшіктерде өсіруге болады. Тамақты көп талғамайды. Екі шаршы метрден жылына бір тонна биогумусқа дейін алуға болады. Жәшікті дайындағанда астына дринаж қызметін атқаратын құм салады. Сосын 1-2 см топырақ, 3-5 см тамақ қалдықтары, одан сoң қайтадан 1,2 см топырақ салады. Арасына жұмыртқа қабығының ұнтағын салу керек. Себебі, құрттар қышқыл ортаны ұнатпайды. Қыста жылы жерде ұстап, күн жылынған кезде бау-бақшаға жіберуге болады. Өсімдік қалдықтарының барлығымен қоректеніп, оны қара шіріндіге айналдырады. Шылаушынның өнімі – биогумус кез келген егін мен бау-бақшаны жайқалтып жібереді, диқан өнімді еселеп алады. Әсіресе жылыжай егіні мен гүл топырағына өте пайдалы. Мұндай тыңайтқыш себілген жер төрт жылға дейін өзінің жоғары құнарын сақтайды.Калифорниялық қызыл құрттың ұзындығы 10 см, диаметрі 3-5 мм, дене салмағы шамамен 1г тартады. Өмір сүру ұзақтығы – 16 жыл. Кәдімгі жауын құртына қарағанда 150 есе тез көбейеді. 21 күнде жаңа ұрпақ пайда болады. 90-120 күнде ересек күйге өтеді. Екі шұбалшыңның ұрпағы жылына 1,5 мыңға дейін жетеді.
Калифорниялық қызыл шұбалшаң (лат. Eisenia foetida) – сақина тәрізді құртының Lumbricidae тұқымдасына жататын шұбалшаң. Латыншадан аударғанда "foetida" деген сөз "сасық" деген мағынаны білдіреді. Thomas J. Barrett 1959 жылы Калифорния штатының Университетінде түрлі жауын құрттарын будандастыру нәтижесінде алған.
Биологиялық сипаттамасы
Калифорниялық қызыл құрттың ұзындығы 10 см, диаметрі 3-5 мм, дене салмағы шамамен 1г тартады.
Өмір сүру ұзақтығы – 16 жыл.


V. Қорытынды
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласындағы басты мәселе-топырақтың табиғи құнарын сақтап, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру.Себебі қуаңшылықтың экологиялық зардаптары климаттың антропогендік пен өзгеруі болып отыр.
Себебі, тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, қуаңшылық, ылғалдың аздығы, агро техникалық шараларды тиімді пайдалана білмеу нәтижесінде жер қыртысы бүлініп, астықтың сапасы нашарлап, шығымы төмендейді. Сондықтан қоректік заттарды ұтымды қолдану арқылы топырақтың табиғи қалпын сақтап қалуға болады. Ал табиғи топырақтан нәр алған астық тұқымдас дақылдардың (бидай, арпа, жүгері, тары, т.б) өнімі мен сапасы жоғары және тұрақты болатыны белгілі.
Бұл ғылыми - зерттеу жұмысымда бүгінгі күні алынған деректердің нәтижесінде мынандай қорытынды жасауға болады. Калифорниялық қызылшұбалшаңды пайдаланудың нәтижесінде топырақтың құнарлылығын арттыруға болады.
-Шикізаты қолжетімді, шығыны аз
-Химикаттарды шамадан тыс қолдануды шектейді
-Топырақтың құрылымын жақсартады
-Қарашіріктің концентрациясын арттырадыБірақ осындай органикалық тыңайтқыштарды міндетті түрде минералды тыңайтқыштармен толықтырғанда өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Аталған шаралар топырақ экологиясын жақсартудың негізгі бағыты, ал іс жүзінде ауыспалы егіс, егіншілік жүйелерін реттеу, топырақтағы қоректік заттардың есептеп отыру және т.б мәселелер кешенді талаптарды қажет етеді.
Ұсыныс

1. Ауылдағы қолжетімді шикізатты далаға тастамай, калифорния шұбалшаңын пайдаланып, құнарлы топырақты өндіруді қолға алу.


2. Химиялық тыңайтқыштарды
биогумуспен (қарашірік) алмастыру.
3. Болашақта биогумусты тек ғылыми тәжірибе жүзінде ғана жасап көрмей, кәсіп көзіне айналдыру жоспарымда бар!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ө.О.Оспанов, Е.Жамалбеков«Құнарлыжер – құттымекен» Алматы 1983 ж


2. Қ.Сыбанбеков «Жасыл әлем сырлары» Алматы, «Рауан» 1990 ж
3. А.С.Шілдебаев «Экология» Алматы 2005 ж
4. Тарасов В.М. (ред.) и др. Практикум по плодоводству. –М.: Колос, 1981
5. Шитт П.Г. Избранные труды. –М.: Колос, 1972


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет