Тұрақты комиссияның қаулысы Қаладағы қоғамдық көлік



жүктеу 72.08 Kb.
Дата12.06.2016
өлшемі72.08 Kb.



23.01.2015
Тұрақты комиссияның

қаулысы

«Қаладағы қоғамдық көлік

жұмысының жай-күйі және

оны жақсарту жөніндегі

шаралар туралы» Астана

қаласы мәслихатының 2014

жылғы 27 наурыздағы № 217/31-V

шешімінің орындалу барысы туралы

«Қаладағы қоғамдық көлік жұмысының жай-күйі және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы шешімінің орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдап және талқылап, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткен кезеңде атқарушы органдар қаладағы қоғамдық көліктің тиімді жұмысын қамтамасыз ету және көлік қызметтерінің сапасын көтеру үшін мәслихат сессиясының ұсынымдарын іске асыру жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізгенін атап өтті.

Бүгінгі күні қалада қоғамдық жолаушылар көлігінің тұрақты бағдарларында 927 автобуспен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауы, қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасы, тасымалдаушылардың жүргізушілер мен кондукторлар еңбегінің жағдайын жасауы мәселелері, қала тұрғындарынан келіп түсетін арыздар мен өтініштерді талдау жолаушылар көлігі кәсіпорындарының басшыларымен апта сайын өтетін отырыстарда талқыланып отырды.

Бағдарларға шығатын қоғамдық көлік қызметін сапалы реттеу, персоналдың жұмысқа шығуын тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін Бырыңғай қала көлігін диспетчерлеу орталығы құрылды. Ол автобустағы борттық жабдыққа ұқсас, онлайн режимінде бағдардағы автобустың қозғалыс кестесін сақтауын және тиісті жағдайда уақтылы шара қабылдауын көрсететін электрондық жабдықпен қамтамасыз етілген, бұның бәрі қала тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында қаладағы көлік кәсіпорындары жылжымалы құрамды жаңарту жөнінде жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта «Астана LRT» ЖШС 358 автобус жеткізуге шарт жасады. Автобустардың ішкі жабдығын және жүргізушілер мен кондукторлардың арнайы киімін жаңарту жөнінде іс-шаралар іске асырылуда.

Аса қажетті бағдарларды жеңілдету үшін қосымша № 52, 53, 54 экспресс бағдарлар ашылды, № 9, 10, 20 бағдардағы қозғалыс кестесінің санын көбейту жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуда. Ірі ауыспалы пункттерді ұйымдастыру үшін «Жасыбай» қонақ үйі, «Астаналық» базары сияқты екі аялдамлық пункт қайта құрылды.

Көше-жол желісін кеңейту, оның өткізу қабілеттілігін арттыру, жолдағы көлік кептелісі мәселесін шешу мақсатында үзындығы 8,1 км 10 көшені салу мен қайта жаңарту аяқталды, Халықаралық мамандандырылған көрме өтетін ауданда жалпы ұзындығы 14,5 км жол малу басталды, Сейфуллин көшесінен Тілендиев даңғылына дейінгі учаскеде шағын айналма жолын салу жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қала көшелерінде Оқжетпес - Герцен көшесі, Қарағанды тас жолы - Интернациональный тұрғын алабы, Сейфуллин көшесі - № 67 орта мектеп, Сейфуллин көшесі - № 65 орта мектеп, Жұмабаев көшесі - «Студенттер үйі» ауданында 5 бағдаршамдық объект орнатылды. Бұған қоса, аталған объектінің 5 бірлігі көше салу мен қайта жаңарту шеңберінде орнатылды.

Қалада 15 200 бірлік жол белгісі бар, олардың 4 500 бірлігі жабық түрде. Реттелмейтін 102 жаяу жүргіншілер өтпесі «Жаяу жүргінші өтпесі» деген белсенді жол белгісімен жабдықталған, 93 бірлік светомодульмен қамтамасыз етілген, 105 өтпеде «дыбыс жолағы» бар.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті қорғау жөнінде кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда. Есепті кезеңде 12 015 км қамтумен көше-жол желісі 369 рет тексерілді, соның ішінде республикалық маңызы бар автожолдардың 360 км қамтумен 9 тексеріс өтті. Өткізу қабілеттілігін арттыру үшін қаланың көше-жол желісінде кептеліс болатын қиылыстардағы көлік ағынына талдау жүргізілді, бағдаршам белгілерін реттеу циклдарының ұзақтығы есептелді.

«Балалар қауіпсіздігі» бағдарламасы шеңберінде кейіннен оларды жоюмен көше-жол желісін күтіп ұстаудағы кемшіліктерді анықтау үшін жалпы білім беретін, мектепке дейінгі және басқа да оқу орындарына тікелей жақын өтетін автожолдар учаскелері тексерілді. 77 жалпы білім беретін мектеп, 31 бала бақша, 2 балалар даму орталығы және басқа да мекемелер ауданында салынған автожолдардың учаскелері тексерілді.

Жарамсыз көлікті анықтау, қоғамдық көлік жүргізушілерінің Жол қозғалысы ережесін және Жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесін бұзуларына жол бермеу мақсатында «Автобус» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді, оның нәтижесі бойынша Жол қозғалысы ережесін түрлі бұзғаны үшін қоғамдық көліктің 4 005 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде қала бағдарларындағы қоғамдық көліктің жүргізушілеріне қатысты 1 890 әкімшілік іс қозғалды. 39 лауазымды тұлғаға, соның ішінде автокөлік кәсіпорындарының басшыларына қатысты әкімшілік іс жүргізу басталды. 2014 жылы такси жүргізушілеріне қатысты 843 әкімшілік хаттама толтырылған.

2014 жылы 15 такси тұрағы салынды. Такси тұрағы теміржол вокзалы, әуежай, әлеуметтік объектілер аудандарында және жолаушылар саны көп орындарында ұйымдастырылды. Сонымен бірге, паркинг қызметін дамыту жөніндегі инвестицияларды тарту үшін халықаралық қаржы институттарының өкілдерімен, соның ішінде Еуропа қайта құру және даму банкімен, Азия даму банкімен, Түркия даму банкімен келіссөздер өтті. Қаладағы көлік инфрақұрылымын зерттеу нәтижелері бойынша материалдар Еуропа қайта құру және даму банкіне жіберілді.

Қалада ақылы тұрақ жүйесін ұйымдастыру мен жұмыс істеуі үшін нормативтік құқықтық базаны сәйкестікке келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар дайындалды.

Кәсіптілік деңгейін жоғарылату және қызмет сапасын жақсарту, қызмет көрсетудің инновациялық технологияларына оқыту үшін қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кәсіпорындар Астана қаласының көлік мамандары біліктілігі орталығын құрды. Өткен кезеңде аталған Орталықта 1 837 адам оқып шықты. Олардың ішінде көлік кәсіпорындарының жүргізушілері мен кондукторлары, такси жүргізушілері бар.

Сонымен бірге, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, мәслихат сессиясының барлық ұсынымдары толық көлемде іске асырылмағанын атап өтті. Жаңа бағдарлық желі енгізілген жоқ, көлік кептелісі және жол жүктемесі сияқты мәселелер орын алуда.

Қала шетінде жол салу мен қайта жаңарту мәселелері тиісті түрде шешілмеуде.

Автомашиналар тұрағының күрделі жай-күйі қалыптасуда, бұл авария мен кептеліс жағдайының пайда болуына әкеп соқтырады. Автопаркинг салудың баяу қарқыны олардың құрылысына инвесторларды тарту жөніндегі жеткіліксіз жұмысқа байланысты.

Бағдарлық автобустардың технологиялық тұруы мен қозғалысты қайта бастау, жүргізушілер құрамы мен кондукторларға қалыпты санитарлық жағдай жасау үшін пункттер салу мәселесі тиісті түрде шешілмей қеледі.

Қалалық қоғамдық көлік жұмысына деген арыздар мен өтініштердің саны азаймайды. Мысалы, 2014 жылы Жолаушылар тасымалы орталығына 1 903, ал қала әкімінің сайтына - 443 арыз келіп түскен. Оларда қозғалыс интервалын сақтамау, аялдамадан тоқтамай өту, Жол қозғалысы ережесін бұзу, салонда темекі шегу, телефонмен сөйлесу, салонның кір болуы және басқа да бұзушылықтар көрсетілген.

Көптеген жолаушылар кәсіпорындарының өндірістік базасын күшейту мәселесі әлі де өзекті, ол тасымалына сапасына теріс әсер етуде.

Жолдағы шұнқырларды жөндеу, қалалық қоғамдық көліктің бағдарлық желісі бойындағы жолдар учаскелерін жөндеу уақтылы жүзеге асырылмайды.

Жоғарыда жазылғанның негізінде қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. «Қаладағы қоғамдық көлік жұмысының жай-күйі және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы шешімінің орындалу барысы туралы ақпарат назарға алынсын.

2. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қаладағы жолаушылар көлігі кәсіпорындарымен бірлесіп мәслихат сессиясының шешімін толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

3. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына:

- көлік кептелісі мәселесін шешу мен жою, жол төсемесінің сақталуын қамтамасыз ету үшін жаңа бағдарлық желіні енгізуді жеделдету, әсіресе қала шетінде жол салу, жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі жұмысты жандандыру;

- қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалар санын төмендету үшін, кондукторлардың қызмет көрсету мәдениетін жоғарылату жәнежолаушылар тарапынан болған бұзушылықатрды белгілеу мақсатында автобустарды автомобильдік бейне тіркеуіштерімен жабдықтау жөнінде шара қабылдау;

- көше-жол желісін жақсарту үшін қалалық қоғамдық көліктің бағдарлық желісі бойындағы жол учаскелеріне назар аударып, автомобиль жолдарын салуды, қайта жаңартуды, шұңқырларды жөндеуді, орташа және күрделі жөндеуді бақылауды күшейту;

- жүргізушілер құрамы мен кондукторларға жағдай жасау мақсатында технологиялық тұру пункттерін, қозғалысқа қайта шығу алаңшаларын салу жөнінде дер уақытта шара қабылдау, аялдама павильондарын жайғастыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру;

- автомашиналар тұрағы бойынша күрделі жай-күйді, қала көшелеріндегі авариялық және кептеліс жағдайларды төмендету үшін автопаркингтер салуға инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру, тұрақ аймақтарын салуды бақылауды күшейту;

- электрондық карта бойынша жол жүру ақысын төлеуді жедел бастау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру ұсынылсын.

4. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына тасымалдаушылардың Жол қозғалысы ережесін және Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесін сақтауын бақылауды күшейту ұсынылсын.

5. Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз отырыстарында елордада көлік қызметін жақсартуға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысын тұрақты қарасын.



6. Осы қаулының орындалуын бақылау депутат С.Н. Богатыревқа жүктелсін.

Тұрақты комиссия

төрағасының орынбасары С.Н. Богатырев




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет