ТҮп тұҚияннан манаш бабаға дейін көпеев С. Ж



Дата13.06.2016
өлшемі52.2 Kb.
#133446
ТҮП ТҰҚИЯННАН МАНАШ БАБАҒА ДЕЙІН
Көпеев С. Ж.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)


Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер,

Өзін ғана білген ұл құлағы мен жағын жер.

Халық мақалы
Енді әуелі Манаш бабамыздың туып-өскен елін, кіндік кескен жерін қал-қадерімше таныстыра кеткенді парызым деп санаймын. Қазақтың киелі даласының бір бөлігі – Арқаның терістігін алып жатқан ала атақты Қостанай өңірі, Тобылдың сол жағасы, Меңдіқара ауданы, Тазкөл ауылында қой жылы, қардың жаңа ғана түскен уақытында, қазіргіше 1931 жылы, қарашаның 16-жұлдызында Қабаш Қозыбай ұлыныңтұңғыш баласы болып дүниеге келді. Ұлтты – қазақ. Нәсілі – монғолоид. Тайпасы – Керей. Таңбасы – ашамай(Х). Руы – Матақай Керей.

Шалқар көл, ну орманды Сібір жері,

Сібірді мекен еткен Керей елі.

Егін сап, күн көрудің қамын ойлап,

Бас қосып кеңес құрған би мен тегі.
Мекендеп Тобыл, Ертіс екі арасын,

Қазақтың күйге бөлеп ең даласын,

Сауықшыл Орта жүздің Керей едік

Үш жүздің жат көрмеген еш баласын.

Қожаберген жырау

Оның туған жері ең әуелі адамзаттың басты ырыздығы – алтын астығы жайқалған ырысты өлке екенін айтар едім. Одан кейін өндірісі мен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы қарқындап дамыған құтты мекен. Өзен-көлі, орман-тоғайы жайқалған, ақ қайың, шырша-қарағайлары жанға сая өңір. Әсіресе жазға салым жер беті жасыл желек жамылып, қызылды-жасылды гүлге оранғанда жұмақ дерсіз. Ауыл шаруашылық дақылдарын айтпағанда, табиғат тартуы – қарақат, таңқурай, долана, бүлдірген мен саңырауқұлақтың түр-түрі ерекше дәммен өсіретін жер. Қымыздық, таусарымсақ сияқты табиғат сыйлары асқа пайдаланып, ашырқап-тұшырқағанымыз естен кетпейді ғой. Шөбі шүйгін, суы бал жердің малы төлді. Етті, сүтті келеді. Аң-құсы қоңды. Үйрек-қазы мамырлап көз қуантады.

Манаш Қабашұлы Керей руының есімі бүкіл қазақ еліне ғана емес, бүкіл әлемге танымал ірі өкілі.

Бірер сөз Керей шежіресінің жазылуы, жиналуы жайлы. Ең алғаш Керей шежіресін жазған Дәулен батыр Таузарұлы болған. Артынан шежіресін баласы Толыбай сыншы толықтырған. Артынан Керейдің Қарабас батыр, Шәуке мырза, Майлы би, Киікбай би, Қара би сияқты арабша сауаты бар адамдары толықтырады. Онан соң Балта Керей Тұрсынбай батыр, Тіленші би, Баян бай, Жабай батыр, Шақшақ бисияқты мұсылманша хат танитын адамдар толықтырып ХІХ ғасырға кіргізген. Сонан кейін Дәулен шежіресін Тоқсан би, Тәбей Барлыбайұлы, Мөңке Мамышұлы, Сексен Шақшақұлы, Есеней Естемісұлы сияқты Керей елінің шежіреші ақсақалдары толықтырыпты. Бұл шежірені Сегіз сері жазып алып, өзі өмір сүрген кездегі ұрпақтарымен толықтырады, одан кейін баласы Мұсайын, Құсайынның Бекісі, Мұсайынның Нұрмұхаммеді жалғастырған. Солтүстік Қазақстан өңіріндегі жерін мекендейтін Ашамайлы Керейдің шежіресін жинастырушы өкілі – Қаратай Биғожин. Қаратай Биғожин – Сегіз серінің ұрпағы, Республикаға танымал ауыз әдебиетін зерттеуші, шежіреші болды. Содан кейін жалғастырушы ең соңғы өкілдері Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайы жанындағы «Асыл мұра» орталығының қызметкерлері – Социал Жұмабаев, Қайрулла Мұқанов, Таңат Сүгірбаев.



Асыл тусаң – Керей бол,

Үш қазаққа мерей бол.

Уақ болсаң – Шоға бол,

Айыр болсаң доға бол.

Арғын болсаң – Алтай бол,

Найман болсаң – Матай бол,

Байұлы болсаң – Адай бол,

Үйсін болсаң –Ботбай бол,

Бұл алтауы болмасаң –

Қалай болсаң солай бол.

Төле би

Шапырашты Қазыбек бек Тауазарұлы «Түп-тұқианнан өзіме шейін», Сегіз Серінің қалдырған шежіресінен, Шәкәрім Құдайбергеновтың «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», Марат Мұқановтың «Из исторического прошлого» олардан алыпАдам атадан Қабаш атаға дейін былай тарайды:

Абыл Башар пайғамбар(с.а.с.)→Шиш пайғамбар(с.а.с.) → Ануш → Қайнар → Майлыауыл → Жарты → Нуху → Ануша → Ламәк → Аниш → Ыдырыс пайғамбар (с.а.с.) → Нұқ пайғамбар(с.а.с.) → Жаппас → Тарақ → Азар → Ибраһим пайғамбар (с.а.с.) → Ысқақ → Жақып → Тәлік → Ер Түрік → Тұран → Өгіз → Алтай қаған → Мулқы → Талут → Армия → Азхан → Аққап → Сағид → Бозхан → Сабыр → Асхен → Садық палуан → Рүстем → Мәлікхан → Есқандыр → Оғыз → Тоғыз оғыз → Керейт → Сағади → Дастем → Ғамзат → Абдулмұрат → Қази → Наурызхан → Ақсары → Құсайын → Қалит → Мәлік → Әннәс Сахаба → Жабыл → Мағаз → Шаил → Аққұрай → Аламан → ЕрАлаш → Жайылхан → Майқыби → Сыбай → Айырқалпақ → Қазақ хан → Әбілқайыр → Жаншора би → Қабжан → Құндыз би → Ақбалтыр → Ысмағұл тархан → Ер Ошыбай → Керей батыр → Мәңліқаған → Арыстанбек → Наурызхан → Ғали-Ашамайлы Керей → Қайрат → Үйшібай → Баһрам → Бағдат батыр → Төбей би → Әзизбек → Тұрсынхан сардар → Бекарыстан → Қозыбай → Наурызбек → Қалид → Қажығали → Бекімқожа → Әлмұхаммед → Уызбек → Жанай тархан (оның әлде қалысы) → Бағлан би(оның қалысы) → Фархад батыр (оның жараны) → Танащ би (оның зәузаты) → Тарышы (оның әулеті) → Тезағай (оның өркені) → Арғы түпқияны – Матақай (оның жамағаты) → Түпқияны – Құдайқұл(оның жұрағаты) → Теркіні – Аққошқар (оның жекжаты) → Тектіні – Ерназар (оның жүрежаты) → Тек атасы – Сейтімбет (оның туажаты) → Түп атасы – Маманай (оның шөпшегі) → Бабасы – Күсен (оның неменесі) → Ұлы атасы – Сатыбалды (оның шөбересі) → Атасы – Қозыбай (оның немересі) → Әкесі – Қабаш (оның баласы).

Қостанай самал желді, саумал көлді,

Қостанай орман, сулы, асу белді.

Аққудай қордың қызы Бағиласы,

Көрдің бе қыз ішінде мұндай ерді!

Шетінен ұлы-қызы сайып қыран,

Білдің бе Қостанайдай ғажап жерді!
Мен дағы бір Алаштың баласымын,

Тарихи бір әулеттің ағасымын.

Алыстан қарындасты іздеп келген,

Қостанай Қозыбайдың Манашымын.

Манаш Қозыбаев

Керей ішіндегі Манаш баба, Матақай Керей. 1942 жылы атасы марқұм олардың ескі ауылын орнын көрсеткені бар. Ол Обаған тасыған кезде су алып, кейін бөлшектеніп қалған, көктемде қосылып, жазға жеке отауланатын Қарақамыс, Тазкөл мен Қаратомардың жағасы еді. Жаз жайлаулары осы күнгі Миролюбовка мен Ершовка ауылдарына жақын Сабыр көлі, оның жағасында қара шекпенді орыстар келген кезден бастап арғындармен аралас-құралас қонады екен. Қазір бұл көлдер Красно-Пресненский, Абай елді мекендеріне іргелес, егіндіктің арасында қалған. Ашамайлы керейлер ХХ ғасырдың басында жүз болыс ел екен, ал Матақай керейлер бір мың отбасы шамасы болғанға ұқсайды. Ғасыр аяғында олар азаймаса көбейген емес.

Қозыбай Сатыбалдыұлы 1861-1947 жылдары өмір сүрген, оның 30 жылы кеңес заманасына келді. Манаш баба ес білетін шағында атасы Қозыбай оның үйіне көрші жерде қоржын үйде тұрған.

Әкесі өзінің туған жылын білмейтін. Іс қағазында 1898 жылы, кейде 1900 жылдан жазылатын. Әкесінің азан аты – Қабдолла. Бірақ Қадиша (Кәшен) әжесі бесіктегі күннен бастап-ақ «Қапашым», «Қабашым», «Қабажаным» деп мейірі түсіп емізедін дейді. Атасы марқұм көңілі түссе «Қабажан, Қабажан» - деп отыратын. Содан кейін халық оны Қабаш деп атап кеткен.



Әкесі Қабаш Қозыбайұлы мектепке бармаған, «сауапсыздықты жою» үйірмесінде оқып, хат таныпты. Кейін төте араб графикасынан латынға ауысқанда қайтадан сауатсыз болған екен. 1939 жылы әкесі аудандық кеңеске депутаттыққа сайланып, райкомхоздың бастығы болып, ауданға ауысқан.

Манаш баба бала кезінде әуелі Сейтімбеттен, кейін одан өрбіген Тасболат, Шымболат, Маманай, Жаманай бауырлары деп отыратын. Бертін келе Манаш баба Қозыбай атасынан өрбіген ұрпақ ол кісіні әулеттің басы деп есептептеген, Қозыбай әулеті болып аталып кеттіпті. Аллаға шүкір, қазір Қозыбай әулеті бір ел. Оның ұрпақтары ішінен мемлекет, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, бизнэсмендер, ұстаздар, энергетиктер шыққан. Жас буын қанат жайып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет