Топырақ округі – топырақ провинциясының жер бедері топырақ түзуші жынысқа байланысты топырақ жамылғысын біркелкі құрылымда кездесетін топырақ провинциясынын бір бөлігі.
Топырақ ауданы – топырақ округінің жергілікті жағдайларға тіпті, кейде əкімшілік бөлінісіне қарай бөлінетін ең кіші бөлігі.
Топырақ зоналары – топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан табиғи аймақтар.
Топырақ типі – топырақ жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктерді өніп-өсуіне қажетті су, қорек элементтерімен қамтамасыз етуі жəне олардың түсімділігіне керекті жағдай туғызу қасиеті.
Топырақ пісуі – топырақтың жабысқақтығы мен байланысы маңызды агрономиялық қасиеті.
Топырақтың тоңдануы – топырақтың қысқы аяздарда құрамындағы ылғалы мұзға айналып қатуы.
Топырақ тегі – аналық тау жынысы өзгешелігіне орай бөлінетін топырақ бөлігі ( кебірленген, сорланған, корбонатты).
Тип – топырақтың жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ аймағы – бір немесе екі аймақтық топырақ типінің жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.
Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сəйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы.
Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.
Топырақ округы жəне топырақ ауданы – жер бедерінің жəне топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.
Тиксотропия – мəңгі тоңды өлкелердегі топырақтарда кең тараған құбылыс.
Топырақтың тұздануы – өсімдіктер үшін зиянды болып келетін тұздардың топырақтың жоғарғы қабатына жинақталу процесі.
Толық ылғалсыйымдылық – топырақтың толық сумен қанығуы.
Топырақ провинциясы – топырақ жəне оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты топырақ зонасының бір бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |