Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Жеті планета мен он екі шоқжұлдыз



Pdf көрінісі
бет9/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Жеті планета мен он екі шоқжұлдыз
120. Алла атымен бастадым бұл сөзімді 
Ол жаратып, берген бізге сезімді.
Бар әлемді ол жаратты парық қып,
Күн мен айды дүниеге жарық қып.
Шыр айналтып соқты әлемді көз көрер, 
Соған қарай тағдыр біткен өзгерер.
Жасыл көкке сансыз жұлдыз мінді де, 
Жаратты Алла жарық күнді, түнді де.


26
Көп жұлдыздар безек салар өрнекті,
Бәрі айналып, зер төгеді көрнекті.
125. Бұ халыққа пайдалы ғой зады аспан,
Жол көрсетер адамдарға адасқан.
Бар төмені, биікке жол ашары,
Жарығы бар, бар ғой одан нашары.
Жүр Секентір ең жоғары иінде,
Отыз екі ай тұрар сол үйінде [1].
Одан төмен Оңай [2] тұрар тапжылмай,
Бір орнынан қозғалмайды тап жылдай.
Көрүд [3] келіп айқай-сүрен салады,
Ол қараса – көкөністер солады.
130. Йашық [4] сосын, жарық берген бұ дейді
Жақын жүрсе жарық күші үдейді.
Севіт [5] келер жүзі тартып көзіңді,
Сүйе қарап қуантады өзіңді.
Тілек алып Арзу [6] келер ойланып,
Жақын келсе қалады екен байланып.
Ең төмені Йалчық [7] деген болады,
Күнге қарсы келген кезде толады.
Он екі шоқжұлдыздары не күйде;
Олар тұрар бір үйде не екі үйде.
135. Қозы [1] – көктем, үд [2] келеді тақымдап
Ерендізге [3] Қучық [4] жүрер жақындап.
Ер Арслан [5] Бұғдай башын [6] көріп тұр,
Үлгү [7], Чадан [8], Йа [9], бұлар – серіктер.


27
Оғлақ [10], Көнек [11], Балық [12] келіп толады
Олар туса, аспан жарық болады.
Көктем және жазғы жұлдыз – үшеуден,
Күзгі және қысқы жұлдыз – үшеуден.
От – үшеуі, су – үшеуі, үш – һауа,
Топырақ – үш, бар әлемге бұл – дауа [20]!
140. Өзара жау бұлар әсте түтісер,
Бірақ қарсы келгенде олар бітісер.
Қосылмайтын жау болса да – жарасар, 
Көріспейтін жау боп тыныш тарасар.
Бұларды әкеп қиыстырып арасын,
Бір Алла ғой тауып берген жарасым.
Айттым біраз: сыры ғой бұл – ілімнің,
Ақыл, ұғым – кереметі білімнің!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет