«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы



бет3/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4

жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын

адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жергілікті атқарушы органдар (облыстың, Астана және Алматы қалалары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электронная (частично автоматизированная) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі көлік басқаруға арналған сенімхатқа мөртаңба басу болып табылады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариат куәландырған сенімхат бойынша) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:

- еркін нысанда өтініш с указанием ИИН и номера технического паспорта;

осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлікті басқару құқығына берілген сенімхаттың төлнұсқасы немесе нотариалық куәландыру;

Көрсетілетін қызметті алушыға:

- кіріс нөмірін;

- тіркелген күнін;

- өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орнын көрсете отырып, тіркелген өтініштің көшірмесі беріледі.

2) порталға жүгінген жағдайда:

- еркін нысанда өтініш с указанием ИИН и номера технического паспорта;

осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлікті басқару құқығына берілген сенімхаттың төлнұсқасы.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі өтінім берген тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

11. Шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.

12. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.

13. Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамның атына беріледі. Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.

Шағымды «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені,орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

14. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шағымды қарау мерзімі:

шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге талаптар

15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдарға, олардың көрсетілетін қызметті берушіге жекеөздірініңкелу мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының өкіліне берген нотариат куәландырған сенімхатты ұсынуы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту жәнеқажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетілуі үшін пандустар көзделген.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

17. Осы қызметті көрсету кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану мүмкіндігі қарастырылмаған.

18. Осы қызметті көрсету кезінде қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

19. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
__________________________________

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына



қосымша
СЕНІМХАТ

ДОВЕРЕННОСТЬ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
жылы, айы, күні – число, месяц, год

Мен, азамат (ша) ________________________________________________________________________________

Я, гражданин (ка) тегі, аты, әкесінің аты – фамилия, имя, отчество

туған жылы, жері – год и место рождения


мекен-жайы – место жительства

сенім білдіремін ________________________________________________________________________________

доверяю тегі, аты, әкесінің аты – фамилия, имя, отчество
мекен-жайы – место жительства

маған тиесілі мына құжат негізінде көлігімді техникалық паспорт

управлять принадлежащим мне на основании құжаттың атауы – наименование документа
берген мекеме күжат нөмірі, берілген күні – кем выдан, номер документа, дата выдачи
көлік құралының шыққан жылы, маркасы – марка, год выпуска транспортного средства

Кузов №

Шассиі ___________________________Тіркеу _________________

Шасси № Регистрационный №
жүргізуге, мен үшін өтініштөр бөруге, қол қоюға және осы тапсырманы

орындауға байланысты барлық әрекеттерді орындауға сенім білдіремін

подавать заявления, расписываться за меня и выполнять все действия,

связанные с данным поручением
Сенімхат ________________________ _________мерзімге берілді

Доверенность выдана сроком на
Қолы ____________________________________________________________________

Подпись

________________________________


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген



«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жергілікті атқарушы органдар (облыстың, Астана және Алматы қалалары, облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде берілген құжаттардың электрондық тізілімін жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметі алушы ұсынатын құжаттардағы деректерді көрсетілген электорндық тізілімге енгізуді жүргізеді.

6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі тіркеу құжаттарын (телнұсқаларын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерін қағаз нысанда беру болып табылады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді.

Мемлекеттік баж мөлшері:

1) машинаға техникалық паспорт бергені үшін – мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын (бұдан әрі – АЕК);

2) тіркеу (қайта тіркеу) үшін – АЕК 25 пайызын;

3) машинаға мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісін бергені үшін – АЕК 100 пайызын құрайды.

Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі (нотариат куәландырған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) машинаның тіркеу құжатын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және телнұсқасын беру үшін алымның төленгені туралы құжат;

3) машинаны:

4) оны кәдеге жарату (жарамсыз деп тану, есептен шығару) жағдайларын қоспағанда;

5) машинаны тіркеу пунктіне байқап қарау үшін әкелуге кедергі болатын дәйекті жағдайлар (сыну, габариттері және (немесе) техникалық сипаттамалары мүмкіндік бермейді) болған кезде, машина тұрған жерде инженер-инспектор жасаған машинаны техникалық байқап қарау актісін ұсынуға рұқсат беріледі, бұл ретте осы актінің қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды;

6) шарттың (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі,соттың шешімі немесе меншік құқығын растайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалған өзге құжаттар;

7) машинаның тіркеу құжаты және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі үшін мемлекеттік баждың төлемін растайтын құжат;

8) жаңа және қолдан жасалған машиналарға немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға Қазақастан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе оның қауіпсіздік техникасының белгіленген талаптарына сәйкес келуін растайтын басқа құжат;

9) кедендік жүк декларациясы (машинаны шетелден сатып алған кезде), Кеден одағының тауары болып табылатын тауардың шығу сертификатының көшірмесін, машинаны әкелу туралы өтініштің көшірмесі мен түпнұсқасын және салыстырып тексеру үшін салық органы қойған белгісі бар жанама салықтардың төленуін қоспағанда, құжаттарды берген тек кеден органы куәландырған кеден құжаттарының көшірмелері;

10) көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат – жеке тұлғалар үшін.

Көрсетілетін қызметті алушыға:

1) кіріс нөмірін;

2) тіркелген күнін;

3) өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөнін;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын көрсете отырып, тіркелген өтініштің көшірмесі беріледі.

Мемлекеттiк тiркеу іс-әрекетіне ұшырайтын машина ортақ меншікте болған жағдайда, тіркеу құжаттарында барлық меншік иелері көрсетіледі және барлық құжаттар машиналардың барлық иелерінің атынан беріледі.

Меншік иелері 14 жастағы кәмелетке толмаған азаматтар болып табылған жағдайда, олардың атынан тіркеу іс-әрекеттерін ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе қамқорлық пен қамқоршылық органдарытуу туралы куәлікті ұсына отырып жүргізеді.

Меншік иелері 14-тен 18-ге дейінгі жастағы адамдар болып табылған жағдайда, тіркеу іс-әрекеттерін ата-аналардың (бала асырап алушылардың) жазбаша келісімімен осы адамдар немесе қамқорлық пен қамқоршылық органдары туу туралы куәлікті ұсына отырып жасайды.

Аукциондар мен сауда биржалары арқылы заңды және жеке тұлғалар сатып алған машиналарды тiркеу көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті адамдардың тиісті мөрлерімен және қолдарымен куәландырылған аукционның хаттамасын және сатып алу-сату шартын ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

Машинаны мемлекеттік тіркеуді жалға алу, лизинг, ипотека, қарыз шарттарына сәйкес сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге берілген адамдар жүргізген жағдайда, оларға қатысты тіркеу іс-әрекеттері осы келісімдерге қатысушының (қатысушылардың) жазбаша келісімімен жүргізіледі.



3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі өтінім берген тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

11. Шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.

12. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.

13. Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамның атына беріледі. Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымданатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

14. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шағымды қарау мерзімі:

шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдарға, олардың көрсетілетін қызметті берушіге жеке өздерінің келу мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының өкіліне берген нотариат куәландырған сенімхатты ұсынуы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттар дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетілуі үшін пандустар көзделген.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

17. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі жоқ.

18. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы туралы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі жоқ.

19. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


____________________________________

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тірекемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тіркеу, қайта тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына



қосымша

     _______________________________________________________________________________

  (облыс, аудан, қала)

Азамат ________________________________________________________________________



(Тегі, аты, әкесінің аты)

Туған жылы_________,___________________________________________________________

________________________________________________________________________тұратын

(тұратын жерінің мекенжайы көрсетіледі)

паспорты (жеке куәлігі) __________________№______________________________________

ЖСН/БСН _____________________________________________________________________

жұмыс орны____________________________________________________________________
Өтініш

 

 _______________________________________________________________________сұраймын

                           (өтініштің мәнiсi және негізі баяндалады)

Машинаның типі___________________________маркасы______________________________________

Шығарылған жылы___________________ жасап шығарған зауыт _______________________

зауыттық № _____________  қозғалтқыштың маркасы және № _________________________

нөмірлік белгісі___________________, техникалық паспорттың №______________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:________________________________________

________________________________________________________________________________


20__ ж." ___ " _________ __________________ 

(қолы)


Инженер-инспектордың қызметтік белгiлері:

Машинаның тіркеу деректері өтініште көрсетілгендерге сәйкес келеді


20__ ж." ___ " _________ __________________ 

(қолы)
Берілді: нөмiрлiк белгi ________________________________________

техникалық паспорт сериясы _____________ № ____________________

                   

_____________________________________

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет