Түрік қағанаты Анықтамасы: Қазақстан жеріндегі орта ғасырлардағы мемлекет. Хронологиясы



бет66/82
Дата02.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#453524
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
ТИРЕК-СЫЗБАЛАР. 7 СЫНЫП (1)

§39.Тәуекел хан

1.Анықтамасы: Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі.
2. Тәуекел хан
3.Шығу тегі:Жәнібек ханның немере інісі Шығай ханның ұлы

4.Хронологиясы:1582-1598жылдары билік етті
5 .Саясаты:

5.1.Ішкі- Халық бір орталыққа бағынған мемлекетке айналады.

5.2. Сыртқы-көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, кішігірім соғыстар да жасап тұрды.
6 .Соғыстары:1582ж.Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласы түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандады.
7 .Мәдениеті:Қазақ орыс қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады.
8 .Қазақ-өзбек қатынастары:

8.1.1583жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзып, Абдаллах ханға шабуыл жасап, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төндіреді.

8 .2.1597-1598жылы Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін жеңіп, бұл жеңіс қазақ хандығының беделін, күш-қуатын арттыра түседі.

8.3.1598жылы Тәуекел хан Ақши, Искандер, Мүнши, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды.70-80мың әскермен Өзбек хандығының астанасы Бұқараны қоршауға алды, осы қанды шайқаста Тәуекел ауыр жараланып, өз әскеріне Бұқарадан шегінуге бұйрық берді.


9 .Қазақ-ресей қатынастары:

1594жылы орыс патшасы Федорға елші Құл Мұхамедті аттандырады.Себебі:

1.Тәуекел хан өзін қамқорлығына алуды өтінеді.

2.Патша тұтқынында отырған жиені Ораз Мұхамедті босатуды сұранады.

3.Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің қолдауын сұрады.

4.Ресейден Сібірге аттанған Ермактың жасағы 1582жылы Көшімнің жасағын жеңіліске ұшыратып, Сібір хандығы жойылады.Сібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет