ТҰРАҚтандыру және солюбилизация июнь 3, 2012 · Химия ·



жүктеу 68.91 Kb.
Дата14.06.2016
өлшемі68.91 Kb.

ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ СОЛЮБИЛИЗАЦИЯ


Июнь 3, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Коллоидты БАЗ-дың тұрақтандыру қабілеті олардың фазаара-лық қабатқа адсорбциялануымен анықталады. Олардың беткі ка-баттағы концентрациясы жоғары болғандықтан, көлемдік концент-рациядан бірнеше есе артық болады.

Адсорбциялық қабатта да БАЗ мицелласындағыдай полюсті емес топтардың топтасуы жүре-ді. Ондағы адсорбциялық қабаттьщ құрылысы БАЗ-дың табиғаты-на, фазааралық бетке, осы беттің адсорбциялану дәрежесіне, орта-ға енген түрлі косымшаларға байланысты. БАЗ-дағы адсорбция-лық қабатты лиофиль дейді, ал ол су ерітіндісінде болса, оны гидрофиль дейді, мұның нәтижесінде ондағы бөлшектер жақында-ғанда тебіледі. Ал егер осы құбылысты ионогенді БАЗ әкелсек, он-да қос электр кабаты электрокинетикалық тебілісте болады екен. Ионогенді емес БАЗ ерітінділері үшін электрокинетикалық әсер болмайды; мұндағы дисперстік системаны тұрақтандыру — колло-идты химиядағы әлі толық шешуін таппаған жайдың бірі. Читать реферат →

КОЛЛОИДТЫ БАЗ ЕРІТІНДІЛЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ


Июнь 3, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

БАЗ нағыз ерітінділері. Қоллоидты БАЗ концентрациясы өте төмен болса, онда ол молекулалық, яғни нағыз ерітінді түрінде болады. Егер онын, концентрациясын біртіндеп көтерсе, онда ол молекулалық ерітіндіден коллоидты ерітіндіге, яғни мицеллалық ерітіндіге айналады.

Қоллоидты БАЗ нағыз ерітіндіден мицелла-лық (коллоидты) ерітіндіге ауысуына сәйкес кслетін концентра-цияны бұрында айтқандай мицелла түзілетін кризистік концентра-ция (ККМ) дейді. Әдетте ол көптеген коллоидты БАЗ үшін аса үлкен бола бермейді (10~5 — 10~3 моль/л). Сабын ерітіндісі әлсіз электролит болғандықтан, ол ерітіндіде иондар күйінде (КСОО~~ және Ме+) және диссоциацияланбаған молекула (КСООМе) мен оның гидролизденуі кезінде пайда болатын қаныққан майлы қа-тардағы қышқыл (КСООН) түрінде кездеседі. Мысалы, сульфо-қышкыл сияқтылардың күші ерітіндідегі иондармен анықталса, ионогенсіз БАЗ диссоциацияланбаған молекулалармен өрнекте-леді. Читать реферат →


ЭМУЛЬСИЯЛАР


Июнь 2, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Жалпы сипаттама. Эмульсия — екі сұйықтың бір-бірінде еріген микрогетерогенді системасы. Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да бірдей агрегаттық күйде, атап айтқанда сұйық коллоидты система екен. Егер мұндай системаларды бірі екінші-сінде ерімейтін сұйықтар қүрайтын болса, онда ұзақ уақыт сақталады.

Эмульсиялардағы дисиерсті фазаны құрайтын шар тәрізді бөл-шектердің өлшемі әр түрлі болады: кәдімгі көзге көрінетін бөлшек-тен бастап коллоидтық дәрежедегі дисперстілікке дейін эмульсия-дағы дисперстік фазаның бөлшектері көбінесе 0,1 —10,0 мкм ара-лығында болады. Сондықтан да оларды кәдімгі жай опгакалық микроскоп арқылы байқауға болады. Читать реферат →

КОЛЛОИДТЫ БАЗ ТҮРЛЕРІ


Июнь 2, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Кіріспе. Молекулалық ерітіндіден коллоидтыға және коллоид-ты ерітіндіден (зольден) гельге, яғни молекулалык, ерітінді золь гель тепе-теңдіктегі ауысумен сипатталатын системалар-ды коллоидты БАЗ немесе шала коллоидтар деп атайды.

Сол се-кілді осы системадағы коллоидтарды кейбір оқулықтардасеми-коллоидтар деп те атайды. Мұндай шала коллоидты системалар кейбір бояуларды, сабындарды, тері өндеуге қолданылатын таннид деп аталатын қосылыстарды еріткенде пайда болады. Олардың арасында ерітінділері БАЗ түзетін шала коллоидты топтағылары жан-жақты зерттелген. Сондықтан да осы системаның қасиеттері мен ерекшеліктері шала коллоидты мысалдарға сүйене отырып қа-растырылады. Читать реферат →


ШЕКТІ ЕРІГІШТІК ЖӘНЕ ЕРІМЕЙТІН ҢОСПА


Июнь 2, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Дистилляция дегеніміз ерітіндіні айдау арқылы құрам бөлік-теріне жіктеу. Бұл процестің негізінде теңдіктегі сұйықтық пен будың құрамдарының айырмашылықтары жатыр. Олай болса, тепе-тендікте болатын сұйық пен будын, құрамындағы өзгешелік неғұрлым айқын болса, онда мұн-дай қоспаны жеке бөліп тазарту солғұрлым жеңіл.

Қайнау темпе-ратурасы мен құрамға сәйкес алынған диаграммалар 19-сурет-тегілердің біріне сәйкес келсе, онда мұндай қоспалар дистилля-ция арқылы тазартқанда не бөл-генде ұқсас болмайды. Бірінші түрде келтірілген екі қоспаны дистилляциялағанда жеке, таза компоненттер оңай бөлініп алы-нады. Екінші не үшінші түрге жататын системаларды, ондағы компоненттерді жеке, таза күйін-де бөлу мүмкін емес, өйткені олар азеотропиялық ерітінділер. Мысалы, этил спиртінің судағы ерітіндісінен спирт пен суды же-ке күйінде бұл әдісті пайдаланып бөліп алуға болмайды. Өйткені 95,57% спирт ерітіндісі атмосфе-ралық кысымда 78,13°С-та қай-найды және этил спиртінін, буда-ғы молекулалары өзімен бірге су буын да ала көтеріледі. Демек, олар бірге қайнап, бірге буланып, бірге үшады.

Читать реферат →

АЭРОЗОЛЬДЕР


Июнь 1, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Аэрозольдер дегеніміз дисперстік фазасы не сұйық, не қатты дене, ал дисперстік ортасы газ, әдетте, ауа болып келетін дисперстік системалар. Бұған тұман, түтін, шаң сияқтылар мысал болады/ Аэрозольдердщ дисперстілігі коллоидты бөлшектікінен кіші бсьт ғандықтан, ондағы бөлшектер ірілеу және біркелкі бола бермей; Мысалы, темекі түтініндегі бөлшек өлшемі 0,1 —1,0 мкм, тұрмі тағы түтіндікі — 0,1 —100,0 мкм, тұмандікі (Н2О)—0,5 мкм.

Аэрозольдерді конденсациялық және диспергациялық тәсілАер-мен алады. Мұнын, арасында диспергациялық әдіс жиі қолданыла-ды: электр өрісінде шашу; Ауа қысымы арқылы тозаңдату; Ульт-радыбыс көмегімен тозаңдату; Сұйықтарды ультрацентрифуга тә-сілі бойынша тозаңдату. Читать реферат →

СҰЙЫҚТЫҢ СҰЙЫҢТАҒЫ ЕРІТІНДІЛЕРІ


Июнь 1, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Сұйықтар табиғатына орай бір-бірінде кез келген қатынаста араласып, бірегей ерітінді құрайды, ягни шексіз араласады, шек-сіз ериді, бұған су мен глицерин, су мен этил спирті, этанол мен метанол, ацетон және хлороформ, су және сірке қышқылы сияқты бірі-бірінде шексіз еритін сұйықтар жұбы мысал; бір-бірінде шек-ті ериді, оған су мен анилин, су мен эфир, су және фенол, су және никотин секілді көптеген сұйықтар жұбы мысал; бірі екіншісінде мүлдем ерімейтіндер, оған су және бензол, су мен май, су мен сы-нап жұптары мысал. Читать реферат →


ҰНТАҚТАР


Июнь 1, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Өндіріс пен ауыл шаруашылығында, сол секілді тамақ өнеркәсібі мен өндірісінде қол-данылатын көптеген заттар мен шикізаттар, товарлар ұнтақ күйінде кездеседі, мысалы, үнтақ отындар, күйе, ұн, крахмал, қүрғақ бояулар мен пигменттер, цемент, бор сияқты қүрылыс материалдары, минералды және ор-ганикалық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер мен иісті препараттар, тағам өнімдері және басқалар.

Үнтақтар өзінің көптеген сипатына орай аэрозольдерге өте жақын, тіпті оны қатты

70-сурет дисперстік фазасы жинақталған аэрозоль ретінде қарастыруға да болады. Ұнтақтарға ірі дисперстік, седиментациялық тұрғыдан тұрақсыз системаларды да жатқызуға болады.  Читать реферат →


ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ


Май 30, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомо-генді системаларды айтады. Әдетте ерітінділердің тығыздығы, қайнау және қату температурасы, тұткырлығы сияқты касиеттері өзгеріп отырады. Ерітінділерді жай механикалық қоспа деп те, хи-миялық косылыс деп те қарастыруға болады.

Ерітіндінің механи-калық қоспадан басты айырмашылығы ондағы әрбір микроско-пиялық (өте кіші, ұсақ) бөлшектерді химиялық кұрамы мен физи-калық қасиеттерінің көлемде бірдей болуында. Ал химиялық қосылыстардан негізгі өзгешелігі оның құрамыньвд еритін зат көп еріткіштід мөлшеріне тәуелділігінде және еселік катынас заңына бағынбауында. Мысалы, ас тұзы суда тек белгілі мөлшерде ғана ериді. Айталық, 20°С (293Қ)-та алынған 100 мл суда ас тұзыньщ 36,8 грамы ғана ериді де, одан әрі оның мөлшерін қанша көбейт-сек те ол ерімейді. Бұл қалыпты жағдайда кездесетін құбылыс. Ерітіндінің химиялық қосылыстан тағы бір өзгешелігі — химиялық байланыс табиғатында. Егер химиялық қосылыстар негізінен ион-ды, ковалентті байланыстармен сипатталса, ерітіндідегі байла-ныс, газдарда кездесетін аса әлсіз ван-дер-ваальстік, ал кейбір жағдайларда косымша сутектік байланыстармен түсіндіріледі.

Читать реферат →

СУСПЕНЗИЯЛАР


Май 30, 2012 · Химия · (Еще не коментировали)

Суспензия — қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік орта-да таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0,1 мкм<г<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәре-жесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмен-дейді де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін мик-роскоп, электронды микроскоп сияқты оптикалық немесе седимен-тациялық анализ көмегімен анықтауға болады.



Суспензиялар да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе дисперсиялық тәсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте болатындай етіп жүргізеді. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты ерітінділер тәрізді өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста ескертетін жай, жарық өткен коллоидты ерітінді мөлдір болып көрінеді. Оның электрокинетикалық қасиеттері коллоидты ерітіндінікіне ұқсас келеді. Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің дзета-по-тенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға электролит енгізсе, онда онын ұю құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары молекулалық қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруга болады. Мұнда тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет