Түрік қағанаты Анықтамасы: Қазақстан жеріндегі орта ғасырлардағы мемлекет. Хронологиясы


§48.XVI-XVIIғасырдағы тарихи шығармалар



бет82/82
Дата02.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#453524
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
ТИРЕК-СЫЗБАЛАР. 7 СЫНЫП (1)

§48.XVI-XVIIғасырдағы тарихи шығармалар.

1.Мұхамед Хайдар Дулати

2.Шығу тегі:арғы атасы Жетісуды билеген әмірші

Поладшы Дулати



3.Еңбегі:«Та,рих-и Рашиди»

4.Авторы: Мұхамед Хайдар Дулати

5.Қай жылы:1541-1546ж.

6.Қай қалада: Кашмирде

7.Қай тілде:парсы

8.Құжаттың сақталған орны:Монғолдардың хан

Сарайында



9 .Шығарманың құндылығы:Орта ғасырлардағы қазақтар тарихы, Дешті Қыпшақтағы оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы қазақтардың өзбектермен, қырғыздармен достық одағының қалыптасуы туралы мәліметтер берілген.XV-XVIғасырдағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қала, егіншілік мәдениеті, Жетісудың тарихы, географиясы – жалпы орта ғасырдағы Қазақстан жайлы құнды деректер бар.
1 .Қадырғали Қосымұлы Жалайыри

2.Еңбегі:«Шежірелер жинағы»

3.Авторы: Қадырғали Қосымұлы Жалайыри

4.Қай жылы:1600-1602ж.

5.Қай қалада:Қазан

6.Шығарманың құндылығы:Қазақ халқының қоныс тепкен жай-жапсары, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаяны айтылады.Хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметік топтар, қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер бар.
1 .Өтеміс қажы

2.Еңбегі:«Шыңғыснама»

3.Авторы: Өтеміс қажы

4.Шығарманың құндылығы:Қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады.

«Шыңғыснамада» Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көші-қон мәселесіне ерекше назар аударылған.Онда қыстау, жайлауға көшу, малдың басын көбейтуге, қоңын көтеруге, пайдлы екендігін жазады.

1 .Шах- Махмұд Шорас

2.Еңбегі:«Тарих»; «Хроника»

3.Авторы: Шах- Махмұд Шорас

4.Шығарманың құндылығы:Бұл еңбекте қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Есім, Жәңгір, Тәуекел кезіндегі қазақ-монғол қарым-қатынасының тарихы баяндалады.
1 .Масуд ибн Усман Кухистани

2.Еңбегі: «Тарих-и Абулхайр-хани»

3.Авторы: Масуд ибн Усман Кухистани

4.Шығарманың құндылығы:Онда көшпелі өзбектер ханы Әбілхайырдың тарихы айтылады.
1 .Әбілғазы Бахадур

Шығу тегі:Әкесі: Арабмұхаммед Жошы ханның

ұрпағы.Хорезм ханы болған.

Шешесі:Мехрибану Жошы әулетінен

шыққан.


2.Еңбегі: «Түрікмен шежіресі»1661ж.

«Түрік шежіресі»1664жылы аяқтай алмай,

1665жылы баласы аяқтап жазған



3.Авторы: Әбілғазы Бахадур

4.Шығарманың құндылығы: Әбілғазының еңбектері шежірелік сипатта жазылған.Түркі дәуірінен бастап, Шыңғыстың ұрпақтарының тарихын баяндайды.Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған ірі тарихи оқиғаларды қамтыған. Әбілғазы шежіресінен қазақ халқының құрамына кірген ру-тайпалар, олардың ертедегі тарихы туралы құнды деректер алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет