Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен



Дата16.06.2016
өлшемі136.91 Kb.
#139673
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы «06» мамырдағы

№ 4-3/421 бұйрығына

1-қосымша

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен

жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:


  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2. «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) тракторшы-машинист куәлігін, куәліктің телнұсқасын алған, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша бас тартады.

2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлікті (бұдан әрі – тракторшы-машинист куәлігі), куәліктің телнұсқасын беру, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді (бұдан әрі – Салық кодексі).

Мемлекеттік баж мөлшері мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем жүргізу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ), екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

«А», «В» және «Г» санатты куәлікті алу үшін:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама);

куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті);

жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсіптік орта оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі;

«Б» және «Д» санатты куәлікті алу үшін қосымша:

тиісті машиналарда алты айдан кем емес жалпы жұмыс өтілін растайтын құжат;

«қаршаналарды, квадроциклдерді жүргізуге рұқсат» деген жазбасы бар куәлікті алу үшін:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

«А» және «В» немесе «Б» және «В» рұқсат беру санаттары бар куәліктің немесе «А» немесе «А1» немесе «В1» рұқсат беру санаты бар жүргізуші куәлігінің көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);

куәлікті беру үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;

көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-кара немесе түрлі-түсті);

ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

медициналық анықтама;

куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ немесе түрлі-түсті).

Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға куәліктерін айырбастау емтихан пунктіне куәліктердің түпнұсқалары мен олардың мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде расталған аудармасын, ішкі істер органдарында тіркелген жеке басты куәландыратын құжатты (паспорт, жеке куәлік) (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады) ұсыну негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен кейін тракторшы-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегеннен және теориялық емтиханды тапсырғаннан кейін жүргізіледі.

Бұл ретте тракторшы-машинистің ұлттық куәлігінде рұқсат берілген машиналардың санаттарын жүргізуге құқық беретін және келу құжаттарының қолданылу мерзімінде осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін куәлік беріледі. Тракторшы-машинистің ұлттық куәлігі емтихан пунктінде сақталады және иесінің өтініші бойынша бұрын берілген Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылып беріледі.

Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда Қазақстан Республикасының тракторшы-машинист куәлігінің ұлттық куәлігі болмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасында болу мерзімі алты айдан асатын болса, оларға жалпы негіздерде беріледі;

куәліктің телнұсқасын алу үшін:

себебін көрсете отырып, осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

медициналық анықтама;

куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті);

сот шешімінің негізінде куәліктерінен айырылғандардың арасында жоқ екендігі туралы ішкі істер органның анықтамасы.

Ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған жағдайда, телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады;



  1. порталға жүгінген кезде:

«А», «В» және «Г» санатты куәлік алу үшін:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі ;

медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсіптік орта оқу орындарын) «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының электрондық көшірмесі;

көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);

«Б» және «Д» санатты куәлікті алу үшін қосымша:

тиісті машиналарда алты айдан кем емес жалпы жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде:

осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру» біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;

медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);

куәліктің телнұсқасын алу үшін:

себебін көрсете отырып, осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);

сот шешімінің негізінде куәліктерінен айырылғандардың арасында жоқ екендігі туралы ішкі істер органның анықтамасының электрондық көшірмесі.

Ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған жағдайда, телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мемлекеттік бажды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), бұрын берілген тракторшы-машинист куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі болып табылады;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі, шағымға қызметті алушы қол қояды. 

Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Портал арқылы жүгінен кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетілуі үшін пандустар көзделген.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында

2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда түрде алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетілген.



«Тракторларды және олардың базасында

жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарымен механизмдерін, содай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы

машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
Нысан


_______________________________________________

                                 (қызметт берушінің атауы)

азамат________________________________________________________________________________________

                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы және күні ___________________________

Туған жері _______________________________________________

    (республикасы, облысы, қаласы, ауданы)

 ______________________________________тұратын

 Паспортының сериясы (жеке куәліктің) __________________№________________________

 берген                         (кім және қашан)

ЖСН __________________________________________

Өтініш
Тракторшы куәлігін беруді, ауыстыруды, телнұсқасын беруді сұраймын

   ______________________________________________________________________________

         (себебі көрсетіледі, керек емесін сызып тастау керек )

Куәлікті ауыстырған (айырбастаған), телнұсқасын берген кезде қосымша мәліметтер:

Тракторшы-машинист куәлігінің нөмірі_____________________________________________

Тракторшы-машинист куәлігінің сериясы____________________________________________

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

           1 ________________________________________________________________________

           2 ________________________________________________________________________

           3 ________________________________________________________________________

           4 ________________________________________________________________________

 Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

20____ жылғы «____»

___________________



                     (жеке қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет