«Топырақтар географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



бет11/16
Дата09.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#124344
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану

Оңтүстік таулы облыстарда егістіктер мен бақшалар басым, олар аумактың 8 % алып жатыр, жайылымдар мен шабындықтар – 55 %, ал ормандар жалпы ауданның – 16 % ғана алып жатыр.

Таудың құба орман топырақтары орман өсімдіктерінің қасиеттеріне кескін қалыңдығына, экспозициясына және теңіз денгейінен биіктігіне тәуелді. Түгелдей алғанда олар құнарлы, ал оларға отырғызылған екпе ағаштардың өнімділігі жоғары. Құба топы­рақтар жүзiм, жеміс өcipy үшін жарамды.

Тау шалғындары топырақтары шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Шөптесін өсімдіктер сел жүруінің алдын алуы арқылы эрозияға қарсы рөл де атқарады.

Тау топырақтарында бидай, жүгері, мақта, жүзiм, көкеністер өcipілeдi. Тау топырақтары орман және ауыл шаруашылықтарында жайылым ретінде кеңінен пайдаланылады.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Шөлейттің құба топырағы. Шөл зонасының топырақтары. Шөлді сұр-құбы топырағы, тақырлар. Сортаң, кебірлер, солодьтар.

  2. Субтропиктік құрғақ дала, тау етегі, шөлді боз топырағы.

  3. Тау топырағы. Құрғақ субтропиктік даланың сұр-күрең топырағы. Қызыл, сары топырақтар.

  4. Ауыспалы – ылғалды ксерофитты-орман және саванналық субтропикалық және тропикалық облыстардың топырақтары.

Ұсынылатын әдебиет

Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 276 б.

Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.

Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.

Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.

Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова. - М.,1988.

Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. - М.,1999.

Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению .- Семипалатинск, 2008.
4. Зертханалық сабақтарды өткізудін

әдістемелік нұсқаулары

Практикалық жұмыс № 1

Механикалық құрамы бойынша топырақтың диагностикасы (құрғақ, ылғал әдІсі)

Мақсаты: зертханалық жағдайда әртүрлі әдістермен механикалық құрамы бойынша топырақтың диагностикасын жүргізуді үйрену.

Орындалу формасы: зертханалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

Кіріспе. Дала жағдайында және зертханада топырақтардың механикалық құрамын сыртқы қасиеттері бойынша және сипалап шарттай анықтайды. Оны нақты дәлелдеу үшін зертханалық әдістерді қолданады. Бұл әдістер топырақ немесе топырақ жынысын құрайтын механикалық элементтердің барлық топтырының мөлшерін анықтауына мүмкіндік береді.

Топырақ немесе топырақ жынысы механикалық құрамының барлық топтарын (құм, құмдақ, құмды саздақ, шанды саздақ және т.б.) қасиеттер тізімі бойынша ажыратуға болады. Осы қасиеттерді біліп және сәйкес дағды болуына байланысты, дала жағдайында тез және керекті нақтылықпен механикалық құрамын анықтауға болады.



Құралдар мен реактивтер: әр түрлі механикалық құрамы бойынша топырақтың 6 үлгісі, құбырғы сумен ыдыс, 3 кристаллизатор, 10 % - ті HCl, пипетка, жұмыс столына пленка.

Зертханалық жұмыстың орындалу барысы:

«Құрғақ» әдісі. Топырақ ұсағының құрғақ бөлшегін немесе бір салымын сипалап сынайды, алақанға салып, саусақтармен мұқият ұнтақтайды. Керекті жағдайда тығыз агрегаттарды ступкада езеді.

Топырақ немесе топырақ жынысының механикалық құрамын ұнтақтау кезіндегі сезімі, құрғақ топырақтың жағдайы, құм мөлшері бойынша анықтайды

(№ 1 кесте).

1 кесте. Топырақтың механикалық құрамының органолептикалық қасиеттері



Механикалық құрамы

Құрғақ үлгінің жағдайы

Құрғақ үлгіні ұнтақтаудағы сезім

Құм

Сусымалы

Шамамен тек құмнан тұрады

Құмдақ

Бөлшектер әлсіз, жеңіл ұнтақталады

Құм бөлшектері басымды. Ұсақ бөлшектер қоспалар болады.

Жеңіл құмды саздақ

Бөлшектер аз күшпен ұнтақталады

Құмды бөлшектер басымды. Балшықты бөлшектер 20-30 %.

Орташа құмды саздақ

Құрылыс бөлшектері күшпен ұнтақталады, олардың бұрышты формалары көрсетіледі

Құмды бөлшектер әлі жақсы ажыратылады. Балшықты бөлшектер шамамен жарты.

Ауыр құмды саздақ

Агрегаттар тығыз, бұрышты

Құмды бөлшектер шамамен жоқ. Балшықты бөлшектер басымды.

Балшық

Агрегаттарөте тығыз, бұрышты

Жіңішке біркелкі масса. Құмды бөлшектер жоқ.

«Ылғалды» әдісі. Ұнтақталған топырақтың үлгісін сулайды және қамыр тәрізді жағдайға дейін арластырады, топырақ ең жоғары сынбайтығын көрсетеді.

Карбонатты топырақ және топырақ жыныстарының механикалық құрамын анықтауда суға мықты агрегаттарды бұзу мақсатымен судын орнына 10 % - ті HCl қышқылын қолданады. Дайын топырақтан алақан үстінде домалақ жасап, оны шамамен 3 мм қалындығы бар бауға жаяды, содан кейін 2-3 см диаметрі шығыршыққа орайды. Топырақ немесе топырақ жынысының механикалық құрамына байланысты «ылғалды» әдістің көрсеткіштері әр түрлі болады.



Құм домалақты да (шарик, түйіршік), бауды да түзбейді. Құмдақ түйіршік түзеді, ол бауға жайылмайды. Баудың тек бастамасы пайда болады. Жеңіл саздақ бауға жайылады, бырақ ақырғысы өте сынғышты, жайғанда немесе алақанға алғанда бөлшектерге жеңіл бөлінеді. Орташа саздақ бүтін бау түзеді, шығыршыққы оралады. Шығыршық жарықпен және сынықпен. Ауыр саздақ бауға жеңіл жайылады. Шығыршық жарықпен. Балшық ұзын жіңішке бау түзеді. Шығыршық жарықсыз.

Шанды саздақтармен құмдақтардың механикалық құрамын анықтауда ықылас болу керек. Ұнтақтау кезінде олар ірі шанның көп мөлшерінен (40 % жоғары) ұнтақты сезімін береді, құм сезілмейді немесе өте аз болады. Осы әртүрлілікті «құрғақ» әдәсәмен анықтайды.



Шанды құмдақтар мен шанды саздақтар сынғышты бөлшектерді түзеді, олар саусақпен басқанда жеңіл бөлінеді. Құмдақтар ұнтақтағанда судырлау дыбысын шығарады және қолдан құйылады. Жеңіл саздақтарды ұнтақтағанда нақты көрсетілетін кедір-бұдырлығы сезінеді, балшықты бөлшектер теріге жағылады. Орташа шанды саздақтар да ұнтақты сезімін береді,бірақ әлсіз белгілі кедер-бұдырлығымен жіңішке ұнтақтың сезімін көрсетеді. Орташа саздақтардың бөлшектері кейбір күшпен ұнтақталады. Ауыр шанды саздақтар құрғақ жағдайында кұшпен ұнтақтауға жатады, өткір қабырғасымен жақсы көрсетілген құрылыс бөліктерді түзеді, ұнтақтағанда жіңішке ұнтақ сезімін береді. Кедер-бұдырлығы сезілмейді.

Топырақ немесе топырақ жынысының механикалық құрамын коробка үлгілерінде дала әдістерімен анықтау нәтижелері 1 және 2 түрлерімен көрсетіледі.


1 түрі. «Құрғақ» әдісімен топырақтардың және жыныстардың механикалық құрамының диагностикасы

Үлгінің №

Диагностика қасиеттері

Механикалық құрамы бойынша топырақтың, жыныстың атауы

Құрылыстың көрсетілуі

Орамдылығы

Құмды бөлшектерінің болуы

Шанды бөлшектердің және лайлы фракциясының болуы


















2 түрі. «Ылғалды» әдісімен топырақтардың және жыныстардың механикалық құрамының диагностикасы



Үлгінің №

Диагностика қасиеттері

Механикалық құрамы бойынша топырақтың, жыныстың атауы

Домалақты шиыршықтап орау

Бау түзу

Бау деформациясы

















Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың механикалық элементтерінің түсінігі.

  2. Топырақтың механикалық элементтерінің сипаттамасы: пайда болуы бойынша; күйі бойынша; формасы, мөлшері және төзімділігі бойынша.

  3. Механикалық анализ дегеніміз не?

  4. Механикалық элементтердің классификациясы дегеніміз не?

  5. Топырақтың механикалық элементтерінің Н.А. Качинский бойынша классифкациясы.

  6. Топырақтың механикалық құрамының маңызы.

Пайдаланатын әдебиет тізімі

Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 276 б.

Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.

Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.

Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.

Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова. - М.,1988.

Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. - М.,1999.

Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению. - Семипалатинск, 2008.
Практикалық жұмыс № 2

Топырақтың көлемді салмағын анықтау

Мақсаты: зертханалық жағдайда құрылысы бұзылмаған құрғақ топырақтың көлемді салмағын анықтауды үйрену.

Орындалу формасы: зертханалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

Кіріспе. Бұл көрсеткіш топырақтың құрылысы бұзылмаған және құрғақ жағдайда көлем бірлігінде массасын көрсетеді. Берілген көрсеткіштің мөлшері тығыздықпен салыстырғанда аз дәрежеде топырақтың минералогиялық құрамына байланысты болады. Көлем бірлігінде топырақ массасының мөлшеріне үлкен әсерін органикалық заттың мөлшері мен пороздылығы көрсетеді. Осындай топырақ бос дене болып табылады, оның көлем бірлігіндегі массасы тығыздықтан көп ерекшеленеді. Көлем бірлігінде топырақтың массасының мөлшері беткі горизонттарда 0,8 – 1,2 г/см3 тең болады, төменгі горизотттарда – 1,3 – 1,6 г/см3 дейін жоғарлайды.

Құралдар мен реактивтер: екі шешілетін қақпағымен металлдық цилиндр, пышақ, разновестермен тарелкалық тараздар, термостат.

Зертханалық жұмыстың орындалу барысы:

Екі шешілетін қақпағы бар анықталған көлемі металлдық цилиндрдің массасын анықтайды (№ 1 сурет).

1 сурет. Топырақтың көлемдік бірлігінің массасын анықтауға арналған сынамаларды алатын шешілетін қақпағымен цилиндр

Цилиндрді топырақ кесіндісінің қабырғасына немесе ылғалды монолитке кіргізеді. Топырақты астынан пышақпен кесіп, цилиндрді бөліп алады. Цилиндр астынан шығып тұрған топырақ массасын цилиндр шетімен бірдей ғылып кеседі.

Алдын ала берілген әдістеме бойынша топырақтың ылғалдылығын анықтайды.

Цилиндрге қақпақтарды кийгізіп, тарелкалық таразда массасын өлшейді.

Көлем бірлігінде топырақ массасының мөлшерін формула бойынша есептейді:

P1

d 1 = ---------

V ,


бұнда d1 - көлем бірлігінде құрылысы бұзылмаған топырақтың массасы, г/см3,

P1 – құрғақ топырақтың массасы, г,

V – цилиндрдің көлемі, см3.

P1 = 100 (P – P0)/100 + W

бұнда P - цилиндрдегі ылғалды топырақтың массасы, г,

P0 – топырақсыз цилиндрдің массасы, г,



W – топырақтың ылғалдылығы, % бөлінген құрғақ топыраққа.

Анализ нәтижелерін есептеу мысалы:

  1. Цилиндрдің көлемі – 502 см3

  2. Топырақсыз цилиндрдің массасы – 29,4 г

  3. Цилиндрдегі ылғалды топырақтың массасы – 889,4 г

  4. Топырақтың ылғалдылығы – 7 %

  5. Құрғақ топырақтың массасы:

P1 = 100 (889,4 – 29,4)/100 + 7 = 803,7 г

  1. Көлем бірлігінде құрылысы бұзылмаған топырақтың массасы, г/см3:

d1 = 803,7/502 = 1,6

Бақылау сұрақтары:

  1. Біріншілік минералдардың сипаттамасы.

  2. Екіншілік минералдардың сипаттамасы.

Пайдаланатын әдебиет тізімі

Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 276 б.

Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.

Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.

Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.

Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова. - М.,1988.

Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. - М.,1999.

Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению. - Семипалатинск, 2008.
Практикалық жұмыс № 3

Топырақтың дала ылғалдылығын анықтау

Мақсаты: зертханалық жағдайда топырақтың дала ылғалдылығын әртүрлі әдістермен анықтауды үйрену.

Орындалу формасы: зертханалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

Кәдімгі әдісі.

Кіріспе. Топырақтың дала ылғалдылығын анықтау топырақ үлгісін алу ұақытында оның құрамында болатын судың барлық формаларының жалпы мөлшерін дәлелдеу болып табылады.

Құралдар мен реактивтер: қақпағымен металлдық бюкс, пышақ, разновестермен техникалық тараздар, термостат немесе құрғақ спирт таблеткаларымен шам, қышқыш.

Зертханалық жұмыстың орындалу барысы:

  1. Техникалық таразда қақпағымен металлдық бюкстың массасын анықтайды.

  2. Бюксты топырақ кесіндісінің қабырғасына немесе ылғалды монолитке кіргізеді. Топырақты пышақпен кесіп, бюксты шығарады және ішіндегі топырақты бюкс шетімен бірдей ғылады. Бюксқа қақпақты кійгізеді (ол цилиндрге өте тығыз келу керек). Осындай түрінде алынған үлгіні алу орынынан зертханаға әкелуге болады. Жеткізу уақыты 1 – 2 сағаттан аспау керек. Осылай алынған үлгі тек қана дала ылғалдылығын анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге топырақтың көлемдік массасын анықтауға да алынады.

  3. Бюкстың топырақпен массасын өлшейді және оны қақпақсыз термостатқа шамамен 2 сағатқа +105 - + 110 оС жағдайында ұстайды. Содан кейін эксикаторда суытады. Эксикатор – бұл арнайы ыдыс, түбінде суды жақсы сіңіретін заттар (концентрлі күкірт қышқылы, хлорлы кальций және т.б.) орналасады. Сосуд массивті қақпақпен жабылады, оның жабысатын шеттері вазелинмен жағылған, бұл эксикатордың ішіне ауадан сырттай су булары түспеу үшін жасалған. Сонымен, эксикатор ішінде толық сусыз құрғақ атмосфера орналасады, топырақ өлшемі гигроскопиялық ылғалдылықпен қанығуға қауіпсіз жағдайда суытылады.

  4. Суыған бюкстың массасын анықтайды және оны қайтадан 2 сағатқа термостатқа қояды, содан кейін суытып массасын анықтайды. Егер бірінші және екінші массаның арасында айырмашылық 0,5 % аспаса, жұмысты аяқтайды. Одан үлкен айырмашылықта жұмысты қайталайды.

  5. Ылғалдылықты (W) формула бойынша есептейді:

W = (P1 – P2)/(P2 – P0) x 100 %,

бұнда P1 – бюкстың топырақпен массасы құрғатылуға дейін,

P2 – бюкстың топырақпен массасы құрғатылғаннан кейін,

P0 – бюкстың топырақсыз массасы (кіші мөлшері).



Есеп мысалы:

  1. Бюкстың топырақсыз массасы (P0) - 10,63 г;

  2. Бюкстың топырақпен массасы құрғатылуға дейін (P1) - 26,15 г;

  3. Бюкстың топырақпен массасы 1-ші құрғатылғаннан кейін - 24,85 г;

  4. Бюкстың топырақпен массасы 2-ші құрғатылғаннан кейін - 24,83 г;

W = (26,15 – 24,83)/( 24,83 – 10,63) x 100 % = 9,3 %

Жылдам әдісі (Н.В. Родионов пен Н.И. Велрицкий бойынша).

Кіріспе. Әдіс топырақ үлгісін термостатта ұзақ құрғатуды қажет етпейді және оны электрэнергия болмағанда қолданады. Ылғалдылықты топырақ үлгісінде органикалық қалдықтардың мөлшері аз болғанда (топырақ кесіндісінің төмен бөліктірінен және топырақ түзуші жыныстардан алынған) анықтауға әдісті қолдану ұсынылады.

Құралдар мен реактивтер: қақпағымен металлдық бюкс, пышақ, разновестермен техникалық тараздар, термостат немесе құрғақ спирт таблеткаларымен шам, қышқыш.

Зертханалық жұмыстың орындалу барысы:

  1. Массасы өлшенген металлдық бюксқа 10 – 15 г топырақ салынады. Топырақпен бюкстың массасын анықтайды.

  2. Анализге жататын топырақты бюкспен спирт шамының астына құрғақ спирт үшін қояды. Спирт шамының түбінде құрғақ спирттың 2 таблеткасын әр біреуінің массасы шамамен 3 г бірақ жағады. Құмды (жеңіл) топырақтарға 2 таблетка, балшықты (ауыр) топырақтарға – 4 таблетка спирт жағады. Содан кейін бюксты суытады және массасын өлшейді.

  3. Ылғалдылықты (W) формула бойынша есептейді:

W = (P1 – P2)/(P2 – P0) x 100 %, бұнда

P1 – бюкстың топырақпен массасы спиртты жағуына дейін,

P2 – бюкстың топырақпен массасы спиртты жаққаннан кейін,

P0 – бюкстың топырақсыз массасы.


Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың сулы тәртібінің түсінігі.

  2. топырақпен судың сорбциясы дегеніміз не?

  3. Топырақ ылғалдығының категорияларының сипаттамасы.

Пайдаланатын әдебиет тізімі

Мирзадинов Р.А. және басқалары. Топырақтану. Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 276 б.

Никольский Н.Н. Почвоведение. - М., 1963.

Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982.

Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972.

Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова. - М.,1988.

Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. - М.,1999.

Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению. - Семипалатинск, 2008.
Практикалық жұмыс № 4

Топырақта және шыны түтікте судың капиллярлы көтерілуінің биіктігін анықтау

Мақсаты: топырақта судың капиллярлы көтерілуінің биіктігінің және жылдамдығының әр түрлі факторларға байланыстығын зертханалық жағдайда анықтауды үйрену.

Орындалу формасы: зертханалық жұмыс.

Тапсыру формасы: жазбаша және ауысша есебі.

Кіріспе. Сүйықтың капиллярлы көтерілуінің биіктігі негізінен капиллярдың диаметріне және сүйықтың қасиеттеріне байланысты. Мысалы, егер капиллярлар цилиндр тәрізді құрылысы болып, сүйық сумен көрсетілсе, капиллярлы көтерілуінің биіктігі капиллярлардың диаметріне керіс пропорционалды.

Топырақта судың капиллярлы көтерілуінің биіктігі және жылдамдығы әр түрлі факторларға байланысты, олардың арасында негізгі – топырақтың гранулометриялық құрамы. Құрылысы кіші түйірлі топырақта кіші мөлшерлі саңылаулар, керісінше, ірі түйірлі топырақта ірі саңылаулар болады. Неғұрлым саңылаулар кіші болса, соғұрлым капиллярлы көтерілудің биіктігі жоғары болады. Көтерілудің жылдамдығы, керісінше, саңылаулар үлкейуімен өседі.

Топырақта судың капиллярлы көтерілуі процессі туралы көріністі әр түрлі топырақ және грунт материалдарымен толтырылған шыны түтігінде судың капиллярлы көтерілуін бақылау арқылы алуға болады.

Құралдар: фарфор ступкасы пестигімен, темір штатив зажиммен, 2-3 см диаметрі шыны түтігі, химиялық стакан, судың көтерілуін өлшейтін сызғыш.

Зертханалық жұмыстың орындалу барысы:


  1. Құрғақ-ауа жағдайындағы зерттеленетін материалды фарфор ступкасында мұқият ұнтақтайды, оны диаметрі 2-3 см, биіктігі 50 см шыны түтігіне салады. Түтіктің төменгі ұшін алдымен марлямен байлайды, сонда топырақ шашылып қалмайды (№ 1 сурет). Топырақ массасын тығыздау үшін түтікті толтырғанда оны беттік резенкеге әлсін-әлсін соғып отырады.


№ 1 сурет. Шыны түтікте судың капиллярлы көтерілуінің биіктігін анықтау құралы



  1. Топырақпен түтікті штативке орналастырады, оның төменгі ұші банкадағы судың деңгейінен 1 см терең түсіріледі. Судың алғашқы деңгейін барлық тәжірибе бойы сақтау қажет.

  2. Түтіктің суға батыру уақытың көрсету қажет, топырақ массасының түсі бойынша (ол ылғалдану нәтижесінде қоюланады) судың көтерілу биіктігін бақылайды. Судың көтерілу биіктігін судың бетінен капиллярлы көтерілудің беткі деңгейінен дейін сызғышпен өлшейді. Суланған массанын беті тегіс болмаса, оның максималды және минималды есебінен орташа саны алынады. Астыда көрсетілген схема бойынша уақыттың анықталған интервалдарында судың деңгейін анықтайды (№ 1 кесте).

№ 1 кесте. Топырақтың суды көтеру қабілеттілігін анықтау нәтижелері

№ т/б

Судың капиллярлы көтерілуінің басынан

Судың көтерілу биіктігі, мм

1

5 мин




2

10 мин




3

20 мин




4

30 мин




5

40 мин




6

50 мин




7

1 сағат




8

2 сағат




9

24 сағат




10

48 сағат




  1. Бақылау нәтижелері бойынша график сызады. Графиктің тік бағыты бойынша масштабпен судың капиллярлы көтерілуінің биіктігін, горизонталды бағыты бойынша – сәйкес уақыт салады. Су көтерілу қисығының конфигурациясы топырақтың гранулометриялық құрамына байланысыты: неғұрлым құрамы ірі түйірлі болса, соғұрлым қисық тік болады. Бірақ, ірі түйірлі грунттардың қисығы капиллярлы көтерілу тоқталуынан тез жайпақтанады.

№ 2 сурет. Топырақта судың капиллярлы көтерілуінің қисығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет