Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2021-2022 оқу жылы мазмұНЫ



бет12/19
Дата16.05.2023
өлшемі435.5 Kb.
#473742
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Òî ñàíäû æèûíòû áà àëàóäû ñïåöèôèêàöèÿñû 8-ñûíûï 2021-2022 î

Оқылым
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильде жазылған?
[5]
А мәтіні
Құқықбұзушылық әрекеттерге қандай бала барады?
Шаңырақ көтеріп, баланың бал қызығымен отбасылық өмірді енді ғана бастап келе жатқан отбысының екіге айырылысуы бала психикасына кері әсері мол. Баланың ішкі әлемінде сыртқа айта алмайтын сырларының жиналуы да, теріс қылықтарға жол беретіні тағы бар. Екі жақты мейірім көрмеген бала мейірімге мұқтаждық тауқыметін бастан кешіп, сыртқы әлемнен мейірім іздейді. Отбасы бүтін бола тұра әлеуметтік жағдайының төмендігінен де жаман әрекеттерге баратындары да жоқ емес. Ата-анасынан қысым көрген балалар да теріс әрекеттерге бой алдыруда. Мысалы; ата-анасының тапсырмасын орындамау салдарынан (үй жұмысы, мөлшерден артық қаржы, ой санаспау т.с.с) қысым көргендер де.
Психолог және психиатр мамандар адамның жан дүниесін 100 пайыз зерттей алмайды. Адам баласының миында түсініп болмайтын жайттар болып жатады. ГЕН мәселесі де үлкен рол ойнайды.
Ұлжанның ақ сүтімен, Зеренің зерделі ертегілерімен сусындаған кешегі Абай – нар қазақ.Бүгінде кешегі Абайдай қазақты тәрбиелеуде әжелеріміз бен аналарымыздың алатын орны ерекше. Өмір бойы әкесінің жұмбағын шешуге бар күш жігерін сарп еткен Абайдай ұрпақты тәрбиелеу әрбір әкенің парызы деп білемін.Тәрбиесі тереңге жайылған толыққанды отбасынан зиялы азаматтардың шығатынына күмәнім жоқ! Ал тәрбие бар жерде құқықбұзушылыққа жол жоқ. «Қатты тәртір көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде!» деген Жүсіп Баласағұнның қанатты сөзі бала тәрбисіне жастайынан мән беруді меңзеп, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге шақырады.
Тәртіпке бас иген елдің азаматтары ғана Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанды жасай алады! Өйткені кемелденген мемлекет кемелді жастардың қолында!

Ә мәтіні
Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде білімгер заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет білімгерлерден жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үрдісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазақстан Республикасының Коституциясында (12, 27, 28, 29, 30, 36- баптарында), «Қазақстан Республикасындағы бала құқытары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және т.б. маңызды құжаттарда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиеленуі, білім алу және жан – жақты қалыптасуы, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру – білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады.



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы







Мәтіндер қандай стильде жазылған?







Мәтіндер қандай типте жазылған (баяндау, сипаттау, талқылау)?







Мәтіндердің құрылымы толық сақталған ба?







2. Әр мәтіннің мазмұны бойынша кем дегенде екі сұрақтан құрастырыңыз.
[5]



А мәтіні

Ә мәтіні

1.
2.

1.
2.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет