«Бәңгі»: «меңіреу, көкми деп түсінік берілген»3 бізше «бәңгі» мәңгі сөзінің баламасы. Қазақ тілінде ұяң б дыбысымен үнді м дыбысы ауыса береді. Демек, қырғыз сөзі мәңгүрт// бәңгі шығу тегі бір деп білеміз. Гүрт //гірт//қырт аузына келгенді айтатын кісі/ Сен бір қырт екенсің деп жатады. Олай болса, қырғыз сөзі мәңгүрт көне түркі сөздерінің бірі ме деген ой келеді. М - Ж. Көпеев өлеңдерінде :
Шақырған сізді сонда тәңірім қалап,
Бас қосып журдіңіздер өңшең манап (151).
«Шонтыбай қажы» дастанынан алынған бұл мысалда4 «манап» сөзі қырғыздың сөзі қолданылған. Себебі, Ш.Уәлиханов: «Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Орда:әміршілер (манаптар) және жай халық (қара бұқара) деп қоғамдық екі топқа бөлінеді» - деп анықтама береді5. М - Ж. Көпеев шығармаларында кездесетін «ұзын» сөзі де қырғыздардан ауысқан болуы. Олар ауызекі сөйлеу тілінде ұзын сөзін паидаланады. М - Ж. Көпеевтегі: Ұзын түн зығырланам, қайнауменен /26/, Зарланған ұзын түндер мүнәжәтім /26/, Ұзын түн ұйқы көрмей, жүдеп, азып /24/, Зарлаймын ұзын түн көремін деп /26/, Жатырсың бір қараңғы ұзын түнде /32/, Атам деп қорқытады мылтығы ұзын /30/, Таусылмайтын үші жоқ ұзын ойын /51/, Ұзын деумен етегім өтті өмірің /51/ т. б. М - Ж. Көпеевтің оңтүстік өңірде жүргенде қабылдаған сөздері болуы мүмкін. Басқа қазақ ақын - жырауларда бұл сөз ілеуде - біреу ғана кездеседі. Жалпы, ұзын сөзін поэтикалық жанырда қолдануда М - Ж. Көпеев алдына жан салмайды. Демек, бұндай қолданыс тек қала М - Ж. Көпеевке ғана тән стиль ерекшелігі деп ұғынамыз. О.Субракова Хакас тілінің кейбір архайізімдік этимологиясына мән береді. Мысалы, чаргак, уп, ирбек, чохсағ, сабра т. б. олардың шығу тегін монғол, бурят т. б.түрік тілдерімен салыстыра зерттейді1.
Бұндай этимологиялық зерттеу М.Томанов2, Мұқтар Құл-Мұқамет3, Ә.Н.Нұрмаханов4 еңбектерінен де ұшыратуға болады. Қырғыздардың «Манас» жырында:
Басынан айыра шапты дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |