Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы Қазақ тілі мен



бет15/19
Дата07.12.2023
өлшемі495.03 Kb.
#485865
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
!18-ОШ ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 8-сын (1)

Жазылым


Бұл бөлімде 2 сұрақтың біреуіне жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында демеулік шылауларды тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.


Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.

1

2








  1. Табиғатқа, жануарларға, құстарға адам қолынан қастандықтар көптеп жасалуда деген пікір айтылады. Бұған кім кінәлі? Осы көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқындап, эссе жазыңыз.


  1. Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала – өте нәзік те сезімтал адам. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты етіп тәрбиелеуге болады? Өз позицияңызды ұстанып, аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

[10]

Айтылым




Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем). Диалогте демеулік шылауларды қолданыңыз. [10]

Ұсынылатын тақырыптар:



  • Өзіңіз білетін тарихи тұлғалардың тағылымы жайында сөз қозғаңыз.

  • Өзге ұлт өкілдері Наурызда қандай ас әзірлейді? Ұлттық тағамдардың мәні, құрамы, ерекшеліктері жайында айтып беріңіз. Б.Ж.Бопайұлы «Қазақы наурызнама» кітабынан мысалдар келтіріңіз.

  • Төмендегі мақалдарды талқылаңыз. «Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым» тақырыбымен байланыстырыңыз.

Балапанды торғайлар, Өрт болмасын тілейді. Балаларға аналар,


Дерт қонбасын тілейді.

Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді.


Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.



  • Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА) Қазақстан құстар қорғау одағымен бірге 2017 жылдың құсын таңдады. Бұл - үкі. Үкіні сипаттаңыз. Таңдау себебін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет