Телекоммуникация желілерін қосуды ұйымдастыру
27. Телекоммуникация желілерін қосуды ұйымдастыруға қосылу процесінде тәсілдерді, шарттар мен тараптарға қойылатын талаптарды айқындау кіреді. Әрбір нақты жағдай үшін техникалық талаптар қосылатын желінің техникалық мүмкіндігін есептегенде қосылудың стандартты нүктелері туралы жарияланатын мәліметтерге сәйкес ОПТЖ-ға қосылатын операторлар берген жалғау (қосу) туралы техникалық мүмкіндіктермен анықталады.
ОПТЖ операторлары жыл сайын (10 қаңтарға дейін) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялау үшін байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
28. Байланыс саласындағы уәкілетті органның қосылатын желінің байланыс операторына беретін лицензиясында көрсетілетін деңгейде және пункттерде телекоммуникация желілерін ОПТЖ-ға қосуға рұқсат беріледі.
Бір оператордың желісін бірнеше таратылған географиялық пункттерде ОПТЖ-ға қосуға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда әрбір осындай пункттерде осы Қағидаларда белгіленетін барлық талаптар орындалуы тиіс.
29. Қосылуға техникалық талаптарды берген кезде қосылатын және қосатын желілердің (станцияаралық және коммутациялық сыйымдылықтар, байланыс желілерінің сыйымдылығы) түрлі элементтерінің қуатын арттыру мәселелері ескерілуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша қуаттандыру шығындары қандай да бір оператордың мүддесінде іске қосылған сыйымдылыққа тең түрде сол желінің элементін пайдаланатын қосатын және қосылатын желілердің операторларына жүктелуі мүмкін.
30. Техникалық талаптарды орындағаннан кейін қосылатын және қосатын желілердің байланыс операторлары (иелері) арасында шартқа қол қойылады, онда өзара есеп айырысудың барлық мәселелері, тараптардың ұсынатын қызметтер сапасына жауапкершілігі, сондай-ақ байланыс қызметінің пайдаланушылардың алдындағы жауапкершілігі белгіленеді.
31. ОПТЖ-ға телекоммуникация желісін қосу барысында жүзеге асырылатын жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру шарттық негізде жүзеге асырылады.
32. Коммутациялық жабдықтары Қазақстан Республикасының белгіленген техникалық регламенттеріне және жедел-іздестіру шараларын өткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес сертификатталмаған болса, коммутациялық жабдықтары Қазақстан Республикасының белгіленген техникалық регламенттеріне және жедел-іздестіру шараларын өткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес сертификаттау үшін қосылудан басқасына байланыс операторларының телекоммуникация желілерін ОПТЖ-ға қосуға жол берілмейді.
ОПТЖ-ның басым байланыс операторларының телекоммуникация желісін қосуын ұйымдастыру ерекшеліктері
33. ОПТЖ басым байланыс операторы желісіне қосуды ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) стандартты жалғау (қосу) мен қосу шарттары нүктелері туралы ақпаратты байланыс операторларына ұсыну осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес анықталады;
2) баламалы қызметтер көрсететін барлық байланыс операторлары үшін телекоммуникация желілерін қосудың және трафикті өткізудің бірдей шарттарын сақтау;
3) байланыс операторының қосу қызметін көрсетуі мен трафикті өткізуі осы қызметтерді басым оператордың өз желісі шенберінде және (немесе) осы қызметтерді аффилиирленген тұлғаларға көрсететін шарттар және трафикті өткізу технологиялар бойынша жүзеге асырылады;
4) қосу қызметтері бойынша бірыңғай төлемнің нақтылығын ұсыну;
5) бәсекелестер мен клиенттер туралы ақпаратқа қатысты тараптардың құпиялылық режимін сақтау;
6) синхрондау жүйелерін, кіру және шығу транзиттік трафиктерін (биллингін) есептеу жүйесін, пайдаланушылық қолдауын, жаңа қызметтерді ұсыну үшін қажет телефон шақыртулары мен басқа бағдарламалардың мәліметтер базасын, желілердің «бөлінбейтін» компоненттерін, оның ішінде абоненттік желілерді, нөмірлік сыйымдылықты (нөмірлердің үйлесімділігі қағидасын жүзеге асырумен) шарттық негізде қайтарымды пайдалану мүмкіндігін ұсыну;
7) инфрақұрылым элементтерін (мысалы, ғимараттар, бағаналар, телефон (кәбіл) кәріздері, арналар, антенді-діңгекті құрылыстар және басқалар) бірігіп пайдалануды шарттық негізде жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.
34. ОПТЖ басым байланыс операторлары үшін, жасалған басқа телекоммуникация желілерін қосу қызметтерін көрсету, сондай-ақ желілердің өзара іс-қимыл мен трафикті өткізу бойынша осы міндеттермен байланысты Жалғау шарты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын жария шарт болып табылады.
35. Қосылуға техникалық шарттар берген кезде байланыс операторларын кемсітушілікке жол берілмейді. ОПТЖ басым байланыс операторы қосылатын операторлар үшін (желілер иелеріне) қосылу шарттары мен трафикті өткізудің тең талаптарын қояды.
36. Қосылатын желі операторы осы Қағидаларда қарастырылған барлық талаптарды орындаған жағдайда, басым оператордың ОПТЖ-ға жалғау шартын жасаудан бас тартуына жол берілмейді.
Егер басым оператор тарапынан қосылу туралы техникалық мүмкіндіктерге сәйкес қосылуды уақтылы орындау техникалық себептерге байланысты мүмкін болмаса, басым оператор аталған техникалық себептерді жойғаннан кейін негізгі схемаға келесі ауыстырумен уақытша нұсқа бойынша қосу мүмкіндігін алдын ала қарастырады.
Телекоммуникация желілерін қосу деңгейлері
37. Нөмірлеу ресурсын бөліп беру арқылы телекоммуникация желісін қосу байланыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру қағидаларының ережелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Нөмірлеу ресурстарын тарату тәртібі және нөмірлерді бөлу, сондай-ақ телефон қызметтерін көрсетуге ұсынылған ОПТЖ-да телефон байланысының нөмірлерін пайдалану ерекшелігі байланыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерінің нөмірлеу ресурстарын тарату және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
38. Жергілікті деңгейде қосу:
1) тіркелген желілерді бір-бірімен, тіркелген желілерді ОПТЖ-ға қосыла алатын жылжымалылармен қосу жергілікті желілік нөмірлеу ресурсына сәйкес бөлу арқылы жүзеге асырылады;
2) ОПТЖ-да цифрлық сыйымдылық бар болған жағдайда қосылатын желінің коммутациялық станциялары арқылы шығу және кіру трафигін есепке алу жүзеге асырылатын жергілікті цифрлық станцияға қосылуы тиіс;
3) қосылатын желілердің коммутациялық станцияларын жергілікті цифрлық станцияға, тірек-транзиттік станцияға (бұдан әрі – ТТС) қосу мыналарда құрылған баламалы, сондай-ақ цифрлық арналармен де жүзеге асырылуы мүмкін;
қосу желілермен;
жергілікті телекоммуникация желісінің қалааралық шығу телефон хабарламаларын беруге арналған тапсырысты-қосу желілерімен;
қалааралық телефон станциясын жергілікті телефон желісінің станциясымен қосатын және қалааралық кіру хабарламаларын беруге арналған, қалааралық телефон байланысының қосу желілерімен.
Баламалы қосу жолдары бойынша қосылу кезінде, баламалы-цифрлық өзгерту жабдығын қосылатын желінің байланыс операторы орнатады;
4) егер қосылатын станция сыйымдылығы 3500 нөмірден кем болмаса, резервтік сыйымдылығы бар болған жағдайда автоматты қалааралық телефон станциясында (бұдан әрі – АҚТС) тікелей арна байламдарын қосылатын желінің коммутациялық станциялары және нөмірлеудің бір аймағында орналасқан ОПТЖ АҚТС арасында ұйымдастыруға рұқсат етіледі;
5) егер қосылатын желі сыйымдылығы жергілікті желінің қолданыстағы нөмірлеу резервінен асып кетсе, онда ОПТЖ басым байланыс операторы байланыс саласындағы уәкілетті органға ол туралы хабарлайды, ол осы мәселені реттеу бойынша шаралар қабылдайды.
39. Аймақішілік деңгейде қосу:
1) қосылатын желіні аймақішілік деңгейде қосу үшін жергілікті желі ретінде «ab» аумақішілік кодымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес географиялық аймақ шегінде қосылады;
2) жергілікті деңгейде телекоммуникация желісін қосу үшін нөмірлік ресурс болмаған жағдайда сыйымдылығы 5000 нөмірден кем емес желі қосылатын желі операторының келісімімен аймақішілік деңгейде осы нөмірлеу аймағының АҚТС-дағы қосылатын желінің коммутациялық станциясына қосу арқылы жалғануы мүмкін.
40. Қалааралық деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, мұнда оператордың (желі иесінің) қосылатын желісі автоматты қалааралық телефон станциясына немесе қосатын желінің қалааралық транзиттік торабына (бұдан әрі – ҚаТТ) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктелеріне қосылады. Мұнда қосылатын желіге нөмірлеу ресурсы – географиялық анықталатын аймақ АBC коды, АBC-те «Х1Х2» қолжетімділік коды, DEF географиялық емес анықталатын аймақтың коды, қызметтерге қолжетімділік кодында оператор коды (бұдан әрі – ҚҚК), қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторын таңдау префиксі (бұдан әрі – ОпП).
41. Халықаралық деңгейде қосу:
1) қосылатын телекоммуникация желісін халықаралық коммутация орталығына (бұдан әрі – ХКО) қосатын қалааралық және халықаралық байланыс операторларының, халықаралық байланыс қызметтерін көрсетуге құқығы бар халықаралық байланыс операторларының желілерінде ғана халықаралық деңгейде қосу жүзеге асырылады;
2) қосатын және қосылатын желілердің арасындағы ХКО әрекеттестігі олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады;
3) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының және халықаралық байланыс операторлары желісінің өзара іс-қимылын жүзеге асыруы кезінде (ХКО-ХКО деңгейінде) Жалғау шартына мынадай талаптар енгізілуі тиіс:
ұлттық желі шегіндегі және шетелдік жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісіне шығуда желінің бірінде авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған жағдайда трафикті өткізу үшін айналманы ұйымдастыру және ұсыну;
өзара іс-қимыл телекоммуникация желілерінің өткізу қуатын қауіпсіздік, қорғаныс және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне ұсыну.
42. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қалааралық және (немесе) халықаралық деңгейде(-лерде) ұйымдастырылады.
43. Жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу былайша ұйымдастырылады:
1) ОПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қосу автоматтық телефон станцияларының транзиттік тораптары (АТС ТТ), ОПТЖ-не бұрын қосылған және шығыс пен кіріс трафигін есепке алуды жүзеге асыруы қажет қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының автоматтық қалааралық телефон станциясы (АҚТС) арқылы жүзеге асырылады;
2) ОПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосылған жергілікті телефон байланысы операторларын абоненттердің таңдауы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына берілген оператор префиксі (ОпП) арқылы, ал қалааралық және (немесе) халықаралық байланысы үшін жеке-жеке жүзеге асырылады (тиісінше 1 ОпП және 2 ОпП);
44. Қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу былайша ұйымдастырылады:
1) қалааралық байланыс операторы желісінің қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосылуы қалааралық деңгейде тиісті географиялық нөмірлеу аймағына (АВС) қосатын және қосылатын байланыс операторларының желілерінде АҚТС арасында жүзеге асырылады;
2) әр географиялық аймақта АҚТС болуы тиіс;
3) қосатын желінің АҚТС-пен қосылатын желінің АҚТС-ы арасындағы өзара іс-қимылдары олардың арасында тікелей байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
4) шығыс және кіріс қалааралық трафигінің есебі қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының екеуімен де, не уағдаластық бойынша өзара іс-қимылдағы байланыс операторларының біреуіне тиесілі бірыңғай есептеу орталығымен жүзеге асырылады.
45. Халықаралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу былайша ұйымдастырылады:
1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желісіне халықаралық байланыс операторы желісінің қосылуы қосатын және қосылатын операторларының халықаралық коммутация орталықтары (бұдан әрі - ХКО) арасында жүзеге асырылады;
2) қосылатын және қосушы желілердің ХКО арасындағы өзара іс-қимылдары олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
3) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының және халықаралық байланыс операторлары желілерінің өзара іс-қимылын жүзеге асырғанда (ХКО - ХКО деңгейде) Жалғау шартына мына талаптар енгізілуі тиіс:
желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде жалпы пайдаланылатын телекоммуникацияның шетелдік желілеріне шығу кезінде де ұлттық желі шегіндегі сияқты трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұйымдастыру және ұсыну;
қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл жасайтын телекоммуникация желілерінің өткізу қуаттылықтарын өзара ұсыну.
46. Қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісінің басқа қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісіне қосылуы тиісінше бір географиялық аймақтың АҚТС-мен АҚТС-ның, қосатын және қосылатын операторларының сәйкес желілерінің ХКО мен ХКО арасында ұйымдастырылады.
47. Басқа байланыс операторының қосылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желілерін коммерциялық пайдалануға босату байланыс саласындағы уәкілетті органның қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың телекоммуникация желілеріне ұсынылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың операторын анықтау бойынша біліктілік талаптар мен өлшемдерді орындағаны туралы расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
48. Корпорациялық телекоммуникация желісі, егер ол түрлі әкімшілік аймақтар бойынша желі учаскелеріне бөлінгенді, тиісті нөмірлеу ресурсын бөліп беру арқылы біріктіретін болса («DEF» коды) ОПТЖ-ға, әкімшілік аймақ шеңберінде мекемелік коммутациялық станция орнату арқылы немесе қалааралық транзитті торап деңгейінде корпоративтік клиент ретінде қосылуы мүмкін.
Корпорациялық желі иесі тиісті лицензия алып, ақылы негізде қызмет көрсетуге ниет білдірген жағдайда, ОПТЖ-ға жалғау мынадай шарттармен жүзеге асырылады, егер:
1) өндірісішілік мақсатта (өндірістегі технологиялық процестерді басқару) пайдаланылатын негізгі желі бөлігінен қосылатын желі бөлігін иесі бағдарламалық немесе техникалық бөлінуі мүмкін;
2) желінің қосылатын бөлігі осы Қағидаларда мазмұндалған, ОПТЖ-ның жұмыс істеу талаптарына сәйкес келсе;
3) корпорациялық телекоммуникация желісінің иесі басқарушылық және өндірісішілік мақсаттар (өндірістегі технологиялық процестерді басқару) және ОПТЖ-ға қосылатын оның бөлігі үшін пайдаланылатын желіні пайдалану шығыстарын бөлектеп есептеуді жүргізеді.
49. Жылжымалы байланыс желілерін қосу:
1) жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ОПТЖ-ға қалааралық, аймақішілік және нормативтік актілерге немесе байланыс операторларының арасындағы келісімі бойынша тиісті нөмірлеу ресурстарын бөліп беру арқылы жергілікті деңгейде қосылуы мүмкін;
2) нөмірлеудің географиялық емес DEF коды тағайындалған жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ОПТЖ-ға қалааралық деңгейде ҚаТТ арқылы, басқа нөмірлеу аймақтарының абононенттеріне трафик өткізу үшін және аймақтық деңгейде - нақты географиялық нөмірлеу аймағы шегінде трафик өткізу үшін жылжымалы желінің коммутаторы орналасқан географиялық нөмірлеу аймағының АҚТС арқылы қосылуы мүмкін;
3) DEF географиялық емес коды тағайындалған ұялы байланыс желісі ОПТЖ-ға қалааралық деңгейде (АҚТС, ҚаТТ) қосылады, ұялы байланыс желілерінің біріне-бірі қосылуы тікелей арналарды ұйымдастыру арқылы бұл желілердің коммутациялық жабдықтарының тиісті деңгейлерінде жүргізіледі;
4) АВС нөмірлеудің географиялық аумағында «ab» коды тағайындалған жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ЖПТЖ-ға осы нөмірлеудің географиялық аумағындағы АҚТС арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары географиялық нөмірлеу аймағының жоспарына кіреді;
5) «abX/abXX» жергілікті желі АТС индексін алған жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі, жергілікті желінің коммутациялық станциялары арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары жергілікті желінің нөмірлеу жоспарына қосылады.
Жылжымалы радиотелефон байланысының желісін қосу осы Қағидаларға сәйкес қосатын желі операторлары беретін техникалық мүмкіндіктер негізінде жүзеге асырылады.
50. Телеграфтық және телекстік байланыс желілерін қосу:
1) жалпы пайдаланылатын телекстік байланыс желілеріне қосу ведомстволық телеграфтық-телекстік желілер және телематикалық қызметтер үшін рұқсат етіледі;
2) телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосу абоненттік шеткі пункттер немесе құрылғылар деңгейінде жүзеге асырылады;
3) абоненттік құрылғылар деңгейінде қосу ұғымы пайдаланушының терминалын телекоммуникация желісіне қосуды білдіреді, соның көмегімен оператор ақпаратты береді және қабылдайды;
4) хабарларды коммутациялау арқылы жалпы пайдаланылатын телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосылу телеграфтық және телекстік байланыс операторлары үшін рұқсат етіледі;
5) жекелеген жағдайларда қосылатын желіге сәйкес техникалық жабдықтардың болуы кезінде арналарды коммутациялау станциялары (кіші станциялары) немесе хабарламаларды коммутациялау орталықтары концентраторлары деңгейіндегі телеграфтық байланыс желісіне қосуға байланыс саласының уәкілетті органының тапсырмасы негізінде рұқсат беріледі;
6) қосылатын желіден бөлінетін қосылу мен нөмірлеудің нақты нүктелерін жалпы пайдаланылатын телеграф желісінің операторы белгілейді.
Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер және деректерді тарату желілер операторларының тораптарына қол жеткізу
51. Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер және деректерді тарату желілер операторларының тораптарына төмендегі қол жеткізуі мына тәсілдердің біреуімен ұйымдастырылады:
1) байланыс саласындағы уәкілетті органмен тағайындалатын ҚҚК операторының кодын пайдаланумен ОПТЖ АҚТС-ға жабдықтарды қосу. Мұнда қол жеткізу тек қана жабдықтары АҚТС-қа қосылған нөмірлеу аумақтары абоненттері үшін ғана ұйымдастырылады;
2) қосудың (қосылудың) стандартты нүктесіне қосылған жергілікті желі байланыс арналарының абоненттерінен бір бағытты шығыс бойынша жабдықтарды ЖПТЖ-ға жергілікті деңгейде қосылумен.
52. Арнайы, ақпараттық-анықтамалық және сервистік қызмет көрсету иелерімен ұсынылатын қызметтерге пайдаланушылардың қол жеткізуін ұйымдастыру үшін, сондай-ақ жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен (пейджингтік желілер) дербес радиошақыру желілері операторларының жұмысын ұйымдастыру үшін абоненттік нөмірлер немесе сериялық нөмірлерді бөлумен абоненттік желілер ұсынылады. Абоненттік желілерді бөлуге Шартта олар қандай мақсатқа бөлінгендігі көрсетіледі.
Сериялық нөмірлерді бөлу тәртібі және сериялық нөмірлерді бөлетін жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен сериялы нөмірлер иелерінің өзара іс-қимылы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген.
IP–телефония (Интернет – телефония) операторларының жабдықтарын (қол жеткізу тораптарын) ОПТЖ-ға қосу
53. IP-телефония (Интернет – телефония) операторларының жабдықтарын (қол жеткізу тораптарын) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары желілеріне қосу қалааралық деңгейде қызметтерге қол жеткізу кодын пайдаланумен жүзеге асырылады. ҚҚК-да оператор кодын пайдаланумен қатар, уәкілетті органның бұйрығымен қызметтерге қол жеткізу нөмірі ретінде бекітілген жергілікті телефон нөмірі пайдаланылуы мүмкін, мұнда IP-телефония (Интернет – телефония) операторлары жабдықтарын (қол жеткізу тораптарын) қосу деңгейі қалааралық болып қалады.
54. ҚҚК және Х1Х2Х3Х4 оператор коды байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіппен тағайындайды.
55. IP-телефония (Интернет – телефония) қызметтеріне қол жеткізу АҚТС-ке оператордың қол жеткізу торабы қосылған аталған нөмірлеу аймағының операторлары үшін ұйымдастырылады.
Қосатын оператордың техникалық шарттарына қойылатын талаптар
56. Қосылуға арналған техникалық шарттар қосылу өтініміне сәйкес беріледі және мынаны қамтуға тиіс:
1) қосылуды қамтамасыз ететін пайдаланылатын тиісті желілік-кәбілді және станциялық құрылыстар, осы құрылыстар мен станциялық қондырғының қажеттіліктерін көрсету арқылы желілерді қосу тәсілін (байланыс құралдарын);
2) қосылатын желінің трафигін өткізу үшін бар телекоммуникация құрылыстарын пайдалану, мұндай болмаған жағдайда – тараптардың келісімі бойынша жаңа құрылыстырды салу қажеттілігі;
3) қосылатын желі нүктелеріндегі жабдықтың типтері және оның техникалық параметрлері – сигналдар деңгейі, сигналдар спектрі, беру жылдамдығы және өзге де түйісу параметрлері;
4) пайдаланылатын сигнализация жүйесі;
5) тактілі синхронды желі жүйесіне қосу;
6) байланыс саласындағы уәкілетті орган қосатын операторға бөлінетін нөмірлеу ресурсы;
7) қосуды жүзеге асыру үшін қажетті шаралар, құрылыс-монтаждау жұмыстарының алдын ала тізбесі;
8) қосу бойынша жұмыстар кезеңдері;
9) қолданылу мерзімі (алты айдан кем емес).
ОПТЖ цифрлық станцияларын қолдайтын дабыл хаттамаларының шектеу тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген.
57. Техникалық шарттарға объектілер мен ғимараттарды салудағы жалғауды қосу, сонымен қатар трафикті өткізуге қатыссыз қондырғыны орнату, тек өтемақысыз негізде болмаса ғана жіберілмейді. Қосылудың техникалық шарттармен белгіленетін жұмыс көлемі желілерді салу бойынша нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
58. Өтемақы негізінде объектілерді салу деп қарастырылатын жағдай байланыс операторларының, қосатын желі мүддесімен қосылатын желінің байланыс операторлары орындайтын жұмыс бағасымен қосылатын желіге/ден трафикті жүргізумен байланысты емес телекоммуникация объектісі (құрылысы) арасындағы шарттасу бойынша құрылыс түсіндіріледі.
59. Қосудың техникалық шарттарын беру кезінде қосылатын желінің байланыс операторына қосылатын желіні және өзге жабдықтарды, қосылатын желі байланыс операторының есебінен желілердің өзара қатынасын қамтамасыз ету үшін салынатын ғимараттарды таратуды қосатын операторлардың жеке меншігіне беруге жол берілмейді.
60. Қосылудың техникалық шарттары олардың берілуі үшін көзделген мерзімде келесі жағдайларда анықталады:
1) қосуды жүзеге асырған желідегі нөмірлеудің өзгеруі;
2) қосылатын желімен тікелей өзара іс-қимылдағы дабыл жүйесін және т.б. өзгертуді талап ететін қосуды жүзеге асырған желілердің техникалық құралдарын жаңғырту, қайта құрау немесе ауыстыру;
3) жалғанған желінің қондырғысын жетілдіру қажеттілігі және (немесе) оның сыйымдылығын кеңейту;
4) байланыс саасындағы уәкілетті органның нормативтік актелеріне сәйкес қосу деңгейінің өзгеруі;
5) қосылған желінің байланыс операторы «АВС» немесе «DEF» кодтарын алу;
6) қосылған желінің байланыс операторымен желілердің қосылуын талап ететін телекоммуникация саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге басқа лицензияларды алу.
61. ОПТЖ жаңғыртуды жүргізу кезінде қосатын желінің байланыс операторы жаңғырту жобасын бекіткеннен кейін жиырма күн бұрын барлық мүдделі байланыс операторларына, желілер иелеріне техникалық шарттардың өзгеру мүмкіндігі туралы хабарлайды. Қажет болған кезде қосатын оператор жаңғыртуды бастағанға дейін үш ай ішінде қосылатын операторға техникалық шарттарға өзгерістерді береді.
62. Осы Қағидалардың 61-тармағында қарастырылған жағдайларда, қосылатын желінің байланыс операторы қосатын желінің байланыс операторына өз желісінің ОПТЖ-ға қосу туралы техникалық шарттарды анықтау үшін көмек сұрауына болады.
Қосылуға арналған техникалық шарттарды нақтылауға техникалық шарттарды беру үшін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Жаңа техникалық шарттарға сәйкес қосу бойынша жұмыстарды орындағаннан кейін өзара іс-қимылдағы байланыс операторларымен Жалғау шарты анықталуы тиіс.
Қосылудың техникалық шарттарын өзгерту немесе нақтылау жағдайларында осы Қағидаларда регламенттелген мәселелер шегінен шықпай және үйлесімді қажетті, негізделген болуы тиіс.
63. Нормативтік құқықтық немесе нормативтік-техникалық актілерге қосылу сәйкес келмеген жағдайда қосатын желі операторымен байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның ұйғарымы бойынша қосылған желінің байланыс операторына техникалық шарттарды беруі тиіс. Бұл ретте туындайтын шығыстарды өзара іс-қимылдағы операторлармен олардың арасындағы шарттарда белгіленген мөлшерде екі тарап төлейді.
4. Қызметтерді ұсыну үдерісінде телекоммуникация желілерінің байланыс
операторларының өзара іс-қимылы
Қызметтерді ұсыну үдерісінде байланыс операторларының
өзара іс-қимыл тәртібі
64. Байланыс операторлары мыналарды:
1) өз желілерінде әрбір байланыс қызметтерін пайдаланушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде нақты бәсекелес елді мекеннің жергілікті желісі шегінде байланыс операторын еркін таңдауының техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ету;
2) өз желісінің пайдаланушыларына ОПТЖ-ның қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерін ұсыну құқығы бар кез-келген байланыс операторын таңдауға құқығын қамтамасыз ету;
3) байланыс қызметтерін пайдаланушыларға стандарт сапасы, техникалық нормалар, байланыс қызметін ұсыну шартының ережесіне сай байланыс қызметтерін ұсынуы қажет.
65. Пайдаланушыларға телекоммуникация қызмет көрсетулерін ұсынатын бірыңғай технологиялық үдерісіне қатысатын байланыс операторлары арасында мыналарды:
1) ұсынылатын телекоммуникация қызметтерінің сапасы үшін өзара жауапкершілікті;
2) қызметтер сапасының төмендеуіне немесе олардың көрсетілмеуіне әкеліп соғатын, техникалық пайдалану бойынша нормативтік актілердің талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда байланыс операторларына шығынның орнын толтыру тәртібін;
3) басқа операторлар ұсынатын телекоммуникация қызметтері үшін есеп айырысуды жүргізетін байланыс операторларының және осы қызметтер үшін пайдаланушылармен есеп айырысу кезіндегі олардың өзара іс-қимыл тәртібін;
4) пайдаланушылар шағымдарын қарау бойынша жұмысты жүргізу тәртібін;
5) өзара іс-қимылдағы желілердің трафикті өткізу тәртібін;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды жүргізудің шарттары мен тәртібін;
7) желілерді жедел-техникалық басқару жүйесінің өзара іс-қимыл мәселелерін;
8) байланыс құралдарының қызметтермен қамтамасыз етудегі бөгелістеріне әкеліп соғатын авариялық тоқтаулар туралы және байланысты қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін шаралар кешенін қабылдау туралы ақпаратты басқа байланыс операторлары мен қызметтерді жеткізушілерге уақтылы ұсынуды;
9) қызметтерді ұсыну кезінде тоқталыстарға әкеліп соғуы мүмкін желілерде жоспарланған алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы байланыс операторлары мен қызметтерді жеткізушілерді уақтылы хабардар етуді;
10) ОКС 7 желілерін жалпыарналық сигнализацияға сәйкес сигналдық өлшемдердің түзеу таратылуын, оның ішінде егер байланыс операторының коммутациялық жабдықтарының (Cal Detail Record қоңыраудың бөлшектенген жазбасы) бастапқы жазбасында болған жағдайда, шақыратын абоненттің халықаралық форматтағы (А абонент нөмірі) нөмірін қамтамасыз етуді көздеітін шарт жасалады.
66. Ұсынылатын қызметтердің қолданыстағы нормаларға сәйкессіздігі байқалған жағдайда өзара іс-қимылдағы байланыс операторлары мұндай сәйкессіздіктің себептерін анықтап, бұл себептерді жою үшін шаралар қабылдау қажет. Бұл жағдайда шығындарды қолданыстағы нормаларға сәйкессіздік табылған желінің байланыс операторы өтейді.
67. Жергілікті телефон байланысы желісінің өзара іс-қимылдағы операторлары ОПТЖ-ға шыға алатын барлық пайдаланушыларға тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын жедел медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтермен тегін байланысу мүмкіндігін ұсынуға міндетті.
68. Телефон желілерінің өзара іс-қимылдағы операторлары Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде іс-әрекеттегі байланыс саласындағы уәкілетті орған қабылдаған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес алғашқы және қайталама желілерді басқару және олармен жұмыс істеу технологиялық алгоритмдерін ұстанады.
Жергілікті телефон қосуларда уақтылы есепті енгізгенде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және осы мақсатта байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша байланыс операторлары елді-мекен абоненттеріне әлеуметтік маңызды объектілерімен ақысыз қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді,.
69. Қосылған желілердің байланыс операторлары анықтама қызметін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын шығару немесе жалпы анықтамалық дерекқорларын құру үшін келісім бойынша қосатын желінің операторына сұрау бойынша ай сайын деректер ұсыну мақсатында бір-біріне сұрау салу бойынша өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге енуді тек пайдаланушылардың келісімімен және Заңның 15 – бабында көзделген жағдайларда ғана ұсынады.
ОПТЖ бойынша трафиктің өткізілуін реттеу тәртібі
70. Байланыс операторлары өздерінің желілеріндегі трафиктерінің өткізілуін осы Қағидаларға, берілген лицензияларға және байланыс саласындағы уәкілетті органның нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
71. Өзінің қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын әрбір байланыс операторы (желі иесі) өз желісінің шегінде тұйықталатын телефон трафигінің өткізілуін басқаруды өз бетінше жүзеге асыруға құқылы, және байланыс саласындағы уәкілетті органның және ОПТЖ магистральдық операторының олардың құзыреті шегіндегі төмендегілерді қамтитын нұсқауларын орындауға тиісті, оның ішінде:
1) ұлттық желінің шегінде тұйықталатын трафикті маршруттау бойынша;
2) халықаралық шығыс, кіріс және транзиттік трафикті маршруттау бойынша;
3) өз желісінің техникалық жағдайы мен жұмысы туралы толық ақпаратты жинақтау, талдау және ұсыну бойынша.
72. Жергілікті, қалааралық, халықаралық трафикті ОПТЖ-ға және ІP-телефония (Интернет–телефония) операторларының трафигін босату және қосылу нәтижесінде желілердің техникалық құралдары бойынша деректерді тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосатын және қосылатын желілердің байланыс операторлары арасында жасасқан шарттар негізінде ғана рұқсат етіледі.
Қосатын байланыс операторлары тиісті трафик түрін өткізуге шарт жасаспаған қосылатын байланыс операторларының жоғарыда аталған трафик түрлерін өткізуді жүзеге асырмайды.
73. ОПТЖ қосылатын байланыс желілерінің және ОПТЖ шығатын және кіретін халықаралық телефон трафигін өткізу Қазақстан Республикасының ОПТЖ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының ХЖО коммутация алаңы арқылы жүзеге асырылады.
74. Заңда белгіленген жағдайларда байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілеріндегі телефон трафигін өткізудің тікелей орталықтандырылған басқаруын жүзеге асырады.
75. Нөмірді теру кезінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдауға арналған префикстер байланыс саласындағы уәкілетті орган тарапынан тағайындалады және тек шығатын байланыс кезінде ғана пайдаланылады.
Кіретін байланыс кезінде кіретін халықаралық (қалааралық) станциядан байланыс операторын таңдап алу операторлар арасындағы кіретін трафиктің жергілікті телекоммуникация желісінің абоненттеріне баратын бағыты бойынша жасалған келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
76. Желіде зақымдар, шамадан тыс жүктемелер немесе штаттан тыс жағдайлар болған кезде байланыс операторлары тез арада байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру, трафиктің бағытталған пунктіне қарай маршруттау үшін айналмажол ұйымдастыру жөніндегі келісілген шаралар қабылдануы тиіс.
Трафикті айналма жолдар бойынша маршруттау схемасы, айналма жолдарды қалыптастыру тәртібі қалааралық және халықаралық байланыс операторларының бірлескен шешімімен белгіленеді.
Байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жедел басқаруды байланыс саласындағы уәкілетті орган ЖПТЖ басқарудың бас орталығына құзыретін жүктейтін қалааралық және халықаралық байланыс операторларының біреуі іске асырады.
5. Желілік ресурстардың пайдаланылуына және трафиктің
өткізілуіне өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібі
77. Телекоммуникация желілерін қосу нәтижесінде өзара іс-қимылдағы байланыс операторларының өзара іс-қимылы өзара есеп айырысуды жүргізу кезінде мынадай жалпы ережелерге негізделеді:
1) телекоммуникация желілерінің ресурстарын (коммутациялық станциялардың, арналардың және желілердің өткізу қабілетін) мейлінше көп пайдалану;
2) шақыруларға қызмет көрсету және пайдаланушыларға қызметтер ұсыну сапасының көрсеткіштерін арттыруға дем беру;
3) тең құқылы әріптестік;
4) әрбір жақтың телекоммуникация желісінің станциялық және желілік құрылыстарын салуға және пайдалануға салған салымдарын ескеру.
78. Байланыс операторлары арасындағы ұсынылатын желілік ресурстар үшін өзара есеп айырысу тәртібі мыналарды ескере отырып анықталады:
1) техникалық құралдар мен ОПТЖ-ға енуді қамтамасыз ететін телекоммуникация құрылыстар меншігіне қатыстылығы;
2) ОПТЖ-ға қосылу деңгейі;
3) трафикті ОПТЖ арқылы өткізудің есепке алыну қажеттілігі.
79. Қосылу қызметтеріне тариф біржолғы төлем болып табылады және қосудың (қосылудың) стандартты нүктелерін құруға және бөлуге экономикалық негізделген шығындар мен табыстарды өтеуден (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің үш есе көлемінен аспайтын) қосылу қызметтерін ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторының (желі иесінің) жұмыстарының құнын білдіреді.
Қосылу қызметтеріне біржолғы төлемді есептеген уақытта алаңдар мен үй-жайларды жалға алу бойынша шығындар енбейді.
Қолданыстағы қосылу қуаттылығын кеңейту шарттық негізде екі тараптың да мүдделерін есептеумен жүргізіледі.
80. Өзара іс-қимылдағы байланыс операторлары арасында трафиктің барлық түрлерін босатуға өзара есеп айырысу абоненттермен байланыс қызметтеріне, сондай-ақ қосылыстың ұзақтығын уақытқа қарай есептеу аппаратурасына есеп айырысудың сертификатталған және тексерілген автоматты жүйелерінің енгізілген әрбір өзара әрекет етуші байланыс операторынан алынған биллингтік деректер негізінде жүргізіледі.
81. Операторлардың өзара іс-қимылы қосатын және қосылатын кезінде олардың арасындағы өзара есеп айырысу өткізілген кіріс, шығыс және транзиттік трафиктер, қосылу қызметтері үшін және жалданатын телекоммуникация құралдары мен құрылыстары үшін жүзеге асырылады.
Өткізілген трафик үшін өзара есеп айырысу кезінде пайдаланушыдан төлем алатын шығыс бағыттың байланыс операторы өктізілетін трафиктің бағыт кіріс немесе транзиттік болып табылатын байланыс операторымен есеп айырысу мөлшерлемесінің негізінде есеп айырысады.
Егер бір оператормен телекоммуникация қызметтерін ұсыну басқа оператордың абонеттеріне алдын ала төлем карталары бойынша немесе олардың арасындағы тікелей шартпен жүргізілсе, операторлар арасындағы өзара есеп айырысу есеп айырысу мөлшерлемесінің негізінде операторға төлем қарастыратын, шығыс қосу кезінде абоненттік жалғауды қамтамасыз ететін қосымша келісімдер арқылы жүргізіледі.
82. Қосатын және қосылатын операторлардың арасындағы өткізілген трафик үшін есеп айырысу былай жүргізілуі тиіс:
1) трафиктерді өткізу қызметтері:
жергіліктіге (кіріс, шығыс, транзит);
қалааралыққа (аймақішілік) (кіріс, шығыс, транзитті);
халықаралыққа (кіріс, шығыс, транзитті);
ұтқыр операторлар желісіне(нен);
IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының;
байланыс операторларының желісіне анықталмаған бағыттар трафигінің енуі;
2) көліктік желі арналарына қол жеткізу қызметтері:
байланыс арнасын ұсыну жалға алу (баламалы, немесе цифрлы) және (немесе) басқа байланыс операторларының желілерімен қосылудың әр түрлі нүктелері арасындағы жалғау желісі;
3) байланыс операторының желісіне қол жетізуді ұйымдастыру қызметтері:
арналарды ұйымдастыру және қосу бойынша және (немесе) жалғасатын желілер арасындағы жалғау желісіндегі жұмыстар (қосу нүктесінің географиялық орналасуына қарай әрбір жалғанатын оператор желісінен қосу желісіне дейін);
4) қосатын байланыс операторының қызметтеріне қол жеткізу:
биллинг өткізу және абонеттерден төлемдерді жинау;
жалға ұсыну немесе кабельді кәрізді және қосу мақсатындағы технологиялық мүлікті пайдалану;
техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және жабдықты қарау;
5) қосу қызметтері.
83. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары және халықаралық байланыс операторлары шетелдік халықаралық операторлармен халықаралық трафик үшін өзара есеп айырысуларды жүзеге асырады.
84. Байланыс операторларының халықаралық трафикті өткізгені үшін өзара есеп айырысу шарттық негізде және байланыс саласындағы заңнамаға және табиғи монополиялар және реттелетін нарыққа сәйкес жүзеге асырылады.
85. Төлем шақыратын оператордың байланыс қызметтеріне жүзеге асырылатын қызметтерге байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысу өзара іс-қимылдағы операторлар арасында шарттық негізде жүзеге асырылады.
86. Аймақішілік немесе жергілікті деңгейде қосылатын өзара іс-қимылдағы желілердің арасындағы өзара есеп айырысулардың ішіне есеп айырысу ставкасы негізінде трафик бірлігі үшін төлем әдісімен осы Қағидалардың ұсыныстары мен ХЕО ұсыныстары (D сериясы), сондай-ақ қажет болған жағдайларда және қосымша шарттар негізінде қосу желісі, байланыс арналары мен телекоммуникация құрылыстарын пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем үшін есеп айырысу кіреді.
87. Бір қосылу желісіне операторлар арасындағы өзара есеп айырысуларды жүргізу кезінде 64 кбит/с стандарты цифрлы арна, ені 3,1 кГц үнді жиіліктегі баламалы арна, 50 Бод тарату жылдамдығымен бір төртсымдық арна алынады. Е1 ағыны G.704 п. 5.2 «n*64 кбит/с арналары әкелетін, 2048 кбит/с-қа түйіс» ұсынысына сәйкес 30 стандартты цифрлық арнаға алынды.
N*64 арналарының ағынында кіріс және шығысқа бөліну қосылатын арнаның байланыс операторы ұсынған қызмет көрсету түріне байланысты болады және қосуға техникалық мүмкіндіктер беру және орындау кезеңінде анықталады.
Жалғаудың (қосудың) стандарты нүктесі дауысты тарату үшін 30 цифрлы арнаны қамтамасыз ететін, Е1 цифрлық портымен қалыптасады, синхрондау үшін жеке арна және басқару сигналдарын тарату үшін жеке арна, барлығы 64 кбит/с жылдамдылығы 2 Мбит/с бойынша барлығы 32 арна.
88. Байланыс операторлары арасында трафикті босатқаны үшін өзара есеп айырысу қосылу шарттары негізінде және байланыс саласындағы заңнамаға және табиғи монополияларға және реттелетін нарыққа сәйкес жүзеге асырылады.
89. Байланыс операторларының арасындағы есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу трафикті өлшеу шығатын, сондай-ақ кіретін бағыттарда жүргізілуі тиіс. Бұл кезде байланыс операторларының әрқайсысы басқа операторлармен үш жылға жасалған шарттардың талаптарына сәйкес салыстыруды жүргізу үшін барлық пайдаланылатын жүктемелерді өткізу жолдары бойынша өткізілген трафик туралы бірінші деректерді сақтайды және деректердің сенімділігі үшін жауап береді.
90. Әр түрлі бағыттар бойынша өткізілетін трафиктің көлемдері туралы сенімді деректер алу мақсатында байланыс операторлары оның көлемдерін анықтау мүмкіндігі мен тура және айналып өтетін арналарды қоса отырып, жалғануларды орнатудың барлық пайдаланылатын бағыттары бойынша шақыруларға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданады.
91. Байланыс операторлары арасындағы уағдаластық бойынша трафик туралы деректерді жинақтау және өңдеу өзара іс-қимылдағы операторлардың біреуіне тиесілі ортақ есеп айырысу орталығы арқылы жүзеге асырыла алады.
92. Есеп айырысу мезгілі ретінде бір күнтізбелік айды алу ұсынылады. Операторлар арасындағы келісім бойынша өзге де есеп айырысу мезгілін пайдалануға болады.
93. Жүктемені есептеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдарға қарамастан, коммутациялық станциялардың барлық түрлеріндегі трафикті өлшеу үшін және қосылуды орнату бағыттары мен шығатын халықаралық трафиктің құрылымы (құрамы) туралы барынша толық ақпарат алу үшін оның шамасының есебі АҚТС тарифтеу аппаратурасының, жергілікті телефон қосылыстарының құнын уақыт бойынша есептеу аппаратураларының (немесе электронды АТС-ларды тиісті бағдарламалық қамту) деректері және шығатын қалааралық және халықаралық сөйлесуге берілген тапсырыстардың бланкілерінің (МТФ-4, МТФ-5 қатаң есептілік нысаны) негізінде жүргізілуі тиіс.
94. Трафиктерді есептеу үшін пайдаланылатын техникалық құралдардың стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификаты болуы тиіс (өз бетінше немесе сертификатталған телефон станциясының құрамында).
95. Операторлардың байланыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ұсынған қызметтік байланысы тегін ұсынылады және өзара есеп айырысу кезінде есепке алынбайды. Қызметтік байланыстың көлемі өткізілген трафиктің көлемінің 2%-дан аспауы тиіс немесе қол жеткізілген келісім көлемінде болуға тиіс.
_____________________________
Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларына
1-қосымша
Зақымданған және апаттық жағдайларда
техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. ОПТЖ-ның
ведомстволық, корпоративтік, арнайы және АТС байланыс операторлар
шақыруларын маршруттау
-
Зақымданған және апаттық жағдайларда
АТС қосылған техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру
1. Зақымданулар жалғанған немесе тіректі автоматтық телефон станцияларына (бұдан әрі – АТС) тиесілі станциялық жабдықтарда, тарату жүйесі мен желі құрылыстары жабдықтарында пайда болуы мүмкін. Зақымданулар үш санатқа бөлінеді:
1) бірінші санат – станция жабдықтарының және оған қосылған арналардың жұмыс қабілеттілігін толық жоғалтуға алып келетін апаттар;
2) екінші санат – жекелеген модульдердің немесе блоктардың істен шығуына алып келетін, трафикті жоғалтуға әсер етпейтін апаттар;
3) үшінші санат – станция жұмысына елеусіз әсер ететін немесе оған қосылған бағыттарда болатын апаттар, жекелеген абоненттік жиынтықтардың немесе арналардың зақымдануы.
2. Аварияларды жою мерзімдері зақымданудың санатына қарай технологиялық карталармен реттеледі және іске қосу кезінде қосымша келісімдерде қарастырылады.
3. ОПТЖ-ның АТС қосылған жабдықтың немесе желі құрылысының апаттық жағдайын апаттық сигналдардың негізінде өзара іс-қимыл жасайтын АТС техникалық персоналы анықтайды.
4. Өзара іс-қимыл жасайтын техникалық персоналы зақымдану себебін анықтайды. Әрбір тарап өз учаскесіндегі зақымдануды қалпына келтіру үшін жауапты болады. Апат себебінен болған ақауларды жойып, зақымданған жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіргеннен кейін осы жабдықты бақылау тексерістерінен өткізеді.
5. Іске қосылған және тіректі АТС арасындағы сызықтық ұштары жабдығының жұмыс қабілеттілігін жоспарлы тексерулер осы үлгідегі жабдықты техникалық пайдалану нұсқауларына сәйкес алдын алу тексерулері жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
6. Өзара іс-қимылдағы АТС арасындағы байланыс сапасының уақытша төмендеуіне алып келуі мүмкін алдын алу және өлшеу жұмыстарын жүргізген жағдайда, екі АТС техникалық персоналы міндетті түрде бұл туралы байланыс операторының диспетчерлік қызметіне хабарлайды.
2. Шақыруларды маршруттау
7. Қосылатын АТС байланыстың мынадай негізгі түрлерін орнату мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
1) қосылатын АТС абоненттерінің арасында (ішкі станциялық қосулар);
2) ОПТЖ желілерінің абоненттерімен (жергілікті, қалааралық және халықаралық);
3) арнайы қызметтерге шығу.
8. Қосылатын АТС іске қосылған ОПТЖ АТС тобынан шығатын сыртқы шығыс байланысы абоненттердің ведомстволық, корпоративтік, арнайы және шағын АТС шығуының бір мәнді префиксін (ұсынылатын Пж=9) теруі, содан кейін талап етілген абоненттің толық нөмірін теруі арқылы жүргізіледі.
9. Қосылатын АТС абоненттерінің шығыс қалааралық, халықаралық байланысы шығу префиксі жолымен «8» (немесе «8-10»), болашақта «0» және «00» сәйкес түрде теріп, содан кейін қалааралық (халықаралық) нөмірді теру арқылы жүзеге асырылады. Егер жалғанған АТС АХТС-ғы ТЖЖ бумасы ұйымдастырылса, АХТС-ға шығу кезінде Пж префиксі терілмейді.
10. Жоғарыда аталған абоненттердің арнайы қызметтерге шығыс байланысы шығу префиксін, содан кейін арнайы қызмет нөмірін теру арқылы жүзеге асырылады. Шығу индексін термей-ақ арнайы қызметке шығуға жол беріледі.
11. Сыртқы байланысқа шығу құқығы жоқ қосылатын АТС абоненттері төтенше арнайы қызметтермен (101, 102, 103, 104. Нөмірлеудің жаңа жоспары енгізілген кезде осы қызметтер жаңа нөмірлерге ие болады) ақысыз сыртқы байланыс орнату мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
12. Қосылатын АТС абонеттерінің арасындағы жалғаулар орнатылған кезде ішкі қысқартылған нөмір (қосылатын АТС сыйымдылықтарына қарай үш мәнді немесе төрт мәнді) қолданылуы мүмкін.
13. Қосылатын АТС абоненттерінің арасындағы байланыс ұйымдастырылған жағдайда қосылатын АТС сыйымдылығына қарай ішкі үш мәнді немесе төрт мәнді нөмір теріледі.
__________________________
Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларына
2-қосымша
Қосуды орнатудың жүктеме және сапа нормативтері
ОПТЖ АТС-на кез-келген типті қосылулар бір желіге (арна) 0,7 Эрл. дейінгі норма жүктемесімен қосу желілері арқылы қосылады.
Қосылатын кез-келген үлгідегі АТС тіректі, аралас немесе транзитті цифрлық станциялар арқылы немесе олар болмаған жағдайда, жергілікті телефон қосылуларының уақытпен есептеу аппаратурасымен жабдықталған баламалы АТС арқылы ОПТЖ-не қосылады.
Қосылатын АТС бір желіге (арна) 0,7 Эрл дейін болатын жүктеме нормалы жалғау жолдары арқылы немесе екі сымды абоненттік желілер (бұдан әрі – АЖ) бойымен цифрлық тіректі немесе құрастырылған АТС абоненттік жиынтықтар арқылы жалғануы мүмкін.
Бір абоненттік желідегі (АЖ) орташа жиынтық (шығатын және кіретін) телефон жүктемесі 0,15 Эрл. артпауы керек (14.09.00 ж. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен ЦСИО қызметтерімен ОТТ УАТС).
АЖ жүктеуді шектеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек. Жүктемені шектеу әрбір абоненттік жол бойымен шағын АТС (сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын) пен тіректі АТС арасында жүзеге асырылуы керек. Егер шағын АТС-тің жүктемені шектеуге қаражаттары болмаса, онда осы шағын АТС телефон желісіне қосу кезінде қосылатын тараппен жасалған келісім бойынша жергілікті желіге шығуға құқылы шағын АТС абоненттерінің белгілі бір саны қатаң түрде бекітіледі.
Жалғауларды белгілеу сапасы 1-кестеде келтірілген шығындар нормативтерімен анықталады.
1-Кесте. Сапа көрсеткіштерінің нормативтері
Көрсеткіштің атауы
|
Норма көлемі
|
Көрші станциялардың кірістерінің арасындағы жоғалу ықтималдылығы мыналардан артық болмауы керек:
жергілікті шығыс қосылысы кезінде
жергілікті кіріс қосылысы кезінде
қалааралық, халықаралық кіріс қосылыстары кезінде
|
0,5 %
0,5 %
0,1 %
|
Мыналарға байланысты ақауларды жоюды бақылау мерзімдері:
1) коммутациялық жабдықпен
2) желілік кәбілдік жабдықпен:
келесі сыйымдылықтағы кәбіл толығымен зақымданбағанда муфтты ашу арқылы станцияаралық, магистральды және таратып бөлу кәбілдерінде:
- 200х2 дейін және қоса алғанда
- 400х2 дейін және қоса алғанда
- 600х2 дейін және қоса алғанда
- 800х2 дейін және қоса алғанда
- 1200х2 дейін және қоса алғанда
- 1400х2 дейін
- 1600х2 дейін
- 1800х2 дейін
- 2000х2 дейін
- 2400х2 дейін
3) келесі сыйымдылықтағы кәбілдің аралығын ауыстыру талап етілгенде станцияаралық байланыс, магистральды және таратып бөлу кәбілдерінде:
300х2 дейін және қоса алғанда
400х2 дейін және қоса алғанда
600х2 дейін және қоса алғанда
800х2 дейін және қоса алғанда
1200х2 дейін және қоса алғанда
1400х2 дейін
1600х2 дейін
1800х2 дейін
2000х2 дейін
2400х2 дейін
4) станцияаралық байланыс немесе станцияаралық БСА жоғары жиілікті кәбілдерде кәбілді немесе тіректі ауыстырумен
5) оптикалық кәбілдің муфтіндегі
зақымдануларды жою
|
қызмет көрсетілетін АТС-та
45 минут
қызмет көрсетілмейтін АТС-та
2 сағат
18 сағат
24 сағат
30 сағат
36 сағат
60 сағат
70 сағат
80 сағат
96 сағат
120 сағат
144 сағат
36 сағат
48 сағат
60 сағат
72 сағат
100 сағат
120 сағат
140 сағат
150 сағат
170 сағат
190 сағат
24 сағат
48 сағат
48 сағат
|
________________________
Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларына
3-қосымша
ОПТЖ-ға қосылатын АТС техникалық талаптар
1. ОПТЖ-ға АТС қосу әдістерінің нұсқалары
1) физикалық жалғау желілер бойынша қосылатын АТС іске қосу:
2) цифрлық жалғау желілер бойынша қосылатын АТС іске қосу:
ЦБТ – цифрлық-баламалы түрлендіргіш
БЦТ – баламалы-цифрлық түрлендіргіш
2. ОПТЖ-ға шағын АТС қосу нұсқалары:
1) баламалы абоненттік желілер бойынша ОПТЖ АТС-ға шағын АТС қосу
- цифрлық АТС-да баламалы абоненттік жиынтық (АЖ) қолданылады;
- желілі сигналдар шлейфті әдіс арқылы беріледі;
- нөмірдің теруін беру – батареялық импульстармен немесе DTMF дабылымен беру
2) цифрлық абоненттік желілер бойнша ОПТЖ-ның АТС-ына шағын АТС қосу
- NT интерфейс арқылы ISDN қызметтерін цифрлық абоненттік жиынтық (АЖ) пайдаланады;
- NT – пайдаланушы жабдығының желілік ұштары.
3. Шағын АТС үшін қол жеткізуді ұйымдастыру:
1) шағын АТС ОПЖТ-ға екі сымды абоненттік жолдар бойымен цифрлық тіректі немесе аралас АТС абоненттік жиынтықтары арқылы іске қосылады;
2) тіректі АТС абоненттік жиынтықтарды шағын АТС үшін жалғау жолдары ретінде пайдалануы абоненттік жолдарды пайдалану жүйесін бұзбауы керек (ақауларды, өзгерістерді тексеру, т.б.);
3) ОПТЖ-не шағын АТС-н қосу цифрлық АТС-те немесе жергілікті телефон жалғауларын уақыттық есепке алу аппаратурасымен жабдықталған баламалы АТС-е жүргізіледі;
4) ОПТЖ-не шығу үшін жергілікті префикс ретінде (Пж) «9» цифрін қолдануға нұсқау беріледі.
4. Сериялық іздеуді ұйымдастыру:
Қандай да бір арнайы қызметке байланысты орнату кезінде сериялық іздеуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін абоненттік жиынтықтар (АЖ) қолданылады. Мұндай жағдайда жүктеуге шектеу қойылады: әрбір абоненттік жол үшін < 0,15 Эрл.
_________________________
Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларына
4-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |