Тренинг «Модным быть круто»


Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?



бет5/18
Дата22.11.2022
өлшемі188.5 Kb.
#465411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Тренинг жинағы

Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз? 
б) «Қайта байланыс» жаттығуы 
a) Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 
- Тренингте ең бірінші не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзің жаңадан не білдің? 
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.


Психологиялық тренинг
Тақырыбы: "Мен ғажайыппын"
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.


Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз."
Бернард шоу
Қатысушылар: болашақ мұғалімдер


Жұмыс түрі: топтық жұмыс


Көрнекілік құралдар: тақта, бор, доп, ватман, фламастерлер.
Жоспар:

1.Жаттығу "Хор"


2.Мен ғажайыппын (әр түрлі көзқарасын анықтау)
3.Оқушы көзімен
4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"
5.Жаттығу "Комплимент"
6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.
Жүргізуші: Саламатсыздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін: идеал, үлгі, нәзікке ұқсас, бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы т.б.
Жүргізуші: Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар - бұл "барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет". Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін. Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.
Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады. Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін, залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек.
Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.
Келесі жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай ғажайып не екенін айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, балалардың көзімен, яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге тырысып көреміз. Екі топ қатысушылары: бірінші топ - бастауыш оқушылары, екінші топ - жоғары класс оқушылары. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып, көз алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай болатындығын елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара келісіп, шешімге келіп мұғалімнің төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып қорғап шықсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет