Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Өгдүлміш патшаға қызметшілердің хақын



Pdf көрінісі
бет52/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміш патшаға қызметшілердің хақын 
ақтау үшін бектердің не істеу керек екендігін айтады
Айтты Өгдүлміш: «Бектер білсе – жарайды,
Құлдың ісі қызыметке қарай-ды.
Қызыметкер ішер-жерін қоса алсын,
Іс қыларға жағыдайы жасалсын.
2920. Бұл қызымет – ауыр, жейді кажырын,
Білу керек бектер оның қадірін.
Құлы бектің сүйсінгенін қалайды,
Жанын салып құрбандыққа балайды.
Аш, жалаңаш шыдар аяз, аптапта,
Жау балталап, шабақтаса, таптап та.
Алдын, артын, оңын, солын айналып,
Құлы жүрер бектің қамын ойланып.
Қалқан болып жау жақта міз бақпайды,
Өзі өлсе бек өмірін сақтайды.
2925. Шат көңілін бектің Хақтан сұрады,
Күндіз-түні содан алас ұрады.
Құл еңбегін бегі өтесін, төлесін,
Қадір тұтып, қуанышка бөлесін.
Уч Орданың ханы не дейд – қарашы*,
Адал, таза, елдің ерек сарасы:
«Болсаң елге сен ұлы бек, – әсте ерле,
Қызыметші кұлды биік қастерле.
Бектің қолың құл ұзартар, оңдырар,
Елді өсіріп, бай кентке қондырар.


248
2930. Болса бегі текті жердің бұласы, –
Құлқын езгі қылатұғын құл – осы!» 
Бер, падишам, ізгі жұртқа қол ұшын,
Бұл ізгілік – бір Алланың жолы шын.
Шындық жолы, бұл – ізгілік, білесің,
Еңбек еткен – алсын тиер үлесін.
Құл үміт қып бек есігін ашады,
Оны ақтамай – бектен бедел қашады.
Көрсін барып бек кұлдарын аралап, –
Пайдалысы, пайдасызын саралап.
2935. Пайдалыға тартсын сыйын кесек қып,
Берсін ақы еңбегіне есеп қып.
Ей, бек, кісі малдан жаман емес-ті.
Мұны білген кісі ақысын жемес-ті!
Кісі әуелі малдың берер тамағын,
Пайда содан көрер сынап о бағын.
Жылы сөйлеп, бек сый берсе – сияды,
Сонда құлы бекке жанын қияды.
Мейір төгіп, сонда құлы исінер,
Өзін қинап, бек қамын жеп, сүйсінер.
2940. Дана кісі айтқан екен ілімнен, 
Адам қолы ұзарады біліммен:
«Кісі жанын жақсылыққа береді, 
«Бір игі іске – он жақсылық» – дер еді.
Пайда көрсе адам соған құл болып
Бейнет тілеп ыңғайына ереді!» 


249
Ердің сыйы еңбегіне қарай-ды, 
Жыртық – бүтін, аш – тоқ болса жарайды.
Бек кім өзі? – патшам, соны атағын, – 
Ол жоймаса құлдың «кедей» атағын?
2945. Қария айтар, зер сал сөзге, үгітке, 
Қарттың сөзі көз болады жігітке:
«Сіңсе еңбегің біреуге ауып бар ынта, 
Кісілік боп қайтады екен қарымта.
Кісі еңбегін білмейтінді, қарағым, 
«Кісі» демей, «мал екен» деп қарағын!»
Екі түрлі кұл болады жігіттер: 
Біреуі – азат, бірі – содан үміткер.
Құл еріксіз шықпас құлдық шегінен, 
Онсыз таяқ жейді өзінің бегінен.
2950. Азат басын кұл қып келсе бір адам, – 
Ел қиналмай жұмыс табар бұрадан.
Азат кісі – жақсылықтың құлы бір, –
Аш есігін ізгіліктің жылы бір.
Басы боспен кұл тең емес қу маңдай, 
Құлды – құлша, азатты тұт имандай.
Бек есігі – рахаттың қақпасы,
Өз пайдаң ғой – соны күтіп, сақташы!
Құл байыса – бекті мақтар ән қылып,
Оқып дұға, аты қалар мәңгілік.
2955. Бек пен кұлдың қатынасын қарашы, –
Сатушы мен алушыдай арасы.


250
Бірі – сатып, бірі – алатын кісі еді,
Сатылған зат айналымға түседі.
Ай, жыл өтіп – пайда түсер шаш етек,
Ол екеуі бөлісіп ап паш етед.
Біреуі – бек, біреуі – құл десек те,
Екеуінің ортақ ісі – есепте.
Бек береді сөздің төгіп маржанын,
Құл салады қызыметке бар жанын.
2960. Қылыш шауып құл қылады ұлы істі,
Жаулап алар ел, кентті, ұлысты.
Жау мойынын үзіп, салар ұрысты,
Үстей түсіп қазына-мал, ырысты.
Мұңың бәрі пайда әкелер, ей, бегім,
Пайда әкелсе – сыйлау керек еңбегін.
Ал, тыңдайық кезек беріп сөзге енді,
Пайда көздеп жер-дүние кезгенді:
Пайдалы құл жақын болар ұлыңнан,
Пайдасыз ұл – жау ғой жаман құлыңнан.
2965. Бар тірі жан пайда көздер – істесе,
Ашуы үйінен шықпас пайда түспесе.
Әскер – сенің қанат, құйрық, үлесің.
Құс қанатсыз ұшпайды ғой, – білесің!
Әскерімен бек күш алар тиімді, 
Сонымен шешер неше түрлі түйінді.
Ер азамат жиылса егер ұран боп, 
Бек билейді жұртты сайып қыран боп.


251
Ерлік – өнер өтесе бек парызын, 
Іске асырар бек тілеуін, арызын.
2970. Мың бір түмен ерлік өнер менгерген 
Бектер жаулап, жер-жаһанды өңгерген.
Ерлік өнер үйрен, ұлым, әр ізді, 
Ерлік өнер аққу құсы тәрізді.
Өнер жолы құс жолындай болатын,
Кел, жаттап ал, бұл өнердің сол атын!»
Тыңда қане, ақ шашты әзиз не депті, 
Қарт кісі ғой сөз айтатын әдепті:
«Өнер, білім білген нұрға бөленер, 
Беделіңді биіктетер ол өнер,
2975. Білім біліп, оқып үйрен – бос жүрме, 
Бұл еңбегің күні туып еленер!» 
Айтты патша тыңдап сөзден нәр алған: 
«Ей, данышпан, текті атадан жаралған!
Мәнін аштың кісіліктің шынайы, 
Осы жол ғой – әділ жанның шын ойы.
Ел билеймін, мен айтайын бұ зарды
Сөзім заң боп, міне, қолым ұзарды.
Мәз емеспін бұ бектікке – білерім, 
Тек қанағат, тыныш өмір – тілерім.
2980. Келген жандар менін қолым астына
Мендей бай боп, менен күші ассын да!
Бек қуанар күні ертеңгі мақсатпен,
Дұға оқылып, кетсем екен жақсы атпен!


252
Бар қазына, алтын күміс – бұл есте,
Көп әскерге беру үшін үлесте.
Жақсы ат тілеп елге берем – жақтасын,
Дұға оқыңдар, атымды Алла сақтасын.
Бар тілегім: менен жұмыс алған бар,
Байыса екен солар, кейін қалғандар.
2985. Мен кетемін – салар өлім бұғалық.
Дұға оқитын қалады ғой бұ халық!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет