«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен



Дата24.02.2016
өлшемі110.55 Kb.
Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2014 жылғы «___» маусымдағы


№ _____ қаулысымен

бекітілді



«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері мыналар болып табылады:


      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда – Мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талонды (талонның телнұсқасын) бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу;

2) порталда – құжаттарды қарауға қабылдау туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде

іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы



4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің басталуы үшін негізі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 171 қаулысымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген (бұдан әрі – Стандарт) өтініш пен тиісті құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) ұсыну болып табылады, не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы куәландыратын электрондық құжат нысанында сұраным жасайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына мынадай рәсімдер (іс-әрекеттер) кіреді:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның уәкілетті өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) кіріс нөмірін, тіркелген күнін, өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орнын көрсете отырып, тіркелген өтініштің көшірмесін береді. Тіркелген өтініш пен құжаттар топтамасын бұрыштама қою үшін басшыға жібереді – отыз минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хат-хабармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды, бұрыштаманы қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – отыз минуттан аспайды;

3) жауапты орындаушы құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді және техникалық байқаудан өткізеді – он бес жұмыс күн. Жауапты орындаушы машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізген кезде:

 1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, машина, шасси, қозғалтқыш, рама типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;

2) машиналардың техникалық жай-күйін Қазақстан Республикасында қолданылатын ұлттық стандарттарда, сертификаттарда, дайындаушы зауыттардың пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында белгіленген адам өмірінің, денсаулығының және мүлкінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 (бұдан әрі – Жол қозғалысы ережесі) қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексереді. Тежегіш жүйенің, рөлмен басқарудың жұмысы, доңғалақтар мен шиналар, жарық және дабыл беру құралдары, тіркеу құрылғысы міндетті тексерілуге жатады.



 Нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін не жол қозғалысының қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қауіп төндіретін ақаулары бар машиналар жарамсыз деп есептеледі және Жол қозғалысының ережелерiне сәйкес оларды пайдалануға тыйым салынады.

Мемлекеттік техникалық байқаудан өткен машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу журналында «Ақаусыз» деген жазу жазылады және байқаудан өткізілген жылы көрсетіліп, мемлекеттін техникалық байқаудан өткені туралы талон немесе (талонның телнұсқасы) беріледі, ол жауапты орындаушының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады. 

Заңды тұлғалардың машиналарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу нәтижелерi машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізу актiсімен екі данада ресiмделедi. Бiрiншi дана заңды тұлғаның өкiлiне берiледi, ал екiншiсi анықталған кемшiлiктердi жою барысын бақылау үшiн тіркеу пункітінде қалады.

Жеке тұлғалардың машиналарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу нәтижелері пайдалануға берген кезде машиналарды техникалық байқаудан өткізу актілермен ресімделеді.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі, мынадай рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалуының басталуы үшін негіз болады:

1) өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) қабылдау туралы белгімен өтініштің көшірмелерін беру, басшыға өтініш пен құжаттарды тапсыру (кеңсе қызметкері);

2) хат-хабармен танысу, жауапты орындаушыны айқындау, бұрыштаманы қою және құжаттарды жауапты орындаушыға жіберу (басшы);

3) құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеру, техникалық байқаудан өткізу, техникалық байқаудан өткізу актілерінде, журналда техникалық байқаудан өткізу нәтижелерін ресімдеу, техникалық байқаудан өткені туралы талон немесе (талонның телнұсқасы) жазып береді (жауапты орындаушы).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде

іс-әрекеттер (өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) кезектілігінің сипаттамасы:

1) өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) қабылдау туралы белгімен өтініштің көшірмелерін беру, басшыға өтініш пен құжаттарды тапсыру (кеңсе қызметкері) – отыз минуттан аспайды;

2) хат-хабармен танысу, жауапты орындаушыны айқындау, бұрыштаманы қою және құжаттарды жауапты орындаушыға жіберу (басшы) – отыз минуттан аспайды;

3) құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеру, техникалық байқаудан өткізу, техникалық байқаудан өткізу актілерінде, журналда техникалық байқаудан өткізу нәтижелерін ресімдеу, техникалық байқаудан өткені туралы талон немесе (талонның телнұсқасы) жазып беру (жауапты орындаушы) – он бес жұмыс күн.

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-әрекеттерінің анықтамасы 1А нақты регламенттің қосымшасында көрсетілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның уәкілетті өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландыратын электрондық құжат нысанында сұраным жасайды;

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе айқындалады.

10. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының өтініш тәртібін және жүйелілік үрдесін (іс-әрекетін) сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушіні жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) арқылы порталда тіркеу (қуаттау);

2) көрсетілетін қызметті берушімен электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау, электрондық сұранымның қажетті торларын толтыру және құжаттар топтамасын қоса беру;

3) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұранымды куәландыру;

4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұранымын әзірлеу (тексеру, тіркеу);

5) көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мекенжайы, мерзімі және қарастырылуына құжаттарды қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарламаларды жолдау.

6)көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы тарихында көрсетілетін қызмет алушымен электрондық сұраныс мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламалар алу.

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-әрекеттерінің анықтамасы 1Б нақты регламенттің қосымшасында көрсетілген.

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін

шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар

тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін

ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары

мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы

машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша



«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»

мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-әрекеттерінің анықтамасы
А. Көрсетілетін қызметті алушының кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде




Өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) қабылдау туралы белгімен өтініштің көшірмелерін беру, басшыға өтініш пен құжаттарды тапсыру – отыз минуттан аспайды

Хат-хабармен танысу, жауапты орындаушыны айқындау, бұрыштаманы қою және құжаттарды жауапты орындаушыға жіберу – отыз минуттан аспайды

Құжаттар топтамасын Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеру, техникалық байқаудан өткізу, техникалық байқаудан өткізу актілерінде, журналда техникалық байқаудан өткізу нәтижелерін ресімдеу, техникалық байқаудан өткені туралы талон немесе (талонның телнұсқасы) жазып беру – он бес жұмыс күн












Б. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Б. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде




Көрсетілетін қызметті алушының деректерін және қызметті таңдауды растау туралы хабарламаларды қалыптастырады

электрондық мемлекеттік қызметті таңдау, электрондық сұранымның қажетті торларын толтыру және құжаттар топтамасын тіркеу

көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұранымды куәландыру

көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұранымын әзірлеу (тексеру, тіркеу)









жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) арқылы порталда тіркеу (авторландыру)



көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы тарихында көрсетілетін қызмет алушымен электрондық сұраныс мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламалар алу



мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайына, мерзіміне және оларды қарауға құжаттарды қабылдау туралы порталға хабарламаларды жолдау




Шартты белгілері:






-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің басталуы немесе аяқталуы







- көрсетілетін қызметті алушының (іс-әрекетінің) және (немесе) СФЕ рәсімінің атауы







-келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту






Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет