Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет19/31
Дата18.03.2024
өлшемі439 Kb.
#495883
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Қазақ тілі 7-сынып ТЖБ

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Ғаламтор ғаламаты», «Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімдері
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма.

  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жанжақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]



1-мәтін
Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның қалай және неден әзірленетіні маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын. Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мәселен, барлық дүкендерде сатылатын американдықтардың жылдам әзірленетін гамбургер, чизбургер, хот- дог секілді тағамдары денсаулыққа зиян. Және де адамның тез толысуына себепші болады. Міне, осы секілді басқа елден келген астардың көпшілігінің пайдасынан зияны басым болса да, барлық дүкендерде осы тағамдар сатылады, ал өзіміздің ұлттық тағамдарымызды еш дүкеннен таба алмайсың. Тек құртты ғана санаулы дүкендерден табуға болады. Бұлай кете берсе, ұлттық тағамдарымыз жойылып кете ме деп қауіптенемін. (https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/708)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет