Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру



жүктеу 201.18 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі201.18 Kb.
"Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қазандағы N 1669 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 2009 жыл 3 қараша N 361-362 (25759) "Казахстанская правда" от 29.10.2009 г., № 255 (25999) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 45, 429-құжат


      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған "Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1669 қаулысымен  
бекiтiлген     

"Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру"
мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - стандарт) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мекен-жай анықтамаларын беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) тәртiбiн айқындайды.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны iшiнара автоматтандырылған. Қызмет автоматтандырылған ақпараттық жүйенi (бұдан әрi - ААЖ) де, әлiпби-анықтамалық картотеканы да пайдалана отырып көрсетiледi.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулыларының, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1995 жылғы 10 шiлдедегi N 169 бұйрығымен бекiтiлген Iшкi iстер органдарының мекен-жай-анықтама жұмысы жөнiндегi нұсқаулықтың негiзiнде жүзеге асырылады. P100745 қараңыз
      4. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң құрылымдық бөлiмшiлерi - мекен-жай бюролары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), сондай-ақ баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) көрсетедi, олардың тiзбесi осы стандарттың 2, 2-1-қосымшаларында көрсетiлген.
      5. Мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны мекен-жай анықтамасын (1-қосымша) беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      жеке тұлға өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 10 минуттан аспайды. Астана қаласында және облыс орталықтарында орналасқан Орталықтардан жеке тұлғалардың сұрауларын орындау мерзiмi - құжаттар уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап 3 жұмыс күнi, қалған, оның iшiнде Алматы қаласының Орталықтарынан құжаттар уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi. Тұтынушылардың жазбаша сұрауларын орындау мерзiмi 5 жұмыс күнi;
      құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты 30 минуттан аспайды;
      құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты 10 минут;
      Орталыққа жүгiнген кезде:
      жеке тұлғалардың құжаттарын ресiмдеу мерзiмi қажеттi құжаттар уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап Астана қаласында және облыс орталықтарында орналасқан Орталықтар үшiн - 3 жұмыс күнi, қалған, оның iшiнде Алматы қаласының Орталықтары үшiн - 5 жұмыс күнi, заңды тұлғалардың құжаттарын ресiмдеу мерзiмi - қажеттi құжаттар уәкiлеттi органға келiп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты 30 минуттан аспайды;
      құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты 30 минут.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (http://www.mvd.kz) интернет-ресурсында, мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде орналастырылады, олардың тiзбесi осы стандарттың 2, 2-1-қосымшаларында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде көрсетiлген.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету:
      уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен аптасына бес күн ұсынылады. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және тездетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесi сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.
      Орталыққа жүгiнген кезде:
      жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, белгiлеген жұмыс кестесiне сәйкес аптасына алты күн, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн жұмыс кестесi бiр сағаттық түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн белгiленедi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiп қызмет көрсетусiз, "электронды" кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      11. Уәкiлеттi органның үй-жайларында iшкi iстер органдарының басқа бөлiмшелерiнен бөлек кiретiн есiгi, күту залы болады, ақпараттық стендiлермен жабдықталады және ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады, мүмкiндiгi шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.
      Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталық ғимаратында да көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкiлердi толтыру үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады.
      Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргiзу, жұмысты одан әрi жетiлдiру үшiн қоғамдық пiкiрдi зерделеу мақсатында уәкiлеттi органдар мен Орталықтарда жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кiтабы жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мекен-жай анықтамасы уәкiлеттi органға жүгiнген жеке тұлғаға ғана берiледi.


      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар:
      уәкiлеттi органға:
      жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжатын;
      заңды тұлғалар - сұрау жiберушi бөлiмше басшысы (қызметкерi) қол қойған және заңды тұлғаның кеңсесiнде тiркелген жазбаша сұрауларды;
      мекен-жай анықтамасын үшiншi тұлғаға беру үшiн жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келiсiмiн;
      Орталыққа:
      өтiнiш;
      жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн;
      заңды тұлғалар - сұрау жiберушi бөлiмше басшысы (қызметкерi) қол қойған және заңды тұлғаның кеңсесiнде тiркелген жазбаша сұрауларды;
      мекен-жай анықтамасын үшiншi адамға беру үшiн жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келiсiмiн ұсынады.
      Орталық қызметкерi құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексередi және түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады.
      13. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлер, өтiнiштер толтыру талап етiлмейдi.
      Орталықта өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тiреуде не Орталық консультанттарында болады.
      14. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттар уәкiлеттi органның тiркеушiсiне тапсырылады.
      Жеке тұлға тiкелей жүгiнген кезде уәкiлеттi органның тiркеушiсi тұлғаның анықтамалық деректерiн есепке алу журналына тiркейдi, деректердi картотека бойынша және/немесе ААЖ-нi пайдалану арқылы тексередi, оған тұтынушының мекен-жай бөлiгiн және сұрауды орындаған уәкiлеттi орган тiркеушiсiнiң деректерiн көрсете отырып, мөртабан қойылған мекен-жай анықтамасын бередi.
      Тұтынушылардың жазбаша сұрауларын уәкiлеттi органның тiркеушiсi кiрiс хат-хабарлар журналына тiркейдi, деректердi картотека бойынша және/немесе ААЖ-нi пайдалану арқылы тексередi, мекен-жай анықтамасын толтырып, шығыс хат-хабарлар журналына тiркейдi.
      Заңды тұлғалардың жазбаша сұраулары бойынша бiр тұлғаға мекен-жай анықтамалары тұтынушыға қайтарылатын сұраудың артқы бетiне мөртабан қою және толтыру арқылы берiледi. Тiзiм түскен кезде мекен-жай анықтамалары тiркелгенi немесе тiркеуден шыққаны туралы мәлiметтер бар адамдарға қатысты ғана толтырылады, қалған адамдардың тегiнiң тұсына "тiркелмеген" деген белгi қойылады және қоса берiлген анықтамалармен бiрге тiзiм адресатқа қайтарылады.
      Орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде Орталықтың инспекторы құжаттардың толықтығын осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына берудi жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiм жасауды және уәкiлеттi органға жiберудi жүзеге асырады.
      Қоса берiлген құжаттармен бiрге өтiнiштердi тиiстi уәкiлеттi органға және керi жеткiзудi Орталық осы өтiнiштер қабылданған күнi курьерлiк байланыс арқылы кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн олардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, деректердi картотека бойынша және/немесе ААЖ-нi пайдалану арқылы тексередi, мекен-жай анықтамасын толтырады, орындалған құжаттардың тiзiлiмiн жасайды және тұтынушыға беру үшiн Орталыққа жолдайды.
      Уәкiлеттi орган орындалған (дайын) құжаттарды курьерлiк байланыс арқылы қолхатта көрсетiлген беру күнi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын Орталыққа бередi.
      15. Тұтынушыға уәкiлеттi органның құжаттарды қабылдағаны туралы жазбаша растау берiлмейдi. Мекен-жай анықтамасын тұтынушы уәкiлеттi органға жүгiнген сәтте алады.
      Заңды тұлғалардан жазбаша сұраулар түскен жағдайда, уәкiлеттi орган сұраудың екiншi данасына сұрауды қабылдаған тiркеушiнiң деректерiн, сұраудың қабылданған күнiн қояды.
      Құжаттарды Орталық арқылы қабылдау кезiнде тұтынушыға:
      сұрауды қабылдау нөмiрi мен күнi;
      сұралатын мемлекеттiк қызмет түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттардың берiлген күнi (уақыты) мен орны;
      Орталықтың құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      16. Уәкiлеттi органда мекен-жай анықтамасын беру жеке тұлға өзi жүгiнген кезде жүзеге асырылады.
      Уәкiлеттi органның тiркеушiсi тұтынушылардың жазбаша сұрауларына мекен-жай анықтамаларын конвертке салады және тұтынушыға почта арқылы жолдайды.
      Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде "терезелер" арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе Орталық мемлекеттi қызметтi көрсетуден бас тартады.
      Орталықтан түсетiн құжаттарды ресiмдеудегi қателер анықталған кезде не осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетi ұсынылмаған кезде уәкiлеттi орган құжаттар пакетi қабылданғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде қайтару себептерiн жазбаша негiздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық бiр жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздемесiн ұсынады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алу үшiн мерзiмiнде келмеген жағдайда, Орталық оларды 1 ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады.
      Уәкiлеттi органда мекен-жай анықтамаларын сақтау мерзiмi және жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi органның және Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты өтеу кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Уәкiлеттi орган мен Орталық жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген, солар бойынша уәкiлеттi органның және Орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерiн арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне заңнамада белгiленген тәртiппен осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген жоғары тұрған басшылыққа шағымдануға болады.


      Орталық инспекторының әрекетiне шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтама қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
      22. Шағым облыстардың, Астана және Алматы қалаларының IIД ақпараттық-техникалық қызметтерi бастықтарының, IIД басшылығының, Орталық арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы жөнiндегi шағым Орталық директорының атына берiледi. Уәкiлеттi органның және Орталықтың мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 2, 2-1-қосымшаларында көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, iшкi iстер органының, Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмдерде қаралады. Өтiнiш берушiге күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон (4-қосымша) берiледi.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi орган мен Орталық басшыларының байланыс деректерi 2, 2-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен Орталықтың үй-жайларында орналасқан стендiлерде көрсетiледi.


      25. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1; интернет-ресурсы: http://www.mvd.kz.

Қазақстан Республикасы        


Үкiметiнiң                
2009 жылғы 26 қазандағы        
N 1669 қаулысымен бекiтiлген    
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
1 -қосымша               

МЕКЕН-ЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ
АДРЕСНАЯ СПРАВКА

Мекен-жай бюросының мәлiметiне сәйкес азамат(ша)___________________ по сведениям адресного бюро гр-н(ка)


_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы және жерi) (фамилия, имя, отчество, год и место рождения)
мына мекен-жай бойынша_______________________________________________
по адресу        (қала, көше, үйдiң N, ауыл көрсетiлсiн)
                  (указать город, улицу, N дома, село)
                                                       20___ ж. "____" _________
тiркелген (шығарылған)
прописан (выписан)
_____________________________________________________________________
    (облыс, аудан, егер тiркеуден шығарылса, қайда кеткенi көрсетiлсiн) (область, район, если выписан, указать куда выбыл)

                           Анықтаманы тексерген


                       мекен-жай бюросының қызметкерi
                  Справку наводил сотрудник адресного бюро
__________қолы ______________________________________________________
         подпись                                          
20___ ж. "____" _________                                           

Қазақстан Республикасы      


Үкiметiнiң              
2009 жылғы 26 қазандағы      
N 1669 қаулысымен бекiтiлген   
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-қосымша              

р/с
N

Атауы IIД

Уәкiлеттi орган орналасқан мекен-жай

Уәкiлеттi орган бастығының телефон нөмiрi

Ақпараттық техникалық қызмет басқармасы бастығының телефон нөмiрi

IIД кезекшi бөлiмiнiң телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

6

1

Астана қаласының IIД

Астана қаласы
Иманов  көшесi, 9-үй

21-91-30

71-60-60

71-60-10,
32-39-40

2

Алматы қаласының IIД

Алматы қаласы
Қарасай Батыр көшесi, 108-үй

267-48-38

254-40-32

54-40-42,
54-40-04

3

Ақмола облысының IIД

Көкшетау қаласы,
Горький көшесi, 52-үй

25-56-90

29-10-85

25-16-95,
25-16-96

4

Алматы облысының IIД

Талдықорған қаласы,
Абай көшесi, 249-үй

60-05-31

60-80-20

60-00-08,
60-00-07

5

Ақтөбе облысының IIД

Ақтөбе қаласы,
Қобыланды көшесi, 26 а-үй

21-36-63

93-00-58

52-05-14,
51-38-37

6

Атырау облысының IIД

Атырау қаласы,
Молдағұлова көшесi, 247-үй

27-08-29

98-15-15

25-10-15

7

Шығыс Қазақстан облысының IIД

Өскемен қаласы,
Тәуелсiздiк көшесi, 72-үй

47-19-18

23-42-55

23-42-02,
23-42-10

8

Жамбыл облысының IIД

Тараз қаласы,
Пушкин көшесi 43-үй

43-04-04

99-71-62

43-06-78,
43-05-22

9

Батыс Қазақстан облысының IIД

Орал қаласы,
Достық д-лы, 242-үй

51-74-30

98-45-25

51-04-50,
98-45-30

10

Қарағанды облысының IIД

Қарағанды қаласы,
Ермеков көшесi, 118-үй

44-18-66

42-90-10

42-90-25,
41-26-20

11

Қостанай облысының IIД

Қостанай қаласы,
Баймағамбетов көшесi, 197-үй

52-63-43

52-60-43

52-60-21,
52-60-22

12

Қызылорда облысының IIД

Қызылорда қаласы,
Төле би көшесi, 112-үй

7-01-40

29-50-15

27-28-76,
27-23-68

13

Манғыстау облысының IIД

Ақтау қаласы,
3-шi ш/а, 123-үй

50-76-61

47-50-30

42-15-71,
42-15-70

14

Павлодар облысының IIД

Павлодар қаласы,
Торайғыров көшесi, 70/1-үй

55-24-80

39-11-19

39-12-41,
32-39-83

15

Солтүстiк Қазақстан облысының IIД

Петропавл қаласы,
Жұмабаев көшесi, 118-үй

39-43-12

39-40-39

39-40-07,
39-40-37

16

Оңтүстiк Қазақстан облысының IIД

Шымкент қаласы,
Желтоқсан көшесi, 12а үй

97-62-67

97-60-22

21-20-41,
21-21-87

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң              
2009 жылғы 26 қазандағы      
N 1669 қаулысымен бекiтiлген    
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
2-1-қосымша           

Р/с
N

ХҚО-ның атауы

Орталықтар орналасқан мекен-жай

Телефон нөмiрлерi

1

2

3

4

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қ., Әуезов көшесi, 189 "а" үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қ., Тургенев көшесi, 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қ., Тәуелсiздiк, көшесi, 67 "б" үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қ., Баймұханов көшесi, 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының N 1 ХҚО

Өскемен қ., Белинский көшесi, 37 "а" үй

51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының N 2 ХҚО

Семей қ., 408-шi квартал, 21-үй

33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қ., Қойгелдi көшесi, 158 "а" үй

43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қ., Жамбыл көшесi, 81-үй

23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қ., Қазыбек би ауданы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қ., Таран көшесi, 114-үй

54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қ., Мұратбаев көшесi, н/ж

23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қ., 15 шағын ауд., 67 "б" үй

31-85-16

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қ., Павлов көшесi, 48-үй

33-47-55

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қ., Әуезов көшесi, 157-үй

33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қ., Мәделi Қожа н/ж

30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы к., Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

263-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қ., Ходжанов көшесi, 9-үй

248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қ., Төле би көшесi, 155-үй

378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қ., Марков көшесi, 44-үй

239-65-52

20

Алматы қаласы Түрксiб ауданының ХҚО

Алматы қ., Зорге көшесi., 9-үй

234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының N 1 ХҚО

Астана қ., Жұбанов көшесi, 2-үй

37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының N 2 ХҚО

Астана қ., 70-көше, 31-үй

40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 ХҚО

Астана қ., Пушкин көшесi, 97-үй

32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 ХҚО

Астана қ., 81-көше, 85-үй

37-74-34

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң               
2009 жылғы 26 қазандағы      
N 1669 қаулысымен бекiтiлген    
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
3-қосымша               

Кесте. Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi



Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң алдағы жылдағы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметтi белгiленген мерзiмде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)

100







1.2. Қызмет алуды кезекте кемiнде 40 минут күткен тұтынушылардың % -ы (үлесi)

0







2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







2.2. Лауазымды адам дұрыс ресiмдеген құжаттардың (жүргiзiлген төлемдердiң, есеп айырысулардың және т.б.) %-ы (үлесi)

100







3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







3.2. Тұтынушы құжаттарды бiрден дұрыс толтырып, тапсыру жағдайларының %-ы (үлесi)

100







4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Осы қызмет түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)

5







4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың %-ы (үлесi)

100







4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







4.4. Шағымдану мерзiмдерiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100






















Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң                
2009 жылғы 26 қазандағы        
N 1669 қаулысымен бекiтiлген    
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына
4-қосымша                

                        Талон
         __________________________________________
                 (субъектiнiң атауы)

Өтiнiштi қабылдаған_______________________________


                          (маманның аты-жөнi)

20__жылғы "___" ________ ___ сағ.____мин.



(мөлшерi 75 мм х 55 мм)


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет