Кейбір тригонометриялық функциялар
Бірлік шеңбердегі Ө бұрышына қатысты тригонометриялық функциялар.
Бастапқы кезден тригонометриялық функциялар тік бұрышты үшбұрыштағы қабырғаларының қатынастарымен байланыста болғаны белгілі. Олардың жалғыз аргументі сол үшбұрыштың бір сүйір бұрышы болып табылады.
Синус — қарама-қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.
Косинус — жанама катеттің гипотенузаға қатынасы.
Тангенс — қарама-қарсы жатқан катеттің жанама катетке қатынасы.
Котангенс — жанама катеттің қарама-қарсы жатқан катетке қатынасы.
Секанс — гипотенузаның жанама катетке қатынасы.
Косеканс — гипотенузаның қарама-қарсы жатқан катетке қатынасы.
Берілген анықтамалар функциялардың сүйір бұрыштарға (0-ден π 2 {\displaystyle \pi \over 2} радиан) қатысты мəндерін есептеуге арналған.
Тригонометриялық функциялардың графиктері.
Бірлік шеңбердегі Ө бұрышына қатысты тригонометриялық функцияларды қарастырсақ (суретті қара):
θ {\displaystyle \theta } бұрышының Синусы "A" нүктесінің ординатасы ретінде анықталады.
Косинус — "A" нүктесінің абсциссасы.
Тангенс — синустың косинусқа қатынасы.
Котангенс — косинустың синусқа қатынасы.
Секанс — косинусқа кері өлшем.
Косеканс — синусқа кері өлшем.
Достарыңызбен бөлісу: |