Топырақтану оқулық



бет87/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   140
Топырақтану

Жаздық қатты Харьков 46 бидайының су пайдалануы
(В. А. Кумаков, 24)



Даму кезеңдерi

Су шығыны, мм/тəулiк

Тұқым себу – түптену

1,22

Түптену – түтiктену

3,69

Түтiктену – масақтану

6,45

Масақтану – дəннiң толысуының басы

6,62

Дəннiң толысуының басы – балауызданып пiсу

5,73

Балауызданып пiсу – толық пiсу

2,95

Механикалық құрамы жəне қарашiрiк мөлшері əртүрлi топырақтарда бұл көрсеткіштер топырақ ылғалының əртүрлi деңгейiне сəйкес келедi.


Топырақтың ылғалдығы деңгейiнен өткенде қасиеттерiн өзгертетiн түйiндiк нүктелердi (кейбiр авторлардың пiкiрi бойынша- аралықтарды) агрогидрологиялық тұрақты шама (немесе, топырақ гидрологиялық тұрақты шама, су – физикалық тұрақты шама) деп атайды.
Қазақстанның егiншiлiк аймақтарының негiзгi бөліктерi үшiн: солу ылғалдығы (ТС), капиллярлық байланыстың үзiлу ылғалдылығы (КБҮ) жəне ең төменгi ылғал сыйымдылығы (ЕТС) тұрақты шамалардың маңызы зор сияқты. Мұны өсімдіктердің өсіп-даму кезеңiнде танаптардағы топырақ ылғалының өзгерiстерi негiзiнен ТС мен ЕТС аралығында жүретiндiгiмен түсiндiруге бо- лады.
Топырақ ылғалының басқа түрлерi туралы жан-жақты деректердi топырақтану пəнiнiң оқулықтарынан жəне А. А. Роденiң «топырақ ылғалы туралы iлiмнiң негiздерi» атты монографиясынан алуға бо- лады.
Топырақтың құрғақ салмағына пайызбен немесе ылғал қабатына миллиметр есебiмен берiлген тұрақты солу ылғалдылығы өсімдіктiң ала алмайтын судың шамасын көрсетеді. Бұл ылғалды топырақ бөлшектерi едəуiр күшпен ұстап тұрады.
Ауылшаруашылық өсімдіктерiнiң көпшiлiгi үшiн ТС топырақтың су ұстау күшi 15 атмосфера шамасында болғанда басталады. Тұрақты солу ылғалдығында өсімдіктер толық солады жəне олардың тiршiлiгi ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% жақындағанда да қайта қалпына келмейдi.
А. Г. Дояренко 1940 жылдың өзінде де бидайдың сору күшi жоғары сорттарын пайдалануды ұсынған болатын. Мысалы, оның деректерi бойынша, Сарруба сорты тұқымдарының сору күшi 23-24 атмосфераға тең, яғни топырақтың су ұстау күшiнен 7-8 ат- мосфера артық. Демек, сору күшi жоғары бидайларды пайдалану арқылы топырақтың өсімдіктер ала алмайтын ылғал қорын бiрталай азайтуға жəне құрғақшылықта өнімнің ылғалмен қамтамасыз етiлуiн жақсартуға болады.
Бiздiң зертханалық тəжiрибелерiмiз Саратов 29 сортының тұқымдарының сору күшi Пиротрикс 28 жəне Харьков 46 сорттары- на қарағанда, жоғары екенiн көрсетті. Ерiтiндiнiң су ұстағыш күшi 26,1 атм, болғанда Саратов 29 тұқымдарының 44,6% ы өнсе, Пиро- триксте 28-32,6% өнген, ал Харьковте 46 да өнген тұқым болмаған.
Өсімдіктердің топырақтағы суды алу мүмкiндiгi тек олардың тұқымдары мен тамырларының сору күшiне ғана емес, топырақтың механикалық құрамына да байланысты болады. Мəдени өсімдіктер механикалық құрамы ауыр топырақ құрғақшылыққа жеңiл топыраққа қарағанда төзімдiрек келедi. Ауыр топырақтарда су ұстағыш күштiң бiрдей жағдайында жеңiл топырақтарға қарағанда ылғал көп бола- ды. Сондықтан механикалық құрамы ауыр топырақтарда көктемгі ылғал қорының маңызы жеңiл топырақтарға қарағанда жоғары.
Құрғақ топырақтың салмағына пайызбен немесе су қабатына миллиметр есебiмен алынған ең төменгi ылғал сыйымдылығы деп, бiртектi топырақ қабатында салмақ күшiнiң əсерiне қарсы ұсталынып тұрылуы мүмкiн болатын ең көп мөлшердегi қалқыған суды айтамыз. Басқаша айтқанда, ЕТС судың төменгi қабаттарға еркiн ағу мүмкiндiгi бар жағдайдағы топырақта ұсталуы мүмкiн ең көп мөлшерін көрсетеді. Ең төменгi ылғал сыйымдылығы жағдайында топырақтың ылғалдылығының мөлшеріне топырақ қабатының сулану тереңдiгi əсер етпейтiнi анықталды. ЕТС тепе- теңдiк ылғалдылыққа жатады жəне топырақтың су ұстайтын қабiлетiн сипаттайды.
Ең төменгi ылғал сыйымдылығы жағдайындағы топырақтың бiр
метр қабатындағы пайдалы ылғал қоры ауыр саздақ топырақтарда жобамен 200 мм, құмдақ топырақтарда 120 мм болады (15-кесте).



  1. кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет