Тапсырма
Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жанры, жанрлық ерекшеліктері, құрылымы мен ресімделуі тұрғысынан салыстырып кестені толтыр.
1-мәтін
ЗАМАНАУИ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУЫ
К.Ə. Бияздықова
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
Аннотация. Қазақ мəдениетіндегі қалыптасқан рухани құндылықтарды үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше белгісі дейміз. Қай заманда, қай халықта болмасын адам болмысындағы құндылықтар тақырыбы – аса өзекті мəселе, адам бойындағы рухани құндылықтар жүйесі – сол елдің дүние – танымының бейнесі. Мақалада қазақ мəдениеті мен ислам дінінде жатқан құнды идеяларды ортақ мəмілеге келтіре, қазақ елінің өркениетті қалыптасуына мəнді ақпараттар ұсынылады. Қазақ халқының ұлттық əдеп жүйесіндегі адамдық қарым-қатынастар, адамгершілік қасиеттер, рухани құндылықтар, мұраттар өзіндік мазмұны терең, халықтың рухани ізденістерінен туған қазына болып табылады. Қазақ мəдениетіндегі баға жетпес құндылықтар мен философиялық ойлар поэзия тілінде жатыр, сондықтан осы идеяларды түсіну үшін жүйелеу жəне жалпылық талдау арқылы ғана қазіргі жастардың рухани құндылықтарымен мəдениеті дамиды.
Түйін сөздер: құндылықтар, тəрбие, гуманизм, дəстүр, жаңалық, жауапкершілік
2-мәтін
Адами құндылықтар алға жетелейді
Қазақтың әдептілік, әділдік атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды. Осындай ұлт намысының абыройының, қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады. Кез келген адамның адами санасы мен мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиет – ар-намысы. Бұл – жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік дейтін құнды қасиеттерді бағалайтын жүйелі моральдық мәдениеттілік, саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым. Адамның намысы мен ұяты түрлі қызмет атқарады; ол кезкелген тұлғаның жан дүниесіндегі, ішкі санасындағы білінбейтін, көрініс бермейтін тәртіп ұят сақшысы сияқты, адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып ғана қоймай, пасық, жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту үшін аса қажетті. Бұл туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс пен қадір-қасиеттің категорияларын алғаш болып Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым. Эпиктет адамның қоғамдағы ар-намысы мен абыройын сақтап қалуды үйреткен, озбырлықпен алдап тапқан пайданың адамға әкелетін еш абыройы мен қадірі жоқ екендігін ойда болған. Рим императоры Марк Аврелий бүкіл әлемге өзінің адамзаттың бірінші байлығы шынайы өмір сүру қағидалары туралы насихаттарымен танылған. Ұят, ар, абырой құндылықтары туралы ұлылар да айтып жазып кеткен. Ұлы Абай атамыз өзінің қара сөздерінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деп, Баласағұн «Ұят-жаман ойдың жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз адам» деп айтқан.
https://halyqline.kz/qogam/aleumet/adami-qundylyqtar-algha-zhetelejdi/
1-мәтін
|
2-мәтін
|
Тақырыбы
|
|
|
Жанры, жанрлық ерекшеліктері неде?
|
|
|
Құрылымы қандай мәтін бөлімдерінен тұрады?
|
|
|
Мәтіндер қалай ресімделген?
|
|
|
Жазылым
Төменде берілген мәтінді оқып, оның мазмұны мен көтерілген басты мәселесін, мәтіннің толық нұсқасын оқуға мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыратындай ғылыми-ақпараттық стильде аннотация жазыңыз.
Аннотация жазуда келесі клишелерді қолданыңыз:
мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты...
[10]
Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған.
Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелігінде көрсеткен.
Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп аталған.
Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба ескерткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.
Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінін көбісі біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латынның «арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |