Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2021-2022 оқу жылы мазмұНЫ



бет8/19
Дата16.05.2023
өлшемі435.5 Kb.
#473742
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Òî ñàíäû æèûíòû áà àëàóäû ñïåöèôèêàöèÿñû 8-ñûíûï 2021-2022 î

Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, оларды салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильдерде жазылған? Стильге тән сөз қолданыстарынан мысал келтіріңіз.
[10]
А мәтіні
Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiздер, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер, сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.
Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосферасын зерттейдi. Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады.
Осыдан екi-үш жыл бұрын «Каz­Sat-1» жер серiгi ұшырылатынын естiп, қуанғанбыз. Өйткенi, отандық жер серiгiнiң пайдасы зор едi. Бiрiншiден, отандық телевизия саласы дамып, көршiлес Қытай, Монғолия елiндегi отандастарымыз тамашалай алатын едi. Сондай-ақ, мұнайдың қорын анықтауға да мүмкiндiк алар едiк, алайда оның сапары сәтсiз болды. Белгiсiз себептермен жоғалып кеттi. Ғарыш саласының мамандары осы олқылықтың орнын толтыру үшiн «КаzSat-2» Жер серiгiн дайындады.
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/38750/
Ә мәтіні
Байқоңыр - әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
https://clck.ru/WrkwV

А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыптары







Қандай стильде жазылған?







Стильге тән қандай сөздер қолданылады? Мысал келтіріңіз.







Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?









Жазылым
1. Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, өз ойыңызды дәлелдейтін аргументативті эссе жазыңыз. сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз.



  1. Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» деп жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

  2. «Ғарыш әлемін бағындырған Қазақстан» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, ойыңызды жүйелеп аргументативті эссе жазыңыз.

2. Эссеңізді қайта оқып, онда кездесетін есімді, етістікті сөз тіркестерінің астын сызыңыз.


[10]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет