Тұрақты ток электр тізбектері және оларды есептеу



бет6/6
Дата22.11.2023
өлшемі1.17 Mb.
#484069
1   2   3   4   5   6
elektr-tÑ–zbekterÑ–-turaly-tÒ¯sÑ–nÑ–k

I1 = I2 + I3 немесе I1 - I2 - I3 = 0
B түйіні үшін
I3 = I4 + I5 немесе I3 - I4 - I5 = 0
C түйіні үшін
I6 = I4 + I5 немесе - I6 + I4 + I5 = 0
D түйіні үшін
I1 = I2 + I6 немесе -I1 + I2 + I6 = 0

Кирхгофтың екінші заңы

Кез келген электр тізбегінің тұйық контуріндегі ЭҚК алгебралық қосындысы барлық бөліктердегі кернеулердің алгебралық қосындысына тең

мұндағы nконтурдағы ЭҚК көздерінің саны;

m – контурдағы Rк кедергісі бар элементтер саны;

Uк = RкIк – контурдың к-м элементіне түсетін кернеу.

Егер электр тізбегіне кернеу көздері қосылған болса, онда Кирхгофтың екінші заңы мына күйде құрастырылады: ЭҚК көздері мен контур элементтеріндегі барлық кернеулердің қосындысы нөлге тең

Кирхгофтың екінші заңы бойынша теңдік жазу барысында мыналар қажетті:

  • 1) ЭҚК, ток және кернеулердің шартты бағытын белгілеу;
  • 2) теңдік жазылатын контурда өту бағытын таңдау;
  • 3) Кирхгофтың екінші заңының бір құрылымына сүйене отырып, теңдік жазу.

Кирхгофтың бірінші және екінші заңы (мысалдар)

  • а түйіні үшін Кирхгофтың бірінші заңы (1.2 суретте)
  • I - I1 - I2 = 0.

  • (1.2 суреттегі) Сұлба үшін Кирхгофтың екінші заңына теңдік жазамыз:
  • E = UR + U1.

  • (1.2 сурет) электрлік сұлбадағы контурға Кирхгофтың екінші заңын қолдана отырып, теңдік жазамыз:
  • контур I: E = RI + R1I1 + r0I,
  • контур II: - R1I1 + R2I2 = 0,
  • контур III: E = RI + R2I2 + r0I.

мәзір
мысалдар

Тұрақты ток тізбектерінің негізгі заңдары

Электр тізбектерін есептеуде белгілі бір өлшем бірліктер қолданылады. Электрлік ток ампермен өлшенеді (А), кернеу – вольтпен (В), кедергі – оммен (Ом), қуат – ваттпен (Вт), электр энергиясы – ватт-сағатпен (Вт-сағ) және өтімділік – сименспен (См)


Негізгі бірліктерден басқа, аса кіші және аса ірі өлшем бірліктері қолданылады: миллиампер (1мA = 10–3А), килоампер (1кA = 103А), милливольт (1мВ = 10–3В), киловольт (1кВ = 103В), килоом (1кОм = 103Ом), мегаом (1мОм = 106Ом), киловатт (1кВт = 103Вт), киловатт-час (1кВт-час = 103 ватт-час).
мәзір

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет