Ауыр металдарға қатынасты топырақ буферлігінің жіктелуі (В. Б. Ильин)
Буферлік дəрежесі
|
Балл саны
|
өте төмен
|
10
|
төмен
|
11-20
|
орташа
|
21-30
|
көтеріңкі
|
31-40
|
жоғары
|
41-50
|
өте жоғары
|
> 50
|
Топырақтың органикалық заты. Топырақ қабатындағы органикалық зат мөлшері ауыр металдардың жылжымалығына айтарлықтай əсер етеді. Органикалық қалдықтары ауыр металдар- ды бойына сіңіріп, жылжымалығын төмендетеді жəне қоршаған ортаның ластануын тежейді.
Е. Шлихтинг (1995) деректері бойынша, 1 кг қарашірінді қышқылдарының құрамында 65000-85000 мг мыс бекітілуі мүмкін.
М. Д. Степановтың (1976) деректері бойынша, қарашірінді заттармен байлануы қабілеттілігі бойынша ауыр металдарды келесі тізбектемемен жіктеуге болады: Zn> Cu> Mn >Mo. Гу- мин қышқылдарымен салыстырғанда фульвоқышқылдарының құрамында сіңірілген ауыр металдардың мөлшері жоғары болып келеді. Қара топырақтан бөлініп алынған 1 кг фульвоқышқылының құрамында 18 мг – молибден (Мо), 175 мг – мыс (Сu), 233 мг – мы- рыш (Zn), 1047 мг – марганец (Mn) табылған.
кесте
Достарыңызбен бөлісу: |