«Транстелеком» Акционерлік қоғамының Тұрғын үй комиссиясының 2014 жылғы 16 мамырдағы 4- кеңесінің хаттамасының КӨшірмесі



Дата25.02.2016
өлшемі48.46 Kb.
#23276


«Транстелеком» Акционерлік қоғамының

Тұрғын үй комиссиясының 2014 жылғы 16 мамырдағы

4- кеңесінің ХАТТАМАСЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ
Төрағалық еткен: Ербол Жұмабайұлы Өмірәлиев

Корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер

жөніндегі Вице – президент, комиссия төрағасы

(«Транстелеком» АҚ Басқармасының 2013 жылғы

25 маусымдағы №14/2013) шешіміне сәйкес
Кеңестің күн тәртібі:


  1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2013 жылғы 17 мамырдағы «Транстелеком» АҚ үшін тұрғын үй бөлу туралы Тұрғын үй комиссиясының 1-хаттамалық шешімінің орындалу барысы жайында.

  2. «Транстелеком» АҚ үшін, оның ішінде жұмысшы топтарының арасында бөлінуге тиісті тұрғын үй квотасын белгілеу.

  3. Тұрғын үйге мұқтаж/тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ниеттенуші жұмысшыларға тұрғын үйді бөлу және өтініштерді қарастыру.


Бірінші мәселе бойынша: «Транстелеком» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның 2013 жылғы 17 мамырдағы Тұрғын үй комиссиясының 1-хаттамасына сәйкес бөлінген 45 пәтердің 30-ы - 2013 жылы пайдалануға берілді, 2014 жылғы мерзіммен - 15 пәтер бөлінді. Қоғамның квотасына сәйкес 2014 жылы бір бөлмелі пәтер – 3, екі бөлмелі пәтер – 4, үш бөлмелі пәтер – 4, төрт бөлмелі пәтер – 4 бөлінді.

Екінші мәселе бойынша: «Транстелеком» АҚ жұмысшыларының өтініштерін қарастырып, орталық аппараттың, «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалы мен «Астанатранстелеком» филиалдарының жұмыс топтарының ұсыныстарын ескере және талқылай отырып,

Тұрғын үй комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2014 жылғы белгіленген квотаны және жалпы саны 45 пәтерді ескере отырып, 2014 жылғы мерзімге бөлінген 15 пәтерге төмендегідей тұрғын үй квотасын белгіленді:

1) шешуші мамандарға - бөлінген пәтерлердің 10%-ы - 2 пәтер;

2) жастар мен жас отбасыларға - бөлінген пәтерлердің 25%-ы - 4 пәтер;

3) есеп базасында тұрған жұмысшыларғы – 9 пәтер;

2.2. Жалпы бөлінген пәтерлердің санынан тұрғын үй жағдайын жақсартуға квота белгіленсін, тұрғын үйлерін жақсартуға ниеттенушілер үшін - 1 пәтер бөлінсін;

2.3. Квота әр жұмысшы тобы үшін келесі тәртіпте бөлінсін:

1)орталық аппаратқа – 7 пәтер, оның ішінде:

шешуші мамандар үшін - 1 пәтер;

жастар мен жас отбасыларға - 2 пәтер;

есеп базасында тұрған жұмысшыларға – 4 пәтер.


  1. «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалына - 8 пәтер, оның ішінде:

шешуші мамандар үшін - 1 пәтер;

жастар мен жас отбасыларға - 2 пәтер;

есеп базасында тұрған жұмысшыларғы – 5 пәтер;

Үшінші мәселе бойынша: 24.06.13 ж. «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Транстелеком» АҚ-ның жұмысшыларына тұрғын үйді бөліп төлеу арқылы пәтер беру мен ұсыну және тұрғын үйге мұқтаж, тұрғын үй жағдайын жақсартуға ниеттенушілерді есепке қою Ережесіне сәйкес (бұдан әрі-Ереже) төлем төлеуге қабілеттілігі жалақысынан 50%-ға дейін ұсталынып/аударылып отырылатын ақша қаражаты немесе уақытша қаржылық көмек ретінде бұрын берілген берешектің болмауы болып танылады. Бұл Ережелер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2012 жылғы 12 қарашадағы Цкадр/2060-и хатымен осы Ережеге ұқсас Ережелерімен «Транстелеком» АҚ-ға бекіту үшін ұсынылған. Осы нормаларды қарастырып және талқылай келіп, Тұрғын үй комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

3.1.Ереженің 13-тармағының 3-тармақшасындағы көрсетілген жұмысшының төлем төлеуге қабілеттілігін анықтауды түсіну және біркелкі қабылдау мақсатында:



  1. жұмысшылардың пәтер бөлінген кездегі шешім қабылданған уақытта міндеттілікпен жалақысының 50%-ынан артық емес бөлігін төлеу туралы өтініші қабылданады.

  2. Жұмысшының төлеуге қабілеттілігін анықтау кезінде несиелік картасы мен несиесінің жаңартпалы желісін есепке алмайды.

3.2.. Шешуші маман ретінде танылсын:

1) «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалының Сату процестерін технологиялық сүйемелдеу орталығының бастығы - С.Д. Ахметкұлова және өтінішінің негізінде екі бөлмелі пәтер бөлінсін;

2) Орталық аппарыттың Бухгалтерлік есеп басқармасының Салықты есептеу бөлімінің бастығы - Г.Б. Гельмединова және өтінішіне сәйкес үш бөлмелі пәтер бөлінсін.

3.3. Жастар мен жас отбасыларына жататын жұмысшылардың санатына бөлінсін:

1) Орталық аппарттың Кадр бөлімінің бас маманы М.С. Нигимоваға – отбасы құрамының 3 адамнан тұратынын ескере келіп, екі бөлмелі пәтер;

2) «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалының Жедел басқару қызметінің жетекші маманы Ж.Б. Сәулебаеваға - өтінішінің негізінде бір бөлмелі пәтер;

3) Орталық аппараттың Жобалау және дамыту басқармасының Тасымалдау жүйелерін жобалау бөлімінің бас маманы Э.К. Махамедияроваға - өтінішінің негізінде бір бөлмелі пәтер;

4) «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалының Магистральды көлік желісі қызметі ТОБЖ желілерінің тораптық бөлімінің жетекші инженері Э.Т. Абдиевке - өтінішінің негізінде бір бөлмелі пәтер.

3.4. Үйінің апатты жағдайда болуы себепті Орталық аппараттың Темір жол автоматикасы және энергетикалық жүйелер бөлімінің бастығы Г. Алимусинге өтінішіне сәйкес - төрт бөлмелі пәтер бөлінсін.

3.5. Есеп базасында тұрған келесі жұмысшыларғы жалпы кезек бойынша тұрғын үй бөлінсін:

1) «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалының Жедел басқару қызметінің жетекші маманы Д.Ж. Төрехановаға өтінішіне сәйкес - екі бөлмелі пәтер;

2) «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалының «Қандыағаш-Никелтау учаскесіндегі МС ИРДП құрылысы» жобасының бастығы А.Р. Ескожаевқа – өтінішіне сәйкес төрт бөлмелі пәтер;

3) «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалының Желіні мониторингтеу және талдау бөлімінің бастығы Н.У. Жұмаділовке өтінішіне сәйкес - төрт бөлмелі пәтер;

4) Орталық аппараттың Персоналмен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы М.Т. Садуақасоваға өтінішіне сәйкес - екі бөлмелі пәтер;

5) «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалының Магистральды көлік желісі қызметінің бастығы А.Ж. Жамантаевқа өтінішіне сәйкес - үш бөлмелі пәтер;

6) Орталық аппараттың Персоналды дамыту және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің бас маманы А.К. Смаиловаға өтінішіне сәйкес - үш бөлмелі пәтер;

7) Ұйымдастыру – бақылау және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы М.С. Тәттімбетоваға өтінішіне сәйкес - үш бөлмелі пәтер;

8) «Телекоммуникация желісін пайдалану дирекциясы» филиалы Күрделі құрылыс орталығының бастығы А.А. Мағзұмовқа өтінішіне сәйкес - төрт бөлмелі пәтер.

9. Г.Х. Құрбанова мен Г.Ж. Нұрланованың жеке өтініштеріне сәйкес, олардың өтініштері бала күтімініе байланысты ақысы сақталмайтын демалыстан жұмысқа шыққаннан соң қаралсын.

10. «Транстелеком» АҚ Тұрғын үй комиссиясының осы шешімі белгіленген тәртіпте қарастырып, шешім қабылдауы үшін «Транстелеком» АҚ Басқармасына ұсынылсын.


Комиссия төрағасы Е. Ж. Өмірәлиев
Комиссии хатшысы М.Т. Садуақасова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет