Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ әдебиеті»



бет7/10
Дата28.09.2023
өлшемі90.2 Kb.
#479004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
!10 ОШ ТЖБ Әдебиет 5-сын

Балл қою кестесі





Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1




2

Д

1

3

С

1

4

С

1

5

С

1

6

Өлеңнен дәлелдер келтіреді.

1


Өз ойын 2-4 сөйлеммен білдіреді.

1

7

Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің берген ақылын анықтайды.

1

Өз тұжырымын 2-4 сөйлеммен түйіндейді.

1

8

Өлең идеясын анықтайды.

1

Өз көзқарасын 2-4 сөйлеммен білдіреді.

1

9

Қыпшақ Сейітқұлдың іс-әрекетіне баға береді.

1

Өз көзқарасын 2-4 сөйлеммен білдіреді.

1

10

Атымтай Жомарттың пікірін сараптайды.

1

Өз пікірін 2-4 сөйлеммен білдіреді.

1

11

Шығармадағы басты мәселені анықтайды.

1

Тіленші Антонның еңбек ету арқылы байлыққа кенелуі туралы автор идеясын анықтайды. Идеяға қатысты өз көзқарасын білдіре отырып, эссе жазады.

Мәтіннен дәлел келтіреді.

1

Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысын жазады.

1






3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-5



5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау



Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



5

5

6-10



5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу



Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар



Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 2-4 сөйлемнен тұруы қажет.



15


10

11

5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген тақырыпқа 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

5

Барлығы

40 минут

20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Ақын «Егіннің бастары» өлеңінде адамның әрекетінен нені тұспалдайтындығын табыңыз.


А. мінезін
В. сымбатын
С. киімін
Д. шашын
[1]

2. «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер...» деген кімнің сөзі екенін табыңыз.


А. Жантас
В. Жанар
С. Даулет
Д. Сұлтан
[1]

3. «Адамдық диқаншысы қырға шықтым,


Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың...» деген өлең жолдарынан ақынның нені үндегісі келетінін аңғаруға болады?
А. халықты еңбек етуге
В. халықтың мінезін өзгертуге
С. халықты сауатты болуға
Д. халықтың болашағын ойлауға
[1]

4. «Мұғалімдердің алды тысқа шығып үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің түбінен өтіп барады. «Қадыров түбінде адам болатын бала» деді...» кімнің сөзі екенін табыңыз.


А. Ахметов
В. Михайлова
С. Майқанова
Д. Оспанов
[1]

5. М. Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесінде оқиға желісінің қалай аяқталатындығын табыңыз.


А. Қали ағасымен қимай қоштасты.
В. Манап інісімен қоштасып, вокзалға қарай кетті.
С. Інісі мен ағасы арасындағы әңгіме жарасымын тапты.
Д. Манап інісін балалар үйінен өзімен бірге алып кетті.
[1]

6. «Бауыр» әңгімесінде Манап інісіне әкесінің қазасы жайында салт-дәстүрді қалай сипаттап жеткізетіндігі жайлы өз ойыңызды 2-4 сөйлеммен білдіріңіз. ____________________________________________________________________________


____________________________________________________________________________
[2]
7. «Әй, Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойыңда кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатыр-ау...» Қожаның Сұлтан жайлы айтқан үзіндісін оқиғаға қатысты дәлел келтіре отырып, өз ойыңызды 2-4 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
8. «Егіннің бастары» мысалындағы автордың «... Қалпы емес, тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам» деген ой түйініне өз көзқарасыңызды 2-4 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]

9. Неге Ахмет Байтұрсынұлы өзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды? Өз ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы 2-4 сөйлеммен жеткізіңіз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]

10. «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың мінез-құлқы, өмірге көзқарасы жайлы не айтар едіңіз? Өз тұжырымыңызды 2-4 сөйлеммен түйіндеңіз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]

11. «Қайтсін кіндігі бір болса да, өскен ортасы басқа. Адам жаңа қалпақ екеш қалпақты да байқап-байқап киеді. Жер астынан шыққан желім батырдай жабыса кеткен ағасын жатсынып отыр ғой...» Манаптың осы ойына өз көзқарасыңызды білдіріп, эссе жазыңыз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет