1 Кірме сөздердің қазақ тіліне енуінің тарихи кезеңдері
Қазақ халқының орыс елімен қарым - қатынасы қай ғасырдан басталғанын тап басып айту қиын. Өйткені құжатталған деректермен расталып отыратын тарихтың орнын көбіне ауызша тарихи мәліметтер жеткізіп отырды. Осы салада анықталмаған рухани-мәдени бел - белестеріміз баршылық. Әр дерек біздерді себеп пен нәтижесі жағынан сергектікке қарай жол ашады.
Ежелден көршілес отырған халықтар арасындағы достық өркендеп, арты құдандалыққа ұласып отырған. Мәдени шаруашылық әлеуметтік аралас - құраластық тілдің де ауыс - күйісіне әкелген. Кейбір сөздердің сіңіп кеткендігі соншалық, қай - қайсынікі екендігін қазірде ажырату өте қиынға соғады. Мысалы: Орхон ескерткіштерінде1 кездесетін (6 - 9) ғ. тон, кент, тәңір (теңгир) немесе Ғ. Айдаровтың «Орхон-Енисей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» - деген2 еңбегінде ұшырасатын: барыс, быр, қаған, қамыш, қатун, қарақұм, обут, он, сат, табар - тауар, тарқан, тарқан, тапа (Эстонияда Тапа деген қала бар - аврор) ур//ұр/(ура), қот//қой//код/, /сув//суб деген кейбір сөздер мағынасы жағынан қазіргі орыс тіліндегі бар сөздермен жуық болмағанмен, сыртқы тұлғасы жағынан кейде ұқсас келеді. Бәлкім кей сөздер сол бағзы заманның тынысы болар.
«Қорқыт ата кітабы»3 (ХIV- ХVI ғасырларда хатқа түскен) мынандай жолдарды оқимыз: Қара тонлу авғун дінлу кафірлере бір оғұл алдыр - дуңисе дегіл маңа кафірлере – деген сөзімен діні бөлек, қаны бөлек, тілі бөлек Еуропа жұртын айтып отырған сияқты.
«Оғуз - қаған»4 туралы аңызда: «Урум қағанның бір жақын жуық адамы бар еді. Урусбек деген еді» - деп, оқиға Урусбектің баласы Сақлап, Оғуз қағанның алдынан тарту -таралғысымен қарсы алуымен дами береді. Мұндағы айтар ойымыз, Урум (Рим) Византия (Италия) ал, Урус + бек - дегендегі (Рус) Орыс елінің көне атауы болса керек. Рус этонимі туралы Мурад Аджи «Жусанды қыпшақ даласы» - деген кітабында жазған болатын. Орыстың әдеби тілінің тарихында: Византия мен Рус мемлекетінің арасында болған келісімдер (907, 911, 944, 971 жж) сақталған. Византиямен Рус мемлекетінің арасында болған келісімдер Византияның княз Олегпен, Киев князы Игормен немесе Святославпен болған келісімдердер сақталған. Бұл келісімдер Х ғасырдың екінші жартысынан бастап түп нұсқада емес «Повести временных лет» - деген көне қолжазбаның құрамында болып келген1.
«Оғыз Қаған» жырына қайта оралайық, бас кейіпкер, сөйтіп, кері қайтып жолда Мұзтауына кез болады. «Оғыз қаған» - жыры ХІІІ ғасырда хатқа түскенімен айтылып отырған оқиға ХІ ғасыр болуы мүмкін. Жыр жолына арқау болған оқиға 1095 жылғы «Бірінші крес жорығы» болған сияқты. Себебі, бұл жорықты бастаған Римнің папасы:... «освобождение гроба господня из рук неверных» - «мусульман» - деп ұран тастайды.
Сол кездің тарихшылары: «ХІ веке большую часть арабских владений в Азии завоевали турки - сельджуки. У арабов они переняли ислам. Сельджуки напали на византийское войско, разбили его и захватили почти всю Малую Азию. Но вскоре обширное государство сельджуков распалось на отдельные княжества, что внушало западным феодалам надежду на легкое завоевание богатых восточных стран» - деп жазды2. Ал, бұл кезде Рус елі шағын - шағын книяздыққа ие болып, бастары енді біріге бастаған еді. Олар да көрші Батыс Еуропамен, солтүстігінде Шведтармен, Финдермен, беріде Бұлғарлармен, Румындармен оңтүстігінде Астархан арқылы Батыстағы Қазақ жеріне көз алартып жүрді. Алмағайып ірілі - ұсақты соғыста кейбір мемлекет құрып кетті. Кейбір ұсақтары бірікті де өзінің әуелгі атын жоғалтып алды. Дегенмен, Азиялықтар да, Еуропа шонжарлары да бірін - бірі біліп, сөз арасында бірі «неверные» десе, екіншісі «варвары» - деп ат тағып, айдар қылған. Екі елдің араласуы мұнымен шектеліп қалмаған, жылма - жылға өрістей берген. Ұрыста тұрыс жоқ жағаласа жүріп, негізінен үстем тап өкілдері қақтығыста бола отырып, екінші жағынан жай шаруа адамдары бір - бірімен ауыс-күйісте жүріп жатқан. ХІ ғасырдың екінші жартыстында өмір сүріп, еңбек жазған түркі жұртының маңдайына біткен тұңғыш этнолингвист, алғашқы ғалым Махмұт Қашқаридің «Диуани Лұғати тюрк» атты 3 томдық сөздігінде1 орыс халқы туралы бірқатар мәліметтер береді. Бұл лұғатта «жүлік/жулик/, саман/үлкен кірпіш/ сөздерді кездестіреміз. Бұл сөздерге кейбір ғалымдар дау айтады.
Араласудың нәтижесінде орыс сөздері ғана бізге еніп қойған жоқ, керісінше қазақтың /түркінің/ сөздері де орыс тіліне сіңіп, төл сөз есебінде қабылданды. Мұның жарқын көрінісі ретінде: «Наши сношение с другими народами, с другими государствами начались очень давно. Уже в древнерусском языке были слова, заимствованные из скандинавских, финских, тюркских языков» - деп жазды Е.Г. Ковалевская2.
Дегенмен сөз арасында айтқанымыз жөн болар, орыс әдеби тілінің бастауы көне бұлғар тілі екендігін анықтап жазған бірден бір ғалым А.А. Шахматов еді3. Расында, Бұлғарлар Грециядан алыс емес. Е.Г. Ковальевская: «Из приведенного материала ясно, что вопрос о времени появления на Руси письменности до сих пор остается невыясненным» - дейді4.
Бұл арада орыс ғалымдары Араб жылнамасына көбірек арқа сүйейді. Атап айтсақ, Ибн - Фодлан Х ғ Волга бойына саяхат кешкен, Ибн-Эль-Недима (987 ж «Списке книг»). Араб географы Масуди (Х ғ. «Золотые луга» шығармасында) т.б.1.
Түрік тілін тасушы жадығаттың бірі - бұл – «Игор жасағы жайындағы жорық сөзі» /Слова о полку Игореве – ХІІІ ғ/ ескерткіші болып табылатын туындының алғашқы нұсқасы сақталмаған. Қазіргі қолда бар нұсқасы 15-16 ғ. басындағы тізімде сақталған, 1795 жылы табылған.
А.И. Горшков: «В «Слове» нашли отражение также и характерные для древнерусского языка заимствования из греческого – паполома /шелковая ткань/, оксами /парча/ и тюркизмы - орьтма /покрывало/, японча /плащ/, яруга, оврог, чага /рабыня/, кощей /раб/, харалужный /стольной/ – сияқты бірен - саран сөздерді атаған2». Белгілі ақын О. Сулейменов «Аз и я» - деген еңбегінде Славян және түркі тайпалары ежелден-ақ аралас - құралас болып келгендігін «Игор жасағы туралы жырдың тілі» арқылы нақты дәлелдер келтіреді. Орыстың төл мұрасына айналып кеткен бұл – дүниені түрік жұртының да зерттеуге құқы бар. Бұл кітапта: «А.И. Папов: «Бірден мынаны ескерген жөн: қыпшақтардың орыстарға берген ықпалы шамалы, зәредей десе болады. Демек, орыс тіліне енген қыпшақ сөздерінің саны да осыған сәйкес жоқ десе де болғандай» - деп жазды3..
Олар түркілерден орыс тіліне енген 10 сөз деп: сайгак, кочь, кощей, чача, ватага, евчан, кумыз, курган, ортыма, япончица - деп атап көрсетеді.
Түркі сөздерінен біле тұра ат тонын ала сап қашқандардың бірі-Ф.П.Сороколетов болды. Ол «Орыс тіліндегі әскери атау тарихы» - деген кітабында: баскакь, улань, есауль, сеунчь, калча, улубий, геушь - сияқты сөздерді атай келіп, түркілердің қосқан үлесі шамалы деп бақты4.
Ертедегі славиян әскери ісіндегі сөздер түркі бірлестігі дәуірінен бастау алады. Әскери ісіндегі ең жалпы ұғымдар ертедегі түркілердің тілінен алынған: «войн», «боярин», «полк», «труп». /соғыс мағынасында/, охота, облава, чугун, железо, булат, алегарда, топор, молот, сулица, рать, хоручвь, сабля, кметь, колчан, тьма /он мың сан әскер/ /сансыз қаптаған деген ұғымда - автор/ ура, айда - бұл сөздер ғасырлар бойы өңін өзгертіп сіңіп кетсе де, әуелгі тұлғасын жоғалтқан жоқ, сондықтан көзге көрініп тұрған түркизмдер болып табылады. Ал, мына сөздер саздақ, орда, бунчук, караул, есауль, атаман, қош, курень, богатырь, биряч, жалав (ту), снузник, колымага, алпауыш, сурначь/, т.б. бергі заманды да қамтиды. Орыс деректері бір уақытта түркі тілдерінің әсерін айтып қалып отырды. Көшпенді халыққа деген жылы ілтипатын Григорий Потанин ашық білдірді. 1899 жылы шыққан «Орта ғасырдағы европалық эпостағы шығыс сарыны» - деген кітабының «Қорытындысында» былай деп жазды: «Ғалымдардың сахара халықтарына менсінбей қарауы ғылымның дамуына кеселін тигізіп отыр. Ол варварлардың роліне және рухани - мәдени алмасу тарихына дұрыс көзқарас қалыптастыруына біздің арилік менмендігімізбен тарихи болашаққа жалған сенуіміз бөгет болып отыр. Осының нәтижесінде хрестияндық апокрифі /күмәнды шығармалар, хабарлар/ еске түсіретіндердің бәрі хрестияндық болып танылып, ескішілдік көзқарас пен ескішілдік сенімнің езгісіне түсті. Батыс Европадағы әдебиет тарихының славян ескерткіштерін атай өтіп, немқұрайлық танытқан уақыт болған: енді славян мұрағаттарының құны бағаланатын халге жетті: ортағасырлық әдебиеттің кейбір деректері славян ескерткіштері арқылы ғана танылып жатыр. Бәлкім, дала аңызына да тап осындай бұрылыстар керек шығар. Сонда - ақ дала аңыздарын бұдан былай да кемсіте берудің ғылымға пайдасы шамалы екенін мойындаған жөн болар»1. «Әлеуметтік некелер тек саяси өмірде ғана емес, халықтардың мәдени жақындасуына да алғышарттар жасады. Олардың ұзақ уақыт бойғы жақын көршілік тұрмысы бұл байланыстарды одан әрмен нығайта түсті. Қалыңдықпен бірге мәңгі қоныстануға оның құрметті қарауыл жасағы қоса келді.
Бұл жасақтардың саны үй - ішімен қосқанда жүздеп саналып, кінәз сарайының маңына қоныстанып, бірте - бірте Киев Русінің қала тұрғындарымен араласып кететін. Бұлар торктер, печенегтер құмандар деп аталып, кейін бұл атаулар солардың сахаралық қандастарына көшірілді» - деп жазды1. Б.Д. Греков өзінің «Киев Русі» деген кітабында түріктермен құдалық туралы жұмған аузын ашпайды. Ылғи ғана Ярослав әулетін неміс аруларымен некелік байланысты болғанын, Святослав Ярославич Трир эпископы Бурхариннің қарындасына тағы екі кінәз - бірі саксондық Маркграфтың, екіншісі штадтық графтың қыздарына үйленеді. Ярославтың немере қарындасы неміс императоры IV Нерихқа күйеуге шығады. Генрих француз королі Ярославтың қызы Анканы, Владимирдің бір әйелі чехтан болған деп сол арқылы батыс елдермен ғана байланыста болғандығын дәлелдемекші болған. Түріктерден ат-тонын ала қашқан.
Бұл туралы О. Сулейменов: «Сонда Ярославичтер Турандот ханшайымдарына үйленді де, ал жоғарғы дәрежелі саясаттарын түркілермен жүргізеді» - деп әділ болса да қатты сынға алды2. Оқиға расында олар айтқандай болды ма? Әрине жоқ. Егер тарих деректеріне әріден зер салсақ: Византия императоры VІІ - VІІІ ғасырларда-ақ, хазарлармен құдалықта болған. Мысалы, ІІ Юстиннан, қаған қызына үйленіп, некелескеннен кейін Теодора деген атты қалап алса, ІІ Тиберий қаған қызына үйленіп, 708 жылы Константинопольға Хазарлық әскермен оралады. Константин V - тің (741-775) әйелі қаған қызы болған, ол хрестиян дінін қабылдап Ирина болған. Ал, оның ұлы император Лев ІV тарихта Хазар деген атпен әйгілі болған. Византияның императоры ІХ ғасырда сарай сақшыларына хазар жасақтарынан гвардия құрайды. Хазар жауынгерлерінің көпшілігі император армиясы мен билік жүйесіндегі жоғарғы дәрежелі лауазымдар мен атаққа ие болады. Мәселен, Қырымнан шыққан Варданнос Түркос Анатолияның қызметінде жүргенде өз ағайындарының шенін өсіруге императордың әйелдері де жағдай тудырып отырған. Әулет пен әулет өкілдерінің некелесу дәстүрі түркі халықтарында ежелден бар. Үйсіннің ханы (гуньмо) Қытай императорының (ІІІ ғасыр) қызына үйленгені мәлім. Мұндай дәрежеге кез келген түркі әміршісі жете бермейді. Жоғарғы билікті армандаған Сыби-хан 630 жылы Қытай императорының қызына құда түседі. 618 жылы Гунн - шеху қаған Орта Азия көсемдерінің тізесін бүктірісімен - ақ ең мықты деген Самарқан әміршісі өзінің қызын береді. Дипломатиялық некелесулер матриархай идеологиясының жарқын көрінісі ретінде ұзақ уақыт қандық туыстықтан-мұрагер ұл әкелуге, таққа отыратын бала әкелуге мұрындық болды.
Түркілер қоғамында әйел кең хұқыққа ие болып ел мен мемлекетті басқарып, белсене араласқан. Тек кейін арабтар әкелген ислам діні Орта Азиядағы осындай қалыптасқан әулеттік некелесу дәстүрін бұзды. Мұсылман діні қыздарын кәпірлерге қосуға қарсы болды. Әйел кейіннен жеңілген жақтың сауда-саттығына айналып, гаремнің қажетін өтеді. Гаремде жұмыс жасаған әйелдің тегіне, дініне саяси мән берілмеді тек қана тірі товар есебінде болды. Мысалы, ХІХ ғ. Трапезунд (Византияның Кіші Азиядағы иелігі) бетке ұстары сұлу қыздарын таратып, құтылып отырды. Трапездың аса қауіпті қоңсысы түрікпеннің Аққойынды мемлекетінің басшысы Тұрқали-би 1351 жылы жас император Алексей ІІІ Коминнің қарындасы Марияға үйленеді. Императордың екінші қарындасы Феодора 1358 жылы Халбин аймағының әміршісі Хаджи-Омар да қосылады. ІІІ Алексейдің бір қызы Хаджи-Омардың ұлы Сүлеймен биге, енді біреуі Әрзерумның әмірі Тажи-Әддинге, төртіншісі Тұралы Қара-Юлуктың немересіне тұрмысқа шығады... Сөйтіп Трапаезунд кәнизактарының арқасында дәуірлей берген. Грузияны арабтар мен сельжуктар жаулап алғанда Грузин патшасы Дәуіт ІV 1124 жылы қыпшақтың ханы Артықа құда түсіп, қызына қолқа салады. Орыс шежірелері Артықты-Отрок, ал грузиндер - Атрах дейді. Бұл оқиға әңгіме Майковтың «Ешман» толғауына арқау болған. Артықты грузиндер шежіресі Турандохта деген атпен біледі. Яғни, Турандық қыз, ия «Тұран қызы» деген сөз. Парсы және Кавказ жазба ескерткіштерінде «туран» деп түркілер мекендеген өңірді, әсіресе Орта Азияны атаған. Сөйтіп, ХІІ ғасырда Грузия мен Арменияны құтқарып қалған қыз Қанжахтың туған қарындасы болып табылады. Византия мен хазарлар қалай одақтасса, Русьтер мен далалықтар солай табысып жатты. Бір айырмашылық Русь меншікті және кінәздыққа бөлініп бытырап жатты. Бытыраған орыс кінәздары далалыққа бағынышты болды. Бұған кінәздардың әлеуметтік некелік қатынасы толық дәлел бола алады. Орыс кінәзіне қызын ұзатқан ру туыстасып, оған қарсы шабуыл жасамаған. Ұлыстық кінәздар түркілік қыздарға үйлену арқылы, даланы билеп төстеп отырған қағандармен одақтасып отырған, жәйі келе үйреніп, құда болуға тырысқан, өздерінің иелік етіп отырған жерлерін кеңейткен. Сөйтіп, бірте - бірте ішкі түрік жеріне ептеп кіріп отырған. Некелік ұзақ жылдарға созылған, әскери одақтың белгісі болды. «Күйеу бала» да ағайыншылық дәстүрді сақтаған, қадірлеген. Төркіндер, демек, әйел тарапынан қайындасатын ағайын-туысқан, түркі халықтарының ерекше сый-сияпатына ие болған. Түрік халқы «Күйеу баласын да пайғамбар сыйлаған» -дегендей қағиданы берік ұстаған, қызының баласын жиендерін аса құрметтеген оларда нағашы жұрт есебінде қарымта қайтарған. Қыз баласын қызғыштай әспеттеген. Өзі де кең пейіл түркі елі қолы ашық барын аямаған. Бұл турасында Лев Гумилев: «Түріктер хандық құрып, шексіз ақыл мен даналықтың иесі болған.
Афрасиабтың мақал-мәтелдерінің ішінде мынадай біреуі бар екен: «Түрік шанақ ішіндегі теңіз маржаны сияқты, өз жайында жатқанда, ол тіпті құнсыз нәрсе, бірақ ол теңіз шанағынан шықса болғаны, баға құны артып, патша тәждары мен қалыңдықтың мойны мен құлағының әшекей-көркі болып шыға келеді» - дейді1 (И. Умняков. Фахреддин тарихы... 10-бет). Қыздың ата-жұрты төркіні (торкины) осы сөздің түбіріне көңіл аударсақ, «төр» жоғарғы орын түркілерде ең қастерлі орын есебінде жүрген. Төркін жоғарғы елдің, қасиетті елдің деген сөздің баламасы есебінде жүрген. Төркін дегендегі -кін қосымшасы ежелден бар. Мысалы, келгін, барғын, өткін, сұрағын, жүргін, сүргін, т.б. бұл сөздер эпостық жырларда да кездеседі. Демек, ІІ жақтың шақтық мәнінде жұмсалған. Бұл сөз бірінші рет орыстың «Повести временных лет» - деген ескерткішінде ұшырасады. Онда Владимир Святославич өз ағасы Добрынеймен волжалық бұлғарларға аттанғанда еске алады: «А торки берегом приведе на конихь» - деп жазбаға түскен. Жалпы түркілер Киев мемлекетінің жеріне берік орын теуіп, қоныстанғанға ұқсайды. Орайы келгенде айта кетейік: «Галицко - волынская летописінде» «От него радившюся Концаку, иже снесе Сулу...»1 - деген сөйлемдегі «Сұлу» түрік сөзі кездеседі. Орыс ғалымдары русь, руский - деген терминдерді Киев жерімен байланыстырады. ХХ ғ. дейін нормандық идеяны қолданып келген ғалымдар Русь деген терминнің сырттан келгендігін жасырмайды. «... и Русь считали названием одного из шведских или скандинавских племен». Немесе, «Русскими назывались якобы завоеватели Новогородской земли-варяги, и они передали это название киевской земле и всей стране, всему народу» - деп жазды2. Немесе «У Сильвестра была определенная задача - доказать, что русская церковь-наследница Византии» - дейді3. Өздерінің бұл жердің иесі еместігін жобалап болсын айтып өтеді. Бірақ, Византия мен Хазарлар, түрік-сельжуктардың есімдері неге тарих бетіне қайта-қайта шыға беретініне мән бергілері де келмиді. Соғыстың нәтижесінде аннан қашқан, мыннан қашқандар «ХІІІ «бродники» аталған, орыс көшпенділерінің Плоскиня есімді көсемі болған» - дейді4. Кейіннен бұлар казактар - деп атала бастады.
Біздің мақсатымыз орыс жылнамаларының тілін зерттеу емес. Дегенмен, жұмысқа қатысы бар мәселе болған соң жазып отырмыз. А. Мещерский «Слова, пришедшие из тюркских языков, попадали в древнерусский язык преимущественно изустным путем, но иногда отражались и в письменных памятниках собственно литературного жанра. Так, например, особенно заметен этот лексический пласт заимствований в «Слове о полку Игореве» встречаются слова тюрского происхождения и в летописях. Слова тюркского происхождения в древнейший период заимствовались русскими из языков многочисленных народностей, последовательно сменявших друг - друга в качестве ближайших соседей восточного славянства с юга востока. В начале это были Хазары /до конца Х в./, затем Печенги /до середины ХІ в./, с 1068 г. Главным враждебным соседом Руси со стороны Причерноморья становятся половцы /куманы/, завоеванные в 1237-1240 г.г. татаро-монголами. Поскольку последние, в конечном счете, подчинили себе всех своих предшественников и господствовали над Русью в течение двух с половиной столетий, поскольку большинство тюркизмов в современном русском языке принято считать заимствованиями из татарского. Однако это неверно, так как первая фиксация многих слов подобного рода относится ко времени задолго до татаро-монгольского нашествия, например, слова лошадь /тюрк. алаша-ат/ читается в «Повести временных лет» под ІІІІ г. По значению заимствования из тюрских языков обычно являются названиями предметов вооружения, одежды, других предметов быта, а также обозначают титулы и звания тюрских правителей. В древнейшую эпоху уже были зафиксированы следующие слова тюрского происхождения: сабля /«Начальная летопись» и «Слово о полку Игореве»/, японча `покрывало`. /«Слово о полку Игореве» в форме япончица/, кочань, `титул хазарского правителя, затем после разгрома Хазарского Каганата ставший одним из титулов киевских князей` /«Слово о Законе и Благодатие», «Слово о полку Игореве», а также надписи - граффити на стенах Софийского собора в Киеве/, сокращенная форма того же титула-хан, кощей /тюрк. кошчи/, `невольник, пленник` /«Слово о полку Игореве»/, чача, `рабыня`. /«Слово о полку Игореве»/. Заметим, что слово кощей /пленник/ переосмыслилось по сходству с исконно славянским прилагательным кощнь /от кость/, `костлявый худой`, что вполне естественно, так как половецкие пленники, конечно, не могли быть особенно упитанными. Отсюда сказочный образ злого старика кощея бессмертного, который «над златом чахнет»1. А.И. Горшков та кощей /раб/ деп түсінік берген (81 стр). Бірақ, кощей /қосшы/ /көш ей/ түрік сөзі, олар айтқандай кощей /пленник/ кощнь /от кость/ бір емес. Оның үстіне түрік тұтқыны осы сүйек сияқты // арықтығын айтқан ғой. О.Сулейменов: «Мәңгі жасайтын Кеще /Кощей Бессмертный/ - зұлымдықты, ешқашан толастамайтын дала тұрғындарының бітімсіз шабуылын бейнелейді» - дейді2. Біз бұған толықтай келісеміз.
Сол сияқты «кочевник» /диалектілік түрі - «кощевник» атауының кощ /коч/ деген түбірі бар» - деген сөздің де жаны бар. Бұл туралы О.Сулейменовтің кітабынан3 оқып танысуға болады. Әлеуметтік неке дәстүрі түрік-славян халықтарының тіл қатынасына әкелді. «Без преувлечение можно сказать, что почти все влиятельные княжеские рода в Киевской Руси состояли в кровном родстве со Степью»4 - деп жазды О. Сулейменов өзінің кітабында.
Сондықтан тілдік қарым - қатынас, туыстық қарым - қатынастан барып шығады. Және ежелден етене араласқан елдің ғана тілі бір - біріне ауысып жатады да, біріне-бірі сіңіп сол елдің төл сөзі есебінде қабылданады. Туыстық дегеннен шығады, өзіміз сөз қылып отырған «Жырдың» кейіпкерлері Ольговичтердің рулық шежіресі де өте қызық. Мысалы, Тугра-ханның қызына үйленген Олег Чернигов кінәзі дәрежесіне көтеріледі. Бұлардың баласы Святослав әкесі сияқты түрік қағаны Аспаның қызын алып «Киевтің ұлы кінәзі» атанады. Святославтың ұлдары Игорь мен Всеволодтың тамырлары қыпшақ қанымен толықты. Ал, Игорьдің баласы Владимир тұтқында болғанда Қонжықтың қызымен әуей болып, үйленіп алады. В.А. Порхоменко. Проблемы источниковедения. М-Л., 1940, т. ІІІ (391- бет) жазған мақаласында: «тіпті орыс жері үшін азап шегуші» даңқты Владимир Мономах өзінің екі ұлын – Юрийді 1107 жылы және Андрейді 1117 жылы қыпшақ қыздарына үйлендіреді. Бұл жерде нәсілдік немесе мәдени қарама-қайшылық туралы сөз қозғау артық болар. Сірә, Русьтің де, қыпшақтардың да ең мәртебелі адамдары өзара ортақ мүдделесудің нәтижесінде бір-біріне жақындаса түскен болуы керек» - дейді. 1107 жылы жазылған шежіреде: «Иде Владимир и Давид «Олег и Алпс и другому Аспе и створише мир, и поя Владимиру за Юргя Аспину дщерь, Осеневу внуку, а Олег поя за сына Аспину дщерь, Гиргеневу внуку, месяца января 12 день» - деген екен. Осындай құдандалық саяси бас қосуға әкелді, әскери одақ құруға ортақ жауға бірлесіп шығуға еріксіз итермелейді. Кінәздер өзара қырқысып жатты. Оларға араша түсуге далалық құдалары жүрді. Түріктер уәдеге берік тұрды, сондықтан бұндай құдандалық бейбітшілік пен көмек кепілі болды. Түркілер асқақ болды. Сондықтан славяндар олармен туыстасуға ұмтылды. С.М. Соловьев «История России» - деген еңбегінде. - Москва, 1960, т. 1, - 347-379 беттерде былай жазды: Қыпшақ жасақтарын өздеріне көмектесу үшін Владимир Мономах орыс жеріне 19 рет, ал барлық Ольговичтер (атасы мен немересін қосқанда) 15 рет алып келді дейді. Дегенмен, тарихи мәліметтердің бір-ақ қайнар көзі бар, ол - тіл, ол өткен дәуірдің ең сенімді шежіресі болып табылады.
Орыс әдебиетінде ХІІ, ХІІІ, ХІV ғасырларда түркі елдерінің сөздерінің енгенін байқауға болады. Сол сияқты қазақ тіліне де орыс, араб, иран-парсы, монғол т.б. елдерден де сөз тасқыны толассыз еніп жатты. Орыс тіліне ХІІІ ғасырларда «... кумыз (напиток из кобыльего молока): «пьешь ли ты кобылии кумыз?» - «Ипатьевская летопись» под 1250 п; тамга (вид подати) –Грамота Менгу Темира 1267 г., ямь (ямская гоньба) -там же, баскакь (сборщик дани) -там же, дорога (татарский чиновник) – там же. ХІV ғасырда «улусь (кочевое поселение) - Ярлык Узбека 1315г., карауль (пограничное сторожевое поселение) – Грамота метрополита Алаксия 1356 г., капторга (металлическое украшение у пояса) – Духовная Ивана Калиты 1327-1328 г.г., ден/ь/га (монетная единица) Договорная грамота 1381г., алтын (монета в 6 денег, от татарск» алты` шесть`/, алачюга (лачуга)-«Новогородская летопись» под 1379 г. и др. К ХV в. может быть отнесена письменная фиксация следующих татарских заимствований: башмакь- «Софийский временник» под 1447 г., аргамакъ /дорогая лошадь/ - там же, катуна /татарская женщина/ - «Софийский временник» под 1446 г. Много заимствований: из тюркских языков и даже целые фразы на восточных языках находим в «Хождении за три моря» Афанасия Никитина (1466-1472 г.г.) - деп жазды Н.А.Мещерский1. Сөйте тұра түркі тілдерінен сөздер өте аз кірді оның өзі киім-кешек атулары ғана дейді. Ал, бұл аталған сөздерді Н.А.Мещерский өзі термеген мысалдарын: неміс-татар сөздерін 13-15 ғ.ғ. Богородинцкий В.А. «Общий курс русской грамматики», гл. ХVI, с. 345-347, 351-352 еңбегінен алған. Богородинцкий сөздәйектемесін – Серезневский И.И. «Материалы для словаря древнерусского языка. Т.-1-3. СПб., 1893-1912 жылғы еңбегіне сүйенген. Б.А.Ларин: «Особенно значительным является пласт, заимствованный из восточных иранских, тюрксикх, кавказских языков. Тюркского происхождения слова аманать - `заложник, пленник`, алтынь, лачуга /более древнее/алачуга/, камка - `шелковая цветная ткань с узором`, тамга - `клеймо` ткань`, зарба - `одежда`, охабень - `кафтан`, кумгань - `металлический кувшин с носиком` и.т.д., деп тағы да бірен-саран сөздермен тоқталады2.
Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілді сөздер, әрбір тілдің лексикасында да бар. Сөздік құрамы ауыспаған, толықпаған, басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Түбі тілдердің шығу тегі бір. Жылдар өте келе бөлініп, тармақталған. Дүние жүзінде түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір-бірімен қарым-қатынаста болады да бір-біріне сөз ауысқан. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз и я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты. Фарсы тілінің лексикасында араб тілінен енген көптеген сөздер бар. Ал ағылшын тілінің лексикасынан роман /Роман тілдері/ романские языки/ дегендегі «роман» деген атау латынның Roma сөзінен жасалған. Латындар Рим және римляндықтарды /қазіргі италияндар/ Roma деп атаған. Тілдердің роман тобына: француз, итальян, португаль, румын, латын /өлі тіл/ т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі лексикасында ағылшындық төл сөздер 30 пайыз шамасында ғана, ал өзгелері басқа тілдерден енген1.
Бұлғар тілінен де түрік тіліне енген сөздер көп. Не керісінше енген сөздерді де ұшыратуға болады. Бұлғарлар мен түріктер «Түрік тілдерінің батыс-хун бұтағына2 жатады. Демек, өздерінің шығу туу жағынан екі тіл бөтен тіл болмаған. Жалпы түрік тілдерінің шығыс хун бұтағы бір-бірімен тығыз байланысып барып, үндіевропа тілдерімен тоғысып жатты бұған мыңдаған жылдар керек болды. Есте жоқ ескі заманда тілдердің шығу арналары бір болған. Н.К.Дмитриев: «Болгар сөздігі мен тілінің қалыптасып жасалуында түрік тілінің атқарған қызметі роман тілдері элементтерінің ағылшын тілінің жасалуында атқарған қызметінен кем емес» - деп, жазды. Кеңестер дәуірі кезінде орыс тілі дерлік түрік халықтарының тіліне енді десек артық айтпаған болар едік. Атап айтсақ: ұйғыр, тува, тофалар, татарлар, башқұрттар, қарайым, қараша-балқарлар, құмық, шор, қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз т.б.
Мысалы, зерттеушілер орыс тілі лексикасындағы мына сөздер шығу төркіні жағынан түркі тілдерінің сөздері деп есептейді: арба, арбуз, аргамак, арык, алтын, аршин, бай, баклажан, балык, барыш, башмак, беркут, буран, барсук, басмаш, вьюк, деньги, изюм, ишак, кабан, каракуль, кинжал, кишлак, кумыс, камыш, каторга, капкан, кендирь, кочевать, курган, курдюк, лошадь, отара, сабан, сазан, саксаул, саман, тесьма, тулуп, туман, табун, тау-сагыз, урюк, утюг, чабан, чекмень, шаровары, янычары т.б. Н.К. Дмитриев және Д.Н.Ушаковтың пікірлеріне орай алынды. Қараңыз К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, Алматы: «Санат», 1993. – 153 бет.
Ал, орыс тілінің өзіне тек қана түрік сөздері еніп қана қойған жоқ. Көне Грек сөздері де: ареопог, архонт, плот, акрополь, амфора, сатир, нектар, амброзия; Рим сөздері: патриции, плеби, консул, триумви, вират, форум, сенат, легион, когорта, пенаты, календы, сатурналии, фавн, вакханка1, А.А. Шахматов орыстар мен Византия - бұлғар байланысы нәтижесінде мына сөздердің пайда болғанын көрсетеді: парус, пардус, уксус, кровать, полаты, терем, коромысло, баня немесе, враг, вред, срам /стром/ благой, средство, нрав, храм, главный, время, преже, допреже ХІ ғасырда қабылданғанын айтады. Бұл мысалдар Б.А. Лариннің еңбегінен жазып алынды2. А.Н. Гвоздев: кей сөздер: сюзерен, вассал, рыцарь, паладин, колоны, трубадур, миннезингер, командор, оруженосец, копьеносец, ландскнехт, корсар, корвет, аркебуза, мушкетер, т.б. орта ғасырдың сипатын көрсететінін айтуға болар еді. Ең ертедегі кірме сөздер мынандай жазба ескерткіштерде сақталған: пискупь /католический епископ/ - Смоленская грамота 1229 г; провсть /нем. Probst.. – высшее церковное звание/-там же; фоготь /нем. Yogt -судья/ -там же; мастерь/ в значении главо рыцарского ордена – латинск . magister. /- Смоленска грамота после 1230 г. К середине ХIII в, отнесены следующие заимствования: рат (в) манъ /член совета города Риги /- Полоцкая грамота 1264; рыторь /рыцарь/ - «Новгородская летопись» под 1242 г; скорлать или скарлать (название дорогой ткани) - Грамота Владислава 1288 г.; Грамота Рижская 1300 г.; гърцикъ или герьцюк (герцок) - «Ипатьевская летопись» под 1235 и 1258 г.г.
В ХIV в зафиксированы такие заимствования из немецкого: бархать «Путевые записки Игнатия», 1392 г.: шида /шелковая ткань нем. Seide/- том же; буркгимисторь – Грамота Витебская 1399 г., грошь – Галическая грамота 1351 г., /насилие/- Грамота Витовта 1388 г. фальшивый / поддельный/- там же., фунть / мера веса/- там же.; В ХV в –бунть / нем. Винd-союз/., балка / бревно/., мушкатовый /цвет/- «Привилей мъету Менскому» 1499 г1.
Россия жерінде «Петрлік дәуір» - деген атпен қалған кезеңде көптеген сөздер енді. Бұл турасында Е.Г. Кавалевская: «Следует отметить при этом, что тексты петровского времени черезмерно насыщены иноязычной лексикой» - деп жазды2. Соның ішінде: ария, балет, кабинет, концерт, камердинер, комплимент, театр, тұрмыстық лексика: /алебастр/-греч. Alebasters, лат. Alebaster; апартамент-польск. Apartament франц. appartment; бал-франц. Bal; банкет-франц. Bangket, баул-итал. Baule билет-франц. Billet; бисквит-франц. biscvit, бокал-франц. bokal, нем. Pokal от лат. Pokulum, бриллиант – франц. driliant, brillant, галантеря-франц. Galanterie, галстук/галстух, галштук, галзук/-нем. Halstuch, инструмент-лат. instrumentum нем. Instrument, франц. Instrument, кабинет/габинет/- франц. Gabinet, итальянск gabinette, камзол-франц. Camisole, kahane (каканея)-франц. Canape, квартира –франц. Gwartier, Ouartier от лат.guartarius, конфета/конфет, конфект/-итал.confette, konfekt из лат. Konfektum, кофе/кафе/ - франц. Café, итал. Caffe, нем.Koffee Kaffe из арабск. Rahva /ливрея - франц. Livree, магазин-франц. magasin, итал. magazzino, манжеты/маншеты/-франц. manchette, пакет-франц. paguet, нем. Paket, парик/перюк/ - франц. Perrugue, помада-франц. Pommade, презент-франц. Present, шоколад, шлафрок-нем. Sehlafrock1.
1 Украина: запорожцы, гетман, кошевой атаман, батько, жинка, парубок, кобзарь, чумак, бандура, чай, левада, гребля, барвинок*.
2 Кавказ: джигит, абрек, кунак, уздень, хаджи, аул, сакля, арба, чинара.
3 Англия: мистер, миссис, мисс, джентльмен, леди, милорд, лидер, билль, палата, общин, гинея, шиллинг, фунт стрелингов, спич, бридж, коттедж.
4 Италия: синьор, синьора, чичероне, гондола, тарантелла, корнавал, полишинель, арлекин.
5 Испания: дон, донна, тореадор, пикадор, гитана, мантилья, костаньеты, качуча, гверилья.
6 Китай: кули, мандарин, богдыхан, пагода, джонка.
7 Турция: /Восток/: султан, визирь, янычари, башибузук, гяур, аллах, коран, мечеть, минарет, муэдзин.
8 Япония: самурай, гейша, тайфун2.
Мұның ішінде автор кей сөздерді ажырата алмағандығы көрінеді. Мысалы, джигит-жігіт, құнақ-кунақ, араб сөзі қажы, ауыл-ауыл, араб сөзі: аллах-алла, коран-құран, мечеть-мешіт, Богдыхан-Бөгдехан; қазақ тілінде бөгде - деген сөз бар. т.б.
Ғалымдар қазақ тілінің сөздік құрамына күншығыс елдерінің тілдерінен ауысып келген сөздерді үш салаға бөліп қарайды:
а) Араб – Иран тілдерінен енген сөздер.
б) Моңғол тілдерінен енген сөздер
в) Моңғол және түрік тілдеріне ортақ сөздер3.
Араб-иран тілдерінен қазақ тіліне ауысқан ортақ лексика я сол тілдердің тікелей қарым-қатынасының әсерінен немесе Орта Азия халықтарының, оның ішінде, әсіресе тәжік, өзбек тілдері арқылы ауысқан. Қазақ тіліне араб-иран сөздері, көбінесе орта ғасыр тұсында Орта Азия ғылымының, мәдениетінің көтерілуіне байланысты сол елдің атақты классиктерінің шығармалары арқылы енген ХI ғасырдағы Махмут Қашкари сөздігінде көне түрік сөздері қамтылған. Ол: «Сол себепті түрік тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді. Түрік, түркімен, оғыз, жігіл, яғма, қырқыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым» - дейді1. Сондай-ақ, көне түрік тілдеріне араб-иран сөздерінің енуіне, ескі араб жазуы да жағдай туғызған. Бұл кездерде қазақ даласында түркі тілдеріндегі түрлі тілдерді қолданған Ұйғыр тілдері 24 әріптен тұратын жазуды пайдаланған. Олардың өзара сөйлейтін тағы бір тілдік тәсілі де болған. Сахара, қыр халықтарынан шыққан жомұлдардың тілдері де өз алдына жеке тіл болған. Қай, ябақұ, татар, басмыл ұсақ тайпалардың да тілдері бар. Бірақ, олар түркі тілін ертеден білген. Бұлардың ішінде Қырқыз, қыпшақ, оғыз, тохсиф, чігіл, оғрақ, жарұқ тайпалары тек түрік тілімен ғана сөйлеген. Махмұт Қашқари: «Рұм өлкесінің жаңындағы бұлғар, суер, бажанақтардың тілдеріндегі сөздердің соңы ықшамдалған. Түрікшенің бір түрі» - дейді2. Олай болса, бұлғар (Болгар) тілі түрікше болып, содан бері орыс елдеріне түркі тілі барынша сіңіп, орыстанып кететіні заңдылық болса керек.
Ахмет Байтұрсынов: «Түркі жұртының 90 пайызы баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келді» - дегеніндей3 араб-парсы сөздері тілімізге дендеп еніп, әдет-ғұрып, салт-санамыздан берік орын алып, кейбірі төл сөз есебінде болып кетті. (Пайыз-деп жазып отырған-автор). М. Қашқари парсы тілінің енуіне қарсы болды4. Бірақ, заман ағымына байланысты араб - парсы тілі өзінің дегеніне жетті.
Кірме сөздерді Х. Досмұхаметов «жат сөздер» - деп атаған да мынандай сөздерден мысал келтірген: қала, молда, шілде, амал, айып, әділ, әлім, илаж, өмір, ар, құрбан, әкім, аспан, дұспан, заңғар, құн, береке, патса, дастарқан, сабын, бедек, Асан, Үсен, Сәмеке, Шайбақ, Сидақ, Мәмбет, Мәделі, әзіл, масқара, дәулет, апат, есеп, шынжыр, несібе, серт, әсет, ақырап, жеді, дүйсенбі1.
Сол сияқты Х.Досмұхамедұлы «Тілімізге жат сөздер екі жақтан кіріп жатыр. Бірі - араб сөзі, парсы сөздері, ордаға оқығандар арқылы» - деп, жат сөздердің көптен енуіне қарсы болды2. Сол сияқты қазақ тілінің сингармонизм заңына байланысты өзгерген сөздерді атап өтеді. Мысалы, Мәделі деген сөз Махмудали дегеннен, бейсенбі деген деген сөз пажшанбе дегеннен, Абдолла деген сөз Ғабдолла деген сөздерден шыққандығын көрсетеді3. Ал, «жапатармағай» деген сөз арабтың (жамхан - туран - мағжан бәрі бірге ұмытылу) деген мағынаны білдіреді де бірнеше жай сөздің бірігуінен жасалған қазақ сингармонизміне бейімделген сөз екендігін жазады4. Л.З.Рустемов араб - парсы сөздерінің қазақ тіліне ену кезендерін шартты түрде екіге бөледі. а) ХV ғасырға дейін ә) ХV ғасырдан бастап. Ұлы Октябрь Социалистік революциясына дейінгі кезең (79-80 беттер)5. Бұл орайда кітабында келтірген 10237 сөзі бар текстегі (мәтіндегі - автор) араб-парсы сөздерінің саны 1517. яғни 14,9 (пайыз-автор) екенін көрсетеді6. Араб-парсы сөздеріне қатысты Н.Оңдасыновтың «Арабша - қазақша сөздігін» де атап өткен орынды деп есептейміз. Осындай құнды еңбек тілдің тарихи кезеңін жүру барысында көрсететін бірден - бір дерек көзі болып табылады. Араб-парсы сөздерінің қазақ тілі заңдылығына бейімделіп, бейімделмей-ақ сіңіп, еніп кеткендігі соншалықты қазірлер арнаулы сөздіксіз ажырату мүмкін болмай қалды.
Проф. М.Балақаев та араб-парсы кірме сөздері жайында айта келіп, мынандай мысалдар келтіреді: хал / حال /, хал-ахуал, хал-жай, халың қалай, халық / خَلح / халықтар, халықтың, халықаралық, сабын /.صابون. / сабындау, сабынға, базар / بازار / базарлық, базарға, базаршылық, орамал / اورامال /, орамалдық, оралмаған т.б.1
Қазақ тіліндегі антропонимикалар араб тілінен енгендігін байқаймыз. Мысалы, Әбдулла, Ғабдулла, Ғабдүлкәрім, Ғабдырахман, Әбдүлманан, Әбдіжаһпар, Ғарифулла, Файзрахман, Камалитдин, Шамситдин, Ақмет /Әхмат/, Лұхаммат, Мұқамбет, Мұқанбетжан, Махамбет, Мамыт, Махмұт, Садық, Сәбира, Әсия, Зылиха, Әмина, Фатима, Хадиша, /Қадиша/, Фатима, Ғалия /Әлия/, Ләйлә, Камария т.б. Парсы тіліне: Рүстем, Бану, Раушан, Гүлнара, Нияз, Гүлзада, Факизат, Гүлжаһан, Аспандияр, Жәңгір, Жиренше т.б.
Ортағасырлық түркі жазба ескерткішінің үлгісі болып саналатын Қадырғали би Қасымұлының «Жамиат - тауарих» атты еңбегі (1602 жылы аяқталған). Бұл ескерткіштің тілінің сөздік құрамын түрік, моңғол, араб, парсы, қытай сөздері құрайды. Зерттеуді З.А.Хисамиева дастанның сөздік құрамының 58 пайзы (бұдан былай да пайыз деп жазамыз - автор) түрік, 28 пайзы араб, 13 пайзы парсы, 1 пайзы моңғол және басқа тілдердің сөздері екендігін жазады. Шежіренің лексикасында: араб, сөздері: ахуал, афсус, ниһайат, ақл, имарат, хамила,, хисса, нафар, хисм, аксар, даулат, асл, илтифат, ихлас, ишарат, повар, файда, мадх, мани, рәсім, мурад, дин, рахм, адат, хақ, хуким, аууал, батн, ғайат, ғариб, ба зи, мақбұл, мафсил, мәшһүр, ма табар, ма руф, миссал, ғайри, азим, т.б.
Парсы сөздері: надан, намус, рәнж, арзу, гуман, гунаһ, пак, пакиза, пәри, худай, панаһ, лафз, нәсіл, фарзанд т.б.
Монғол сөздерінен: түркі-монғол мағынасында кездесетін, хан, хатун, олжа, орда, улус, чериг, қарачу, баһадүр, охтача, нойан, гүрген, отчингин, тегин, нүкер, қуа, еке, мерген, сечен, йеке, онда, т.б. Бұл сөздердің ішінде түркі сөздері де кездеседі. Үндіеуропалық тілдерден екі-ақ сөз (этонимдер мен жалқы есімдерді қоспағанда кездеседі). Олар керәл (корольдық, королевство), улкерестин (хрестиан)1. Осы орайда: «Көшпелі елге жазу - сызу оңайлықпен тарамады. Жазба әдебиет жоқтық бізді сақтады» - деп жазды Х. Досмұхамедұлы. Бұл негізінен дұрыс пікір еді. Расында да, отырықшы елге басқа елдің дінін де, оқуды да тез сіңіруге болар еді. Қазірдің өзінде қазақстанда түрлі дін ағамдары қаптап кетті. Ақын - жырау поэзияларының таза күйінде жетуінің бір себебі осында жатыр.
М.Балақаев: «Қазақ тіліне араб-парсы тілдерінен сөз алу процесі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, оңтүстік аймақтардың Қоқан хандығына бағынып тұрған кезінде күшейе түсті де, ХХ ғасырдың басында ол процесс тоқталды» - дейді2.
Бұл арада Иран тілдеріне де түрік сөздерінің ауысқанын айтқан жөн: ата, аталық, адырна, орда, ақша, елші, адас, ұлы, құрылтай, бұлдырық (бүлдіршін), қылыш, қонақ, бұғау, ту, темір, шабар (шабарман), сорпа, садақ, тоқпақ, қаймақ, құл, қыйғаш, ұлұс, ел, жылқы, олжа, өлек, өлекпін, қаз, қарға, қарақұс, сұңқар, төре, төрелік, қызыл, қылшық, қалпақ, қамшы, қу (тамызық), қосын, қарауыл, қарақшы, қайың, арыстан, аю3. Бұдан шығатын қорытынды бір тілден, екінші тілге сөз ауысу тек қана бір жақты ғана болмай, әр жақты болғанын да көреміз. Араб-парсы сөздері қазақ еліне енгенімен, грамматикалық тұлғалары өзгеріп, қазақтық тіл ерекшеліктеріне бейімделіп, қазақи сөздерге де айналып кетті.
Мысалы, бұқара (фухараһу), пікір (фикир), әкім (һаким), үкім (һүкүм), мекеме (маһкеме), тарих (тариһ), құрмет (хүрмет), қызметкер (һизматкар), хана (кітапхана // һанекутупһане), әрекет (һаракат), мақта (пахта), жүзім (йүзүм), еш (һеш), әр (һәр), хүрмет (үрмет), хажет (әжет), хатер (қатер), хәзірет (әзірет), хдис (хәдіс), Орымбет (Ор - мәмбет), көрек (көрен), т.б.
Араб - парсы сөздері ХV-ХІІІ ғасырдың тіпті, ХІХ-ХХ ғасыр ақын-жыраулардың сөйлеу тілінде де молынан кездеседі. Оның бір себебі сол кездегі ақын-жыраулардың араб-парсы сөздерін төл сөз есебінде қабылдауында. Ал, кейбір мұсылманша хат таныған ақын-жыраулар дүниелік сөздерді орынды пайдалана білген. Р. Сыздықова: «Олардың бір тобын бұрынғысынша, дерексіз ұғымдарды білдіретін, халық тіліне сіңген сөздер құраса, келесі тобын ислам дініне қатысты ұғымдар мен дін иелерінің аттары құрайды. Одан қалды, бұл қатарда мәдени-рухани дүниеге қатысты бар сөздер тұрады» - деп, нақтылы дұрысын жазды1. Шынында да, қазақ дүниесі кез-келген сөздерді қабылдай бермеген, қажетіне қарай, қазақтық айту ерекшеліктеріне қарай, бейімделген сөздер ғана кіріп үлгерген. Кісі аттары еліктеуден барып еніп кетсе, кей сөздер үшінші, төртінші мемлекеттер арқылы кіріп кетті.
Мәселе, тіл туралы айтылып отырған соң, мына жағдайды аттап кете алмаймыз. Қазақ - монғол сөздерінің ұқсастығы, шығу тегі жөнінде көптеген талас-пікірлер болып жатыр. Қазіргі Қазақстан мен Монғолия территориясын осыдан 200000 - 400000 жылдар бұрын адам баласы мекендегенін зерттеулер дәлелдеп отыр2. Б.з.б. ІІІ мың жылдықтан бастап Орта Азияда өмір сүрген көп тайпаларды Қытай жылнамаларында «жүн» - дер деп белгілеп, б.з.б. ХV ғасырдан «жүн» - дердің батыс бөлігін «батыс жүн», шығыс бөлігін «ди» деп атап «ди»-лерді «қызыл ди», «ақ ди», «солтүстік ди» - деп айтқан3. Ежелгі юанан (грек), парсы деректерінде б.з.б. V ғасырда Қазақстан және Орта Азияда өмір сүрген тайпаларды «сақтар» - деп атаған4.
Б.з.б. V - IV ғасырда Қазақстанның шығыс территориясын мекендеген «жүн»-дердің бір бөлігі-көшпелі тайпаларды қытай жылнамаларында «ху» деп оны «мин» «ху» (батыс ху), «дун ху» (шығыс ху) - деп атайды екен1. Б.з.б. IV ғасырында үлкен мемлекет-империя құрып «ху» тайпаларынан Орта Азияда із қалдырғандар «хун»-дар2 біздің заманымыздың IV ғасырына дейін дәуірлеген. Хундар Орталық Азиядан Батыс Еуропаға дейін кең атыраптағы түркі, моңғол, тұңғұс, манжорды түгелдей билеген3. Осы Хундар дегеніміз кім? Қай тілде сөйлеген? Тіл ғылымын зерттеушілер тілдердің генеалогиялық классификациясы салыстырмалы - тарихи тіл ғылымының деректері мен жетістіктеріне сүйеніп, дүние жүзіндегі тілдерді шығу тегі, материалдық туыстығына қарай, тілдік семьяға, топтарға бөлген4. Сол семьялардың бірі - Алтай текті жалғамалы тілдер дейді де, бұған: түрік, монғол, тұнғұс, манжор, фин тілдерін жатқызады.
Бірақ, түркі - монғол тілін зерттеушілер: бұлар туыс тілдер ме, туыс болса алыс туыс па, жақын туыс па дегенге келгенде біраз таластар туғызады. Хундардың шығу тегін, тілін зерттеушілер: хун тілі түркі, монғол, фин тектес екендігін айтады5. Кейбір ғалымдар: түркі, монғол, тұнғұс, манжор тектес - дейді6. А.М. Щербак Алтай тіліндегі ұқсастықтар генетикалық тустығына байланысты емес, ұсақ мерзімді қарым-қатынастың негізінде пайда болған десе7, В.А. Котвич, Л.Лигети, Дж. Клоусон т.б. алтаистер Алтай тіліндегі ұқсастық - типологиялық ұқсастық десе, Санжиев, Дерферлер бұл тілдердің туыстас тілдер еместігін жазады8.
Бұл тілдердің туыстығы алыста. Түркі - монғол тілдері жағынан туысады1. Монғол тілі түрік тіліне ең жақын тіл2. Алғаш рет, Швед ғалымы И. Оффраленберг 1730 жылы түркі-монғол тілдері туыстас тілдер деп жазған3. Б.Я. Владимирцов, Е.Д. Поливанев, Н.Н. Поппе, Г.И. Рамстедттер осы пікірді қолдап, бұлар Алтай текті тілдер - дейді4.
Кейбір ғалымдар түркі-монғол тілдеріндегі ортақ сөздер (бір) төркіндес болса, бірінен - біріне сөз ауысу болмайды деген ағат пікір айтады. Бірақ, лингвист - ғалымдар түркі, монғол халқының тарихын, тілін жан - жақты зерттеп, олардың генеологиялық туыстығын нақты ашып Алтай семьясы тілдер теориясын іс жүзінде дәлелдеп, түркі, монғол тілдерін Алтай семьясына жатқызады. Ғалымдар түрік тілдерінің шығу тарихын бес - алты дәуірге бөледі5. Қазақ ССР тарихы6. Бұл тарихи дәуірдің бөліністерді құптай отырып, біз мынандай бірнеше дәуірге бөліп қарастырдық:
1 Алтай дәуірі б.з.б. III ғасырға дейін Қазіргі түркі тілдері: монғол, тұнғұс, манжор тілдерімен бірге өмір сүрген.
2 Хун дәуірі б.з.б. IV б.з V ғ. Хун империясы Орта Азия, сонау Алтайдан Батыс Еуропаға дейінгі түркі, монғол, тұнғұс, манжор, угро-финдерді түгелдей билеген кезде батыс хун (қыпшақ), оғұз, қарлұқ/ шығыс хун тілдері болып ыдырай бастады.
3 Көне түркі дәуірі V - IХ ғ. түркі, монғол, т.б. тілдер бөлініп шыққан. Көне түркі жазбасы (Орхон-Енисей) т.б. кең тараған. «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштері жазылды.
4 Орта түркі дәуірі IХ - ХV ғ. қазіргі түрік тілдерінің негізі қаланды. ХI ғ. М. Қашқаридің тілдерді салыстырған «Диуани лұғат ит түрік» - атты 3 томдық еңбегі жазылды.
5 Жаңа дәуірінде қазіргі түркі тілдері халықтық тіл болып қалыптасып: қазақ, чуваш, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай, ұйғыр, тоба, түрікпен, татар, түрік, соха, хакас, т.б. яғни, қазақ тілінің түрік тектес басқа тілдерден біржола бөлініп шыққан кезі. Осы деректерден біз түркі (қазақ) монғол тілдерінің қай дәуірде (қай кезде) бір-бірінен алшақтап кеткендігіне көз жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |