«Трансферт есептеу»



жүктеу 36.92 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі36.92 Kb.
«Трансферт есептеу»
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі бойынша бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.

Нысаналы трансферттердi және бюджеттiк кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттiк бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.

Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей, осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.

Бухгалтерлік есепте бюджет деңгейлерi арасындағы бюджеттік бағдарлама әкімшілері жалпы сипаттағы трансферттерін, ағымдағы нысаналы трансферттерін және нысаналы даму трансферттерiн былайша бейнелейді.

Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды былайша көрсетеді:

қаржыландырудың түсуі: 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;

төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер аудару кезінде: 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;

төмен тұрған бюджеттерге жалпы сипаттағы трансферттерді аудару кезінде: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;

жергілікті атқарушы органдар есептерінің негізінде нысаналы трансферттерді есептен шығару: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

төмен тұрған бюджеттерден пайдаланылмаған трансферттер сомасының түсуі: 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;


      бюджетке пайдаланылмаған трансферттер сомасын қайтару: 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.
      Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мынадай жазбалармен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды көрсетеді:
      жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен трансферттер бойынша қаржыландырудың түсуі: 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;

алушыларға нысаналы трансферттер аудару: 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;

ұсынылған есептердің негізінде нысаналы трансферттерді есептен шығару: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

жоғарыда тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне трансферттердің пайдаланылмаған сомасын қайтару: 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.


      Өткен жылдар трансферттерінің пайдаланылмаған сомасын бюджетке қайтару кезінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді: 7120 «Бюджетке төленетің төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Бюджет алдында өзге операциялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» шотының дебеті және бір мезгілде: 3133 «Бюджет алдында өзге операциялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» шотының дебеті және 1212 «Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шоттарының кредиті.

Д.Жаскенова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет