Тренинг тақырыбы



Дата25.01.2020
өлшемі152.1 Kb.
#447877
2 тренинг Мен және менің әлеуметтік ортам

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО облыстық білім басқармасы



«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Бекітемін _______

Колледж әдіскері

Мұратқызы А.

«__» _______ 2016 ж.

Тренинг тақырыбы:

«Мен және менің ортам»

Тобы: 32 «Ә»

Өткізілген күні: _______________

Машықкер: Тайболатов Қ.М.

Семей қ., 2016 жыл



Мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатысқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.

Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, қалам, түрлі-түсті бояу қарындаштар, жіп, май шам.

Тренингке қатысушылар: 32 «Ә» тобының оқушылары

Уақыты: 45 минут

Тренинг бағдарламасы:

I. Кіріспе

Сәлемдесу.



II.Негізгі бөлім

1.«Өзіңді презентацияла» жаттығуы

2. «Басқаны қалай түсінеміз» жаттығуы

3.  «Кинофильмдерге саяхат» жаттығуы

4. «Өрмек» ойыны

III. Қорытынды

5. «Тілек шамы» жаттығуы

Шығу парағы
I.Кіріспе

«Сәлемдесу» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушыларды алдағы тренингке эмоционалдық бағыттау.

Мазмұны: тренингімізді бастамас бұрын ең алдымен бір-бірімізбен амандасып алайық. Ол үшін жанымыздағы құрбымызбен жұп құрайық. Ең алдымен бір-бірімізге күлімсіреп қарап, қолмен амадмасайық, аяқпен, иықпен, шашпен, мұрынмен, көзбен, қаспен, шынтақпен, тіземен амандасайық.

Рефлексия сұрақтары:



  1. Жаттығу ұнады ма?

  2. Жаттығуды орындау барысында қандай сезімде болдыңдар?

II.Негізі бөлім

1.«Өзіңді презентацияла» жаттығуы

Мақсаты: өзін презентациялау, сенімді мінез-құлықты қалыптастыру,«мен» бейнесін дұрыс қалыптастыру, серігін түсінуге деген қабілетін қалыптастыру.

Мазмұны:Әрбір қатысушыға «танысу» газетіне хабарлама жазу ұсыналады. Қатысушылардың хабарламасын шапканың ішіне жинап алады. Содан кейін жүргізуші кезекпен хабарламаларды оқиды. Жаттығудың соңында талдау жүрзіледі.

2. «Басқаны қалай түсінеміз» жаттығуы

Барлық қатысушыларға таза қағаз таратылады. Қағаздың екінші жағына әркім өзі салғысы келген сурет мазмұнын жазады. Осыдан кейін бірінші адам салатын суреттің бір бөлігін жасайды да оң жақтағы көршісіне береді. Оң жақ көршісі суретті толықтырып ары қарай жібереді. Сурет қолдан қолға жылжып отырып, авторына қайтып оралады. Ол суретті аяқтайды. Осыдан кейін автордан басқаларына суретке тақырып беру ұсынылады. Аталған тақырып автордың тақырыбымен салыстырылып, топқа қатынасушылардың өзара келісімінің деңгейі анықталады.



3.  «Кинофильмдерге саяхат » жаттығуы

Уақыты: 15 минут



Мазмұны: Тренингке қатысушылар екі топқа бөлінеді.Әр топтың бір мүшесі келіп, үстел үстіндегі карточкалардың біреуін таңдайды. Онда кинофильмдердің аты жазылған. Соны жест, мимика арқылы көрсетулері керек:1. Қыз Жібек, 2. Менің атым-Қожа, 3.Тақиялы періште, 4.Жаралы сезім.








4.«Өрмек» ойыны

Мақсаты: Өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын арттыру.

Мазмұны: Жүргізуші жобаға қатысушылардан қайтадан шеңбер құрып жиналуларын сұрайды. Жүргізуші: Келесі ойында біз, өзара бізді байланыстырып тұратын үлкен бір өрмекті құрамыз. Осыдан басқа сендердің әрқайсыларың өздеріңнің сыныптастарыңа деген жақсы ой және сезімдеріңді білдіре аласыңдар.

Жүргізуші түрлі түсті жіптің ұшын өзінің алақанына орайды.Сендер менің не істегінімді көрдіңдер ме? мен өрмекте келесі кім болатындығын таңдаймын, оған мынадай сөздерді айтып: «Сен маған ұнайсың, себебі ...» (мүмкін таңертең сыпайы есік ашқан шығар немесе кеше алгебра пәні бойынша қиын есепті шығаруға көмектестін) жіптің шумағын беремін. Өзіңе айтылған сөзді тыңдап, ойыншы алақанына орап, осындай сөздерді айтып ойынға қатысушы басқа бір балаға айтады «Сен маған ұнайсың, себебі...». Жіптің шумағын бергенде сізге қандай сөз айтылды соны есте сақтауға тырысыңдар.Жіптің шумағын соңында кім алса, сол оны кері бағытта қайта шеше бастайды. Мұның өзінде сіздердің әрқайсыларың өздеріңе айтылған сөзді, сол сөзді айтқан кісіге қайталап айтуларың қажет.


III. Қорытынды

5. «Тілек шамы» жаттығуы

Мақсаты: Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Мазмұны: «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен бүгінгі «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.



Шығу парағы толтырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет