«Шоңның» деген сөз қазақта жоқ. Абайға жүгінеді:-Қазақта «шоң» деген кісі аты да бар. Кісі болғанда Шоң, Торайғыр деген ағайынды екеуі бірдей суырылған шешен. ...Ал сол «шоң» деген сөздің түп төркіні, мен білсем, қазақ сөзі емес. Мына Ұлы жүз, Үйсін ақындарының шешендерінің ескі ырғантарында да ұшырап отырады. Осы сөздің асыл түбі қырғыздан ба деп топшылаймын» - деп жауап береді6. Ш. Уәлиханов келтірген «қалып» сөзі «халық айтса, қалып айтпайды» - деген мақалдың құрамында кездеседі. Демек, «қалып» сөзі қырғыз тілінде «өтірік» деген ұғымды береді, олай болса «халық айтса, өтірік айтпайды» - деп түсіну қажет. Инек үй (сиыр деген мағынада қолданылған) дейді, ал «Орхон - Енесей және көне ұйғыр жазба және ескерткіштерінің тілі» деген еңбекте (сиыр інгек) деп түсінік берілген. Сондықтан, қырғыз тіліндегі «инек» сөзінің бәлендей айырмашылығы жоқ1. Махмұт Қашқари сөздігнде (сувалды): Әу, сувалды-сиыр, суалды - деп берілген «әу» сөзі қазіргі қазақ тіліндегі шақыру одағайы «әукім-әукім» сөзінің құрамында сақталған. Ал, қырғыз тіліндегі «инек үй» - дің құрамындағы «үй» сөзі басқадай мағына алып, қазақ тілінде «үй» (там) деген ұғымды берген. Бұл арадағы сөз басындағы и әрпімен жазу көне түркілік әдіс. Кейіннен оғыздар мен қыпшақтар а және ж әрпіне алмастырып айтатындығын келтіреді2;3. Бұған қосымша О.Сүлейменовте қызықты деректер бар. «Значит киргизское уй – «корова» предшествовало древнетюркскому уд – корова»? Но киргизские нормы не отразились в письменности ранненого средневековья. Как это посчасливилось наречию племени, выдвинувшего из своей среды кагана, чей диалект и стал литературным языком его империи. ... Нынешние алтайские тюрки поймут древнетюркские тексты лучше, чем анатолийцы среднеазиаты. На алтае продолжают называть корову - «уд», - «ут». И «удьмадым» - «я не спал»4. Ш. Айтматовтың «И дольше века длится день» деген романында: «Манкурт резко отпрянул, отодвинулся, схватился рукой за шапку и больше не смотрел на мать»5 жол бар. Осы жолдағы «мәңгүрт» қырғыз сөзіне назар аударып көрелік. Бұл туралы М. Шаханов: «Сөйтіп, ғаламдық сөздік қорға «мәңгүртизм» деген ұғыматауын қостыңыз» - деп сұрақ қоймай ма?1 М-Ж. Көпеев («Ай мен күндей; Һәммаға бірде», - демегенінің мағынасы» - деген шығармасында: «Мұнам көңілі мүңкір болды...» немесе «Анығында мүңкірт қылу һәм хадис құлыс екендігі...» - деген жолдар бар. «Мүңкір», «мүңкірт» сөздері қырғыздың «мүңгүрт» сөзіне жуық мағынада қолданылады. Қазақ тілінде: мығқыт // мыңқырт / /қырт деген сөздер қолданылады. Мүңкір - араб сөзі: «жаман» мағынасын береді2.
Абай өлеңіндегі:
Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қиналмай, қызыл тілім, кел, тілді ал, қой.
Достарыңызбен бөлісу: |