Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет28/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Бақыттың баянсыздығын
дәулеттің тұрақсыздығын баян етеді
Жүзеге асты Айтолдының тілегі...
Құт қартайды – жығылды енді тірегі.
Бір білімдар айтқан екен солайша:
«Дәмі кетер ас-ауқатың молайса».
Бір білімдар айтқан екен толғаммен:
«Жас қартайды байлық түгел болғанмен».
Өте жақсы сөз айтқандар – дана ғой,
Оның сөзі – надандарға сана ғой:
1035. «Құлар – тұрар және құлар барша адам, 
Жанған – сөніп, дем алады шаршаған.


99
Барлық істі бақсаң – құның артады
Құритұғын құрдымға өзі тартады.
Бұл Айтолды бар тілекке жетіпті,
Бітіп өмір, байлықты тұл етіпті.
Жеміріліп, сөніп тынды толған ай*, 
Жаздың шуақ қақаған қыс болғаны-ай!
Төрт болмысы ішінідегі қармасты,
Бірі жеңіп, үшеуін де сол басты*.
1040. Ас бәле боп, аш қарыны қабысты
Көңіл азып, кесел қатты жабысты.
Тән де тозды, қуатты алып әлде не, 
Бүкірейді тал шыбықтай сән дене.
Қатты кесел алып ұрды – құлады, 
ЬІңыранды, тар төсекте жылады.
Тәуіптер кеп, көк тамырын басады, 
Кесел жайлы жорамалдар жасады.
Біреу айтты: «Қан тасыған, халайық, 
Қан тамырын тіліп, қанын алайық!»
1045. Біреу айтты: «Байқамастан бір күні 
Іші қатқан, ішкізейік сүргіні!»
Берді біреу гүл суының қоспасын,
Енді біреу – езген жүзім тоспасын.
Қанша жасап, берді талай дәрісін, 
Анаусын да, мынаусын да – бәрісін.
Кесел күнде қинай берді жанды енді, 
Әлсіреді ауру еетен танды енді.


100
Тыңда, депті бір тақуа милы адам
Бойы таза, ел ішінде сыйлы адам:
1050. «Шалиса бер, тарияқтың нәрін бер, 
Митридус, өгіт, чурни – бәрін бер*.
Әкел емші, бақсы.., тағы сондайды, – 
Өлетінге ешбір емің қонбайды.
Қамсыз болма, жүрсең тірі пішінде,
Сен де барсың өлетіндер ішінде».
Патша халін Айтолдының есітті,
«Ауру – өлім хабаршысы» десіпті.
Айтолдыға патша келіп тұрады,
Халін көріп, ахуалын сұрады.
1055. Айтты патша; «Көңіл, ұйқы, хал қандай? 
Түрің сұлық, бар көңілің қалғандай!»
Айтты Айтолды; «Міне, Құдай қыстады, 
Бір емі жоқ ауру келіп ұстады.
Толғанда ісім, енді азайды толғаным, 
Көзден ұшты сау-саламат болғаным.
Күн күлетін мен үшін таң атқандай,
Енді күнім батып бара жатқандай.
Шат күндерім қашып кетіп барады,
Қу дүние енді теріс қарады.
1060. Шаттық, арман, байлық... ұшып жоғалды, 
Азап, қайғы... енді маған со қалды.
Ажырасам енді сендей ұлыдан,
Өліп барам өкінішпен ұлыған».


101
Тыңда, дана не дер екен ел бегі 
Ең тәуірі кісілердің елдегі:
«Қандай жақсы келсе бақыт ілесіп, 
Жүрсе бірге жөнеп бермей жел есіп.
Қандай жақсы бектің ісі бұ шақта,
Аман жүрсең, алмаса өлім құшаққа.
1065. Қандай ғажап жігіттік кез болды аса, 
Жүрсең әділ, еш қартаю болмаса».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет