Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары


Желілерді қосу үдерісіндегі байланыс операторларының (желілер иелерінің) өзара іс-қимылы



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі179.5 Kb.
#131188
1   2   3   4

3. Желілерді қосу үдерісіндегі байланыс операторларының (желілер иелерінің) өзара іс-қимылы

Желілерді қосу үдерісіндегі байланыс операторларының (желілер иелерінің) өзара іс-қимыл тәртібі


19. Қосылатын желі операторы (желі иесі) қосу үшін техникалық шарттарды беру туралы өтінімді желіні қосатын операторға жібереді. Өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) байланыс саласындағы уәкілетті орган берген қосымшаларымен бірге лицензияның көшірмесі (байланыс операторлары үшін);

2) желінің техникалық сипаттамалары (құрастырылған сыйымдылық, пайдаланылатын жабдық түрі (түрлері), сигнализация түрі (түрлері), желі құрылымы және болжанатын трафик (жүктеме) көлемі);

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімінде тіркелген қолданылатын жабдыққа сәйкестік сертификаттары;

4) байланыс саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасы телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бұйрығының көшірмесі.

20. Бұрын ОПТЖ қосылған желі иелері қызметтерді ұсыну лицензиясын алған жағдайда иесіне қосқан операторға он күн ішінде ол туралы хабарлауы қажет, нақтыланған техникалық талаптарды алып, оны орындауы қажет, сондай-ақ осы Қағидалардың 7 және 27-тармақтарына сәйкес Жалғау шартын қайта жасауы немесе жасалған Жалғау шартына өзгерістер енгізуі тиіс.

21. Қосылуға берілген техникалық талаптармен келіспеген жағдайда, қосылатын желінің байланыс операторы байланыс саласындағы уәкілетті органды бұл туралы хабардар ете отырып, баламалы техникалық шарттарды алу үшін желіні қосушы операторға жүгінеді.

22. Қосуға арналған техникалық талаптар негізінде қосылатын желінің байланыс операторы қажет болған жағдайда олардың орындалуына жобалау құжаттамасын әзірлейді және осы Қағидалардың 7-тармағында көздеген талаптарды орындайды.

23. Қосылатын желінің сыйымдылығы 2000 нөмірден астам болған жағдайда ОПТЖ-ға қосылуға рұқсат беріледі, ал сыйымдылығы 10000 нөмірден астам болса, бірнеше кезеңдерге бөліп жүзеге асыру ұсынылады. Кезеңдер берілген лицензияларға сәйкес тараптардың келісілген шешімімен айқындалады және қосудың техникалық талаптарында көрсетіледі. Қосу бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңдерінде техникалық талаптар мен жобалау құжаттамасында кейінгі кезеңдер де ескерілуі тиіс.

24. Қосылатын желілердің бірінші кезектегі сыйымдылықты бірінші кезеңде қосу және қосымша сыйымдылықты келесі кезеңдерде қосу осы Қағидалар мен нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген тәртіппен жұмыстарды және объектілерді қабылдау мен қосуға тиісті кезеңнің техникалық талаптарын толық іске асырғаннан кейін жүзеге асырылады.

25. Бірінші кезең жұмыстарын орындау барысында осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қосылатын желінің байланыс операторы қосатын желі байланыс операторына техникалық талаптардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Қосылатын және қосатын желілер операторларының өкілдері техникалық талаптардың орындалуын және қосылу нүктелері жабдықтарының дайындығын тексереді. Техникалық талаптарды орындау актісіне тексеру нәтижелері және барлық қажетті құжаттар (өлшеу хаттамалары, техникалық атқару құжаттамасы, Орындалған жасырын жұмыстар актісі, және тараптардың келісімі бойынша Қосылу нүктелері жабдықтарына қызмет көрсету аймағын шектеу жөніндегі актісі) қоса беріледі.

26. Қосылатын оператордың (желі иесінің) телекоммуникация желісінің қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосылуы байланыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желісінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру қағидаларының шарттарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Телекоммуникация желілерін қосуды ұйымдастыру


27. Телекоммуникация желілерін қосуды ұйымдастыруға қосылу процесінде тәсілдерді, шарттар мен тараптарға қойылатын талаптарды айқындау кіреді. Әрбір нақты жағдай үшін техникалық талаптар қосылатын желінің техникалық мүмкіндігін есептегенде қосылудың стандартты нүктелері туралы жарияланатын мәліметтерге сәйкес ОПТЖ-ға қосылатын операторлар берген жалғау (қосу) туралы техникалық мүмкіндіктермен анықталады.

ОПТЖ операторлары жыл сайын (10 қаңтарға дейін) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялау үшін байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

28. Байланыс саласындағы уәкілетті органның қосылатын желінің байланыс операторына беретін лицензиясында көрсетілетін деңгейде және пункттерде телекоммуникация желілерін ОПТЖ-ға қосуға рұқсат беріледі.

Бір оператордың желісін бірнеше таратылған географиялық пункттерде ОПТЖ-ға қосуға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда әрбір осындай пункттерде осы Қағидаларда белгіленетін барлық талаптар орындалуы тиіс.

29. Қосылуға техникалық талаптарды берген кезде қосылатын және қосатын желілердің (станцияаралық және коммутациялық сыйымдылықтар, байланыс желілерінің сыйымдылығы) түрлі элементтерінің қуатын арттыру мәселелері ескерілуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша қуаттандыру шығындары қандай да бір оператордың мүддесінде іске қосылған сыйымдылыққа тең түрде сол желінің элементін пайдаланатын қосатын және қосылатын желілердің операторларына жүктелуі мүмкін.

30. Техникалық талаптарды орындағаннан кейін қосылатын және қосатын желілердің байланыс операторлары (иелері) арасында шартқа қол қойылады, онда өзара есеп айырысудың барлық мәселелері, тараптардың ұсынатын қызметтер сапасына жауапкершілігі, сондай-ақ байланыс қызметінің пайдаланушылардың алдындағы жауапкершілігі белгіленеді.

31. ОПТЖ-ға телекоммуникация желісін қосу барысында жүзеге асырылатын жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру шарттық негізде жүзеге асырылады.

32. Коммутациялық жабдықтары Қазақстан Республикасының белгіленген техникалық регламенттеріне және жедел-іздестіру шараларын өткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес сертификатталмаған болса, коммутациялық жабдықтары Қазақстан Республикасының белгіленген техникалық регламенттеріне және жедел-іздестіру шараларын өткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес сертификаттау үшін қосылудан басқасына байланыс операторларының телекоммуникация желілерін ОПТЖ-ға қосуға жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет